Бекет Мырзағұлұлы
Бекет Мырзағұлұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары – 1813, Оғыланды) — Байұлы тайпасы Адай руының бөлімінен шыққан қазақтың әйгілі батыры, қолбасшы, ағартушысы, ойшылы, сәулетшісі. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген.
| Бекет ата | |
| Бекет Мырзағұлұлы | |
| |
| Туған күні | 1750 |
|---|---|
| Туған жері | Құлсары, Атырау облысы |
| Қайтыс болған күні | 1813 |
| Қайтыс болған жері | Оғыланды, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы |
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | батыр, ағартушы, сәулетші, әулие |
| Әкесі | Мырзағұл |
| Балалары | Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар |
Өмірбаяны
Хиуадағы Бақыржан (Пақыржан) қажыдан оқып, діни білім алған. Хиуадағы Шерғазы хан медіресесін тәмамдаған соң Бекет 21 жасында туған жеріне оралып, Жем бойындағы Ақмешітті тұрғызып, бала оқытқан дейді шежіреші қарттар. Ал 24 жасында Бейнеуде жерасты мешітін салады. Ұлы ұстаз Бақыржан Қожаның таңдауы Бекетке түсіп, сүйікті шәкіртіне батасын беріп, өзі сол жылы мәңгілік сапарға аттаныпты. Сөйтіп, Бекет ата 40 жасында ұстазы Мұхаммад Бақыржан Әзизден бата алып, ислам әлеміне танымал “сопылық жолдың” Пірі болады. Сопы мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған.
Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген.
Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.
Қызметі
Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:
- Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.
- Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.
- Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.
- Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген .
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.
Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітінде жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған.
Мешіті
Бекет-Ата жер асты мешіті Үстіртте Оғыланды манында орналасқан. Мешіт бұталармен толтырылған терең құдықты төменге бағытталған үлкен тастың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жер астындағы мешіттің кіреберісінде шағын алаң бар. Алғашқы бөлмеде жарық күмбезді төбеге оралған тесіктен жарық түседі. Осы бөлмеден шығыс оңтүстік қабырғасында михраб орналасқан намаз залына, сондай-ақ, оның біреуінде Бекет-ата жерленген екі оңтүстік-шығыс бөлмелерге апарады. Мешіт - Қазақстандағы қажылықтың белгілі орындарының бірі. Мешіттің жанында Бекет-атаның бұлақтары мен құдықтары бар.
Бекет ата ескерткіштері — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Эдуард Эверсман, Александр Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған.
Эверсман: «Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда»
- деген. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан.
Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.
Отбасы
Адай атаның алтыншы ұрпағы саналатын Мырзағұл еңбекқорлығымен елінің сыйына бөленген, ал анасы Жәния ақылдылығымен ауыл-аймағының арасында қадірі асқан жандар болыпты. Атасы Жаналы да әділдігімен аты шыққан, қоныстас руларға танымал, беделді ақсақал болған көрінеді. Жаналы мен Мырзағұл да әулие кісілер болған, жалпы Қосқұлақ әулеті зайырлы тұқым деп есептеледі.
Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл.
Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.
Есеттің Бекетке айтқаны
Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр он екі жасар жиені Бекетке:
Үстіңнен дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін.
Ақ пен қараны айырар,
Жауды кері қайырар,
Атыңда айтып тұрғандай дүр боларсың.
Елге шуақ шашып нұр боларсың,
Үш жүзге танымал Пір боларсың..
- деп бата берген екен.
Дереккөздер
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Маңғыстауда Пір Бекет (қаз.).
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- БЕКЕТ АТА МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ (қаз.).
- Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Бекет Мырзағұлұлы туралы ақпарат, Бекет Мырзағұлұлы дегеніміз не? Бекет Мырзағұлұлы сөзі нені білдіреді?
Beket Myrzagululy Beket ata 1750 Қulsary 1813 Ogylandy Bajuly tajpasy Adaj ruynyn boliminen shykkan kazaktyn әjgili batyry kolbasshy agartushysy ojshyly sәuletshisi Halyk әulie tutkan Өzi turgyzgan Ogylandy meshitine zherlengen Beket ataBeket MyrzagululyTugan kүni1750 1750 Tugan zheriҚulsary Atyrau oblysyҚajtys bolgan kүni1813 1813 Қajtys bolgan zheriOgylandy Қarakiya audany Mangystau oblysyҰltykazakҚyzmetibatyr agartushy sәuletshi әulieӘkesiMyrzagulBalalaryBәjteli Zhajlau Togaj Bajniyaz ҚodarӨmirbayanyHiuadagy Bakyrzhan Pakyrzhan kazhydan okyp dini bilim algan Hiuadagy Shergazy han mediresesin tәmamdagan son Beket 21 zhasynda tugan zherine oralyp Zhem bojyndagy Akmeshitti turgyzyp bala okytkan dejdi shezhireshi karttar Al 24 zhasynda Bejneude zherasty meshitin salady Ұly ustaz Bakyrzhan Қozhanyn tandauy Beketke tүsip sүjikti shәkirtine batasyn berip ozi sol zhyly mәngilik saparga attanypty Sojtip Beket ata 40 zhasynda ustazy Muhammad Bakyrzhan Әzizden bata alyp islam әlemine tanymal sopylyk zholdyn Piri bolady Sopy mәrtebesine ielenip balalardy sauattylykka үjretip zherasty kurylymdar saludy bastagan Beket zhastajynan bilmekke kumar bolyp algyrlyk zerektigimen kozge tүsken Ol at zhalyn tartyp mingen on solyn tani bastagan kezdin zhaugershiligi mol bolgan Sodan da el kamy halyk tagdyryna katysty isterge erte aralasyp parasat pajymymen erlik tabandylygymen zhurt kozine erterek tүsken Ol әsirese medrese meshitter saldyrtyp halykty imandylykka kisilikke auyzbirlikke bauluga ajryksha konil bolgen Beket ata saldyrtkan meshitter kүni bүginge dejin birshama tәuir saktalgan Әsirese ozinin sүjegi kojylgan Үstirttin Mangystau zhak ojysyndagy Ogylandy meshiti үsh bolme etip ojylgan kalpy әli tur Bekettin nemeresi Murynnyn mүrdesi de osynda ҚyzmetiKozinin tirisinde onyn kabiletin kyzmeti men zheke basyna tәn zharatylysyn sipattajtyn erekshe tort kasieti bolgan Birinshisi halyktyn tәuelsizdigi zholynda zhaularga karsy kүreske belsene aralaskan batyr Ekinshi gylymnyn kiyn zholymen zhүrip otip balalardy bilim nәrimen susyndatkan agartushy Үshinshi ezhelgi dәstүr bojynsha koptegen eldi mekenderde meshitter men medreselerge arnap gimarattar salgan sәuletshi Tortinshi mүsәpirler men aurularga kol үshin bergen erekshe daryndy atpal azamat zhәne asa manyzdy okigalardy bolzhaj bilgen Beket atanyn bul kasietteri kozinin tirisinde ak el arasynda anyzga ajnalgany sonsha Medinede Mүhammed Tүrkistanda Қozha Ahmet Mangystauda Pir Beket degen soz sol kezde shyksa kerek Sondyktan da onyn el aldynda mәrtebesi biik bolgan sәuegej retinde kurmettep pir tutatyn Halyk mundaj asyl azamatka degen sүjispenshiligi men kurmetin urpaktan urpakka anyz arkyly zhetkizgen Әrine anyzga akikat retinde karauga bolmajdy degenmen Beket atanyn atyna bajlanysty zhazylgan әngimeler onyn omirinen alyngan Қalyn zhauga karsy kol bastap karsy shapkan kaһarmandygymen Beket batyr atangan Shajkastarda Beketke onyn mejrimdilik әdildik siyakty adal kasietterinen tuyndagan bejbitshilikke degen sүjispenshiligi sүjeu bolgan Adam balasyna komektesudi zhәne olarga bilim beru zhaksylyk zhasaudy Beket ata Allanyn bujrygy dep sanagan Beket ata Mangystauda Ogylandydagy oz meshitinde zherlengen Kopshilik Beket atany әulie tutyp kabirine tүnejdi XIX gasyrda Үstirtti zerttegen topograf E Eversman A Dyugamel galymdar sol anyz әngimelerdin negizinde zhinagan derekterin zhazyp kaldyrgan Kenes kezinde M Mendikulov Ә Kekilbaev E Өmirbaev Қ Sydiykov t b zertteushiler zhazgan MeshitiBeket Ata zher asty meshiti Үstirtte Ogylandy manynda ornalaskan Meshit butalarmen toltyrylgan teren kudykty tomenge bagyttalgan үlken tastyn ortangy boliginde ornalaskan Zher astyndagy meshittin kireberisinde shagyn alan bar Algashky bolmede zharyk kүmbezdi tobege oralgan tesikten zharyk tүsedi Osy bolmeden shygys ontүstik kabyrgasynda mihrab ornalaskan namaz zalyna sondaj ak onyn bireuinde Beket ata zherlengen eki ontүstik shygys bolmelerge aparady Meshit Қazakstandagy kazhylyktyn belgili oryndarynyn biri Meshittin zhanynda Beket atanyn bulaktary men kudyktary bar Beket ata eskertkishteri Mangystau Үstirt Zhem bojyndagy Beket ata esimimen bajlanysty zherasty gimarattarynyn ortak atauy Olar turaly halyk zhadynda san aluan anyzdar saktalgan XIX gasyrda Үstirtti zerttegen topograf Eduard Eversman Aleksandr Dyugamel galymdar sol anyz әngimelerdin negizinde zhinagan derekterin zhazyp kaldyrgan Eversman Үstirttegi taudan үngip zhasagan meshitter arab parsy zhazularymen bezendirilgen Mundaj eskertkishti Beket tort zherde zhasagan Onyn biri Mangystaudan kashyk emes Ogylandyda ekinshisi Bejneude үshinshisi Zhem bojynda tortinshisi Aral zhagasyndagy Bayalyda degen Beket ata bul meshit medreselerde kudajga kulshylyk etken bala okytkan El zhadynda kalgan әngimelerde Zhem bojyndagy Akmeshitte Beket ata bala kezin al omirinin songy zhyldarynyn kobin Ogylandyda otkizgen OtbasyAdaj atanyn altynshy urpagy sanalatyn Myrzagul enbekkorly gymen elinin syjyna bolengen al anasy Zhәniya akyldylygymen auyl ajmagynyn arasynda kadiri askan zhandar bolypty Atasy Zhanaly da әdildigimen aty shykkan konystas rularga tanymal bedeldi aksakal bolgan korinedi Zhanaly men Myrzagul da әulie kisiler bolgan zhalpy Қoskulak әuleti zajyrly tukym dep esepteledi Beket ata tort agajyndy Beket Aldabergen Aldongar Mendikul Bes balasy bolgan Bәjteli Zhajlau Togaj Bajniyaz Қodar Esettin Beketke ajtkanyToksannan askan shagynda Eset batyr on eki zhasar zhieni Beketke Үstinnen dүbir ketpesin Қulagynnan sybyr ketpesin Ak pen karany ajyrar Zhaudy keri kajyrar Atynda ajtyp turgandaj dүr bolarsyn Elge shuak shashyp nur bolarsyn Үsh zhүzge tanymal Pir bolarsyn dep bata bergen eken DerekkozderҚazak shezhiresi 2 tom Orta zhүz zhan arys Tenizbaj Үsenbaev Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Mangystauda Pir Beket kaz Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 BEKET ATA MYRZAҒҰLҰLY kaz Atyrau Enciklopediya Almaty Atamura 2000 ISBN 5 7667 9129 1 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H

