Бурабай ұлттық паркі
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қыратының шығысындағы таулы-орман сілемін алып жатқан табиғи саябақ.
Саябақ 2000 жылы ұйымдастырылды. Бұл қорықтық аумақтың қайта тууы. 1935 жылы шамамен осы жерде "Бурабай" қорығы құрылды, алайда ол 1951 жылы жұмысын тоқтатқан еді.
| Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы | |
![]() | |
| ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 129 299 га |
| Құрылған уақыты | 12 тамыз 2000 жыл |
| Басқаратын ұйым | ҚР Президентінің Іс Басқармасы |
| Сайты | http://parkburabay.kz/ |
| Орналасуы | |
| 53°05′00″ с. е. 70°18′00″ ш. б. / 53.0833° с. е. 70.3° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°05′00″ с. е. 70°18′00″ ш. б. / 53.0833° с. е. 70.3° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Бурабай ауданы |
Геологиясы, жер бедері мен су жүйесі
Көкшетау қыраты ең көне кембрийге дейінгі кезең мен палеозой кезеңінің жыныстарынан түзілген. Кембрийге дейінгі кезең (600 миллион жылдан астам уақыт бұрын) негізінен гнейс, кварц және кристалл қатпарларды қамтиды. Оқжетпес, Бүркіт, Жұмбақтас, Бура, Жеке батыр секілді жел қажаған тау жыныстары алуан түрлі. Олар мұнараларға, бекініс-қорғандарға ұқсайды.
Шығыстан бастап тау қыратына қарай ойлы-қырлы жер бедері биік жоталармен іркес-тіркес жатыр. Саябақта көрікті көлдер өте көп. Олардың ішінде тұщы көлдер – Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Жөкей және ащы – Тасшалқар, Қотыркөл, Кіші Шабақты ерекше көзге түседі. Үлкен Шабақты мен Кіші Шабақтының ортасындағы шағындау ғана Майбұлақ көлі айрықша назар аудартады. Бурабайдан оған дейінгі жол бойы өте көрікті. Сол жақта тау беткейлерін орман көмкеріп тұрса, оң жақта ағаш-ағаштың арасынан Үлкен Шабақты көлінің көгілдір суы жарқырап көрінеді. Бұл көлдің суының емдік қасиеті бар.
Шағын өзендерден Сарыбұлақ пен Громоваяны атап айтуға болады. Оларды негізінде бұлақ деген жөн болады. Саябақта мөлдір бастаулар өте көп.
Климаты
Саябақ климаты континенталды. Ауаның орташа жылдық температурасы – 1-2°С, температураның абсолюттік минимумы – минус 51°С, абсолюттік максимумы – плюс 41°С. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 125 тәулiк.
Флорасы
Саябақ Қазақстанның далалық ландшафт зонасында орналасқан. Онда өсімдіктің 757 түрі бар, оның 95-і сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсмдіктер болып есептеледі. Бірақ ең көз тартарлығы – қарағай орманы. Әдетте олар граниттi сiлемдерде, кейде төбелер мен бөктерлердегi кварц қатпарларында өседі.
Саябақтың жер алқабы түрліше: тасты-қыналы жерлер, шөпті-мүкті жерлер және қайың мен көктерегі басым болып келетін барынша ылғалды ойпатты жерлер. Салыстырмалы түрде саябақта бұталар аз десе де болады. Олар: арша, тобылғы, итмұрын, қызыл тал, тал, таңқурай және қарақат. Жас қарағайлы орманда шөп сұйықтау, ал ойпат жерлерде қалың өседі.
Өсімдіктердің солтүстік түрлері – қырыққұлақ, қырықбуын, плаун, қияқөлең, бүлдірген, итбүлдірген, кейде тіпті мүкжидек кездеседі.
Ағаштардың діңі мен жартастарды қына, ал тым ылғалды жердегілерін жасыл мүк жапқан. Санамалап айтылған өсімдіктердің бір бөлігі Қызыл кітапқа енген.
Шортанды көлі ауданында сиректеу болса да қара қандағаш өседі. Осы сияқты шәңгіш пен мойыл да сирек ұшырасады. Кейбір батпақты жерлердегі торфтың қалыңдығы үш метрге дейін жетеді.
Фаунасы
Саябақта омыртқалылардың 305 түрі бар деп есептеледі. Олардың ішіндегі 87-сі – сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлері. Мұнда бұлан, сібір елігі, қабан көп таралған. Аралға будандастырылған аксанийлік асыл тұқымды бұғы әкелінген.
Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені, сілеусін, аққалақ, сусар және борсық тіршілік етеді. Америкалық қара күзен де ойдағыдай жерсініп кетті.
Жәндік қоректілерден әдеттегі және құлақты кірпі, жертесер бар. Кеміргіштерден аққоянды, ор қоянды атауға болады, ақ тиін, көптеген сұр тышқан, тышқан, егеуқұйрықтар жерсіндірілді. Жарқанат – бұл жердің байырғы тұрғыны.
Саябақта құстың екі жүзден астам түрі бар. Жыртқыш құстардан қаршыға, ителгі, тазқара, бүркіт, күйкентай, қырғи, үкі және құлақты жапалақ мекендейді. Әдетте мұнда көк қарға, мысықторғай, көкек, сайрауық, тоқылдақ, сары шымшық, орман кептері, сауысқан және қаратаған тіршілік етеді.
Көлдерде мекендейтіндер – қоңыр қаз, бізқұйрық, барылдауық, көк алаүйрек, қасқалдақ, көкқұтан, сұқсыр үйрек, балшықшы, шағала.
Бауырымен жорғалаушылар – улы сұр жылан, сары бас жылан, кесіртке, сары бауыр қара шұбар жылан.
Қосмекенділер – жасыл құрбақа, бақа. Көлдер алабұға, қара балық, аққайран, шортан балықтарына бай.
Жәндіктердің түрі бірнеше мыңдап саналады. Олар әлі жеткіліксіз мөлшерде зерттелген. Кейбір жәндіктер Қызыл кітапқа енгізілген.
Елік жөнінде сәл тоқтала кетейік.
[Көктемде күйге түсу кезінде еліктің текесі қатты ақырып біреуді шақырғандай дыбыс шығарады. Оны біле бермейтін адам жақын маңдағы хайуанаттар бағынан қашып шыққан арыстанның ақырғаны екен деп ойлап қалуы да мүмкін. Елік өз бақталасын осылайша жекпе-жекке шақырады. Елік сияқты әдемі жаратылыс кісі қорқарлық осындай дауыс шығарады дегенге сене қоюдың өзі қиын.
Ұлттық саябақта көптеген шипажайлар, демалыс үйлері, туристік базалар бар. Бурабай шипажайы аса кең көлемде пайдаланылады. Ұлы Отан соғысы кезінде, 1941–1944 жылдары бұрынғы КСРО-ның көптеген көрнекті ғалымдары осы жерден жайлы пана тапқан.
Бурабай шипажайында асқазан, буын ауруларынан және басқа да сырқаттардан ем алып шығады.
Дереккөздер
- АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Бурабай ұлттық паркі туралы ақпарат, Бурабай ұлттық паркі дегеніміз не? Бурабай ұлттық паркі сөзі нені білдіреді?
Burabaj memlekettik ulttyk tabigi sayabagy Kokshetau kyratynyn shygysyndagy tauly orman silemin alyp zhatkan tabigi sayabak Sayabak 2000 zhyly ujymdastyryldy Bul koryktyk aumaktyn kajta tuuy 1935 zhyly shamamen osy zherde Burabaj korygy kuryldy alajda ol 1951 zhyly zhumysyn toktatkan edi Burabaj memlekettik ulttyk tabigi sayabagyHTҚO sanaty II Ұlttyk park Zhalpy maglumatAudany129 299 gaҚurylgan uakyty12 tamyz 2000 zhylBaskaratyn ujymҚR Prezidentinin Is BaskarmasySajtyhttp parkburabay kz Ornalasuy53 05 00 s e 70 18 00 sh b 53 0833 s e 70 3 sh b 53 0833 70 3 G O Ya Koordinattar 53 05 00 s e 70 18 00 sh b 53 0833 s e 70 3 sh b 53 0833 70 3 G O Ya T El ҚazakstanAjmakAkmola oblysyAudanBurabaj audanyBurabaj memlekettik ulttyk tabigi sayabagyBurabaj memlekettik ulttyk tabigi sayabagyBurabaj memlekettik ulttyk tabigi sayabagy OrtakkordaGeologiyasy zher bederi men su zhүjesiKokshetau kyraty en kone kembrijge dejingi kezen men paleozoj kezeninin zhynystarynan tүzilgen Kembrijge dejingi kezen 600 million zhyldan astam uakyt buryn negizinen gnejs kvarc zhәne kristall katparlardy kamtidy Okzhetpes Bүrkit Zhumbaktas Bura Zheke batyr sekildi zhel kazhagan tau zhynystary aluan tүrli Olar munaralarga bekinis korgandarga uksajdy Shygystan bastap tau kyratyna karaj ojly kyrly zher bederi biik zhotalarmen irkes tirkes zhatyr Sayabakta korikti kolder ote kop Olardyn ishinde tushy kolder Burabaj Shortandy Үlken Shabakty Zhokej zhәne ashy Tasshalkar Қotyrkol Kishi Shabakty erekshe kozge tүsedi Үlken Shabakty men Kishi Shabaktynyn ortasyndagy shagyndau gana Majbulak koli ajryksha nazar audartady Burabajdan ogan dejingi zhol bojy ote korikti Sol zhakta tau betkejlerin orman komkerip tursa on zhakta agash agashtyn arasynan Үlken Shabakty kolinin kogildir suy zharkyrap korinedi Bul koldin suynyn emdik kasieti bar Shagyn ozenderden Sarybulak pen Gromovayany atap ajtuga bolady Olardy negizinde bulak degen zhon bolady Sayabakta moldir bastaular ote kop KlimatySayabak klimaty kontinentaldy Auanyn ortasha zhyldyk temperaturasy 1 2 S temperaturanyn absolyuttik minimumy minus 51 S absolyuttik maksimumy plyus 41 S Ayazsyz kezennin uzaktygy 125 tәulik FlorasySayabak Қazakstannyn dalalyk landshaft zonasynda ornalaskan Onda osimdiktin 757 tүri bar onyn 95 i sirek kezdesetin zhәne zhogalyp bara zhatkan osmdikter bolyp esepteledi Birak en koz tartarlygy karagaj ormany Әdette olar granitti silemderde kejde tobeler men bokterlerdegi kvarc katparlarynda osedi Sayabaktyn zher alkaby tүrlishe tasty kynaly zherler shopti mүkti zherler zhәne kajyn men kokteregi basym bolyp keletin barynsha ylgaldy ojpatty zherler Salystyrmaly tүrde sayabakta butalar az dese de bolady Olar arsha tobylgy itmuryn kyzyl tal tal tankuraj zhәne karakat Zhas karagajly ormanda shop sujyktau al ojpat zherlerde kalyn osedi Өsimdikterdin soltүstik tүrleri kyrykkulak kyrykbuyn plaun kiyakolen bүldirgen itbүldirgen kejde tipti mүkzhidek kezdesedi Agashtardyn dini men zhartastardy kyna al tym ylgaldy zherdegilerin zhasyl mүk zhapkan Sanamalap ajtylgan osimdikterdin bir boligi Қyzyl kitapka engen Shortandy koli audanynda sirekteu bolsa da kara kandagash osedi Osy siyakty shәngish pen mojyl da sirek ushyrasady Kejbir batpakty zherlerdegi torftyn kalyndygy үsh metrge dejin zhetedi FaunasySayabakta omyrtkalylardyn 305 tүri bar dep esepteledi Olardyn ishindegi 87 si sirek kezdesetin zhәne zhogalyp bara zhatkan tүrleri Munda bulan sibir eligi kaban kop taralgan Aralga budandastyrylgan aksanijlik asyl tukymdy bugy әkelingen Zhyrtkyshtardan kaskyr tүlki karsak dala kүzeni sileusin akkalak susar zhәne borsyk tirshilik etedi Amerikalyk kara kүzen de ojdagydaj zhersinip ketti Zhәndik korektilerden әdettegi zhәne kulakty kirpi zherteser bar Kemirgishterden akkoyandy or koyandy atauga bolady ak tiin koptegen sur tyshkan tyshkan egeukujryktar zhersindirildi Zharkanat bul zherdin bajyrgy turgyny Sayabakta kustyn eki zhүzden astam tүri bar Zhyrtkysh kustardan karshyga itelgi tazkara bүrkit kүjkentaj kyrgi үki zhәne kulakty zhapalak mekendejdi Әdette munda kok karga mysyktorgaj kokek sajrauyk tokyldak sary shymshyk orman kepteri sauyskan zhәne karatagan tirshilik etedi Kolderde mekendejtinder konyr kaz bizkujryk baryldauyk kok alaүjrek kaskaldak kokkutan suksyr үjrek balshykshy shagala Bauyrymen zhorgalaushylar uly sur zhylan sary bas zhylan kesirtke sary bauyr kara shubar zhylan Қosmekendiler zhasyl kurbaka baka Kolder alabuga kara balyk akkajran shortan balyktaryna baj Zhәndikterdin tүri birneshe myndap sanalady Olar әli zhetkiliksiz molsherde zerttelgen Kejbir zhәndikter Қyzyl kitapka engizilgen Elik zhoninde sәl toktala ketejik Koktemde kүjge tүsu kezinde eliktin tekesi katty akyryp bireudi shakyrgandaj dybys shygarady Ony bile bermejtin adam zhakyn mandagy hajuanattar bagynan kashyp shykkan arystannyn akyrgany eken dep ojlap kaluy da mүmkin Elik oz baktalasyn osylajsha zhekpe zhekke shakyrady Elik siyakty әdemi zharatylys kisi korkarlyk osyndaj dauys shygarady degenge sene koyudyn ozi kiyn Ұlttyk sayabakta koptegen shipazhajlar demalys үjleri turistik bazalar bar Burabaj shipazhajy asa ken kolemde pajdalanylady Ұly Otan sogysy kezinde 1941 1944 zhyldary buryngy KSRO nyn koptegen kornekti galymdary osy zherden zhajly pana tapkan Burabaj shipazhajynda askazan buyn aurularynan zhәne baska da syrkattardan em alyp shygady DerekkozderALTAJDAN KASPIJGE DEJIN ҚAZAҚSTANNYҢ TABIҒI TARIHI ZhӘNE MӘDENI ESKERTKIShTERI MEN KӨRNEKTI ORYNDARYNYҢ ATLASY 3 tomdyk Almaty 2011 1 t 584 b kartalar suretter ISBN 978 601 280 215 3 ISBN 978 601 280 216 0



