Уикипедия

Құрғақ сүт

Құрғақ сүт — ұзақ мерзім сақталуы үшін кептірілген сүт ұнтағы. Құрғақ сүтті тез арада жоғары температурада дайындап, төл азығы мен адам тағамына ретінде пайдаланады.

Сүтті құрғату тәсілі

Көшпелі дәуірде қазақтар да сүтті түгінен айырылған тері арқылы құрғатқаны туралы Ақселеу Сейдімбек айтады: Теріні түгінен айырудың мұндайда екі-үш түрлі тәсілі қолданылады. Бірі – и салу тәсілі. Тек иі өтіп кетпейтіндей, идің быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі – теріні жібітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырып тастайды. Үшіншісі – сойылған малдың жас терісін ағын суға салып қойса, төрт-бес күнде түгі сыдырылып түсіп қалады. Осындай тәсілдердің бірін қолдану арқылы дайын болған түксіз теріні суға салып, шуашы мен шайырынан айырылғанша әбден сапсып жуады. Ақжемденіп, май-сөлінен арылған тері шүберектей болып тазарған кезде сөреге жая салады. Келесі күні қой-ешкіні қосақтап жібереді де мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше үлкен қазанға құйып, әлгі теріні соған салады да, астына маздатып от жағады. Біраздан соң тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла береді. Қойылған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына тарта береді. Бір мезгілдер болған кезде сүт қойыртпақтанады. Тері болса, ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан, қойылған сүт сарқыла таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Сол бетінде теріні сөреге жайып тастайды. Тері түнімен жел қағып тобарсып, сол күні түске дейін кеуіп-ақ қалады. Түс қайта тағы да қой-ешкі қосақталып, тағы да қазан сүтке толады. Тағы да қазан астына жайнатып от жағып, әлгі сүтсіңді болған теріні тағы да қазанға салып қайната бастайды. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің қалыңдығы бармақ елі болып, өн бо йына уыз сүттің маңызы тұтылады. Мұнан соң, үшінші рет жайылған тері тобарсып кебе бастаған кезде шиыршықтап орайды да, маңызы ұшып кетпес үшін қарынға немесе бүйенге салып, ауызын буып тастайды.

Дереккөздер

  1. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
  2. Ақселеу Сейдімбек, «Шығармалары. Алты томдық», 4-том Астана –2010

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Құрғақ сүт туралы ақпарат, Құрғақ сүт дегеніміз не? Құрғақ сүт сөзі нені білдіреді?

Қurgak sүt uzak merzim saktaluy үshin keptirilgen sүt untagy Қurgak sүtti tez arada zhogary temperaturada dajyndap tol azygy men adam tagamyna retinde pajdalanady Sүtti kurgatu tәsiliKoshpeli dәuirde kazaktar da sүtti tүginen ajyrylgan teri arkyly kurgatkany turaly Akseleu Sejdimbek ajtady Terini tүginen ajyrudyn mundajda eki үsh tүrli tәsili koldanylady Biri i salu tәsili Tek ii otip ketpejtindej idin byrshygan dәmi men otkir iisi terige sinbejtindej boluy kerek Ekinshisi terini zhibitip otyryp otkir ustaramen tүgin kyryp tastajdy Үshinshisi sojylgan maldyn zhas terisin agyn suga salyp kojsa tort bes kүnde tүgi sydyrylyp tүsip kalady Osyndaj tәsilderdin birin koldanu arkyly dajyn bolgan tүksiz terini suga salyp shuashy men shajyrynan ajyrylgansha әbden sapsyp zhuady Akzhemdenip maj solinen arylgan teri shүberektej bolyp tazargan kezde sorege zhaya salady Kelesi kүni koj eshkini kosaktap zhiberedi de mol etip sүt sauady Ol sүtti mүmkindiginshe үlken kazanga kujyp әlgi terini sogan salady da astyna mazdatyp ot zhagady Birazdan son teri salgan sүt shymyrlap kajnaj bastajdy Қajnagan sajyn kojyla beredi Қojylgan sajyn sүttin bar manyzyn takyr teri bojyna tarta beredi Bir mezgilder bolgan kezde sүt kojyrtpaktanady Teri bolsa agara bortip әbden isinedi Sodan kojylgan sүt sarkyla tausylyp endi sargajyp kүjedi au degende ot үziledi de teri kazannan alynady Sol betinde terini sorege zhajyp tastajdy Teri tүnimen zhel kagyp tobarsyp sol kүni tүske dejin keuip ak kalady Tүs kajta tagy da koj eshki kosaktalyp tagy da kazan sүtke tolady Tagy da kazan astyna zhajnatyp ot zhagyp әlgi sүtsindi bolgan terini tagy da kazanga salyp kajnata bastajdy Osy zhagdaj үshinshi ret kajtalanady Sol kezde sүt singen terinin kalyndygy barmak eli bolyp on bo jyna uyz sүttin manyzy tutylady Munan son үshinshi ret zhajylgan teri tobarsyp kebe bastagan kezde shiyrshyktap orajdy da manyzy ushyp ketpes үshin karynga nemese bүjenge salyp auyzyn buyp tastajdy DerekkozderӘ Bajzhumanuly K Bekbolatuly Mal sharuashylygy sozdigi Almaty 2011 ISBN 978 601 7254 21 6 Akseleu Sejdimbek Shygarmalary Alty tomdyk 4 tom Astana 2010

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық