Александр Николаевич Радищев
Александр Николаевич Радищев (20(31).8.1749, Мәскеу, - 12(24).9.1802, Санкт-Петербург) – орыс жазушысы, философ, революционер. Пажеск корпусында (1762-66), Лейпциг университетінде (1767-71) оқыды. Оның көзқарасының қалыптасуына француз ағартушыларының, әсіресе К.А.Гельвеций шығармалары ерекше рөл атқарды. 1773 жылдан Петербургте Финляндия дивизиясы штабының обер-аудиторы (заң жөніндегі кеңесші) болды. 1775 ж. отставкаға шықты. 1777 ж. Коммерц коллегияға қызметке орналасты, 1790 жылдан Санкт-Петербург кеденінің басқарушы болды.
Радищев философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыда шеше отырып, дүниені шексіз танып білуге болатындығы идеясын жақтады. Таным – сезіну арқылы, ақыл-ой, тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. «Таным күші» әр қилы болатындығына қарамастан, оның өзі «бөлшектеуге келмейтін, біртұтас» құбылыс болып есептеледі. Материяның басты қасиеті – болмыс, қозғалыс, кеңістік және уақыт. Ойдың материалдық органы – ми; адамның айырым ерекшелігі – сөзі, - деп көрсетті ол. Тарихи процесті Радищев регресс дәуірлері («адасушылық», «құлдық») прогресс дәуірлерімен («ақиқат», «еркіндік») ауысып отыратын айналмалы даму деп қарады. Осыдан келіп ол революция болмай қоймайтын құбылыс деген қорытынды жасады. Адам – қоғамдық қана емес, сонымен қатар белсенді жан иесі. Демек, тарихи процесте адамдар қозғаушы күш болып табылады. Міне сондықтан ол тәрбие мәселелеріне зор маңыз берді, сөз ерекше рөл атқаратын (әдебиет, поэзия, шешендік өнері) атап көрсетті. Сөздің белсенді, өзгертуші, жасампаздық күші туралы «Дүниенің жаралуы» (1779-82 ж.ш.), «Ломоносов туралы сөз» т.б. шығармларын жазды. Радищев тарихи және саяси концепцияларының қорытындысы іспетті «Еркіндік» одасы (1783 ж.ш.) – революцияшыл орыс поэзиясының тұңғышы болды.
80 жылдардың орта кезінен бастап Радищев өзінің басты еңбегі – «Санкт-Петербургтен Мәскеуге саяхатты» жазумен шұғылданды. Бұл шығармасын өз үйіндегі баспаханада 1790 ж. майда басып шығарды. Бұл еңбегінде орыс өмірінің барлық салаларын жайлап алған заңсыздық пен құқықсыздық туралы айта келіп, мұның бәрі самодержавие мен крепостнойлық құрылыс туғызған қырсық екенін тура атап көрсетті. Өмірді өзгертудің бірден-бір дұрыс жолы – халықтық революция арқылы саяси және әлеуметтік қатынастарды толық қирату, самодержавиелік-крепостнойлық құрылысты жою екеніне оқушылардың көзін жеткізе дәлелдеді. Сонымен қатар Ресейде революция үшін әлі қолайлы жағдай тумағанын да атап көрсетті.
Кітап шыққан соң 3 аптадан кейін тергеу басталды. Бұл істі Екатерина ІІ өзі басқарды. Радищев 1790 ж. 30 маусымда Петропавл қамалына жабылды. Сот оны өлім жазасына кесті. Императрица үкімді өзгертіп, Радищевті он жылға Сібірге жер аударды. 1797 ж. Павел І Радищевке Калуга губернаторындағы әкесінен қалған имениелердің бірі – Немцово селосына тұруға рұқсат етті. Александр І патша болғаннан кейін Радищевке «кешірім» берілді. Заң жобаларын жасайтын комиссияға орналасты. 1801- 02 ж. жазған заң жөніндегі еңбектерінде бұрынғы идеяларын жақтап, крепостнойлық құқық бен сословиелік артықшылықтардың жойылуын талап етті. Тағы да жер аударылу қаупі туды. Заңсыздық, құқықсыздық қорлығына наразылық ретінде Радищев уланып өлді.
Радищевтің негізгі шығармалары 1905 жылға дейін тыйым салынған күйінде сақталып келді, олар жасырын көшіріліп, қолдан қолға тарап жүрді («Саяхаттың» 80-ге жуық, «Еркіндіктің» 9 көшірмесі белгілі). Радищев идеялары А.С.Пушкинге, декабристерге, А.И.Герценге, олардан кейінгі орыс революционерлері ұрпақтарына, орыс поэзиясына және орыс әдебиетінде реализмнің дамуына елеулі ықпал етті. Мәскеудегі Радищев атындағы көшеге 1950 ж. ескерткіш орнатылды. Пенза облысының Кузнецк ауданындағы Радищево селосында да (бұрынғы Верхнее Аблязово) Радищев музейі ұйымдастырылды.
Дереккөздер
- “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІХ том
- Ленин В.И., Великоростардың ұллтық мақтанышы туралы, Шығ., 21-т.
- Орлов В.Н., Радищев и русская литература, 2 изд., Л., 1952
- Макогоненко Г.П., Радищев и его время, М., 1956
- Кулакова Л.И., Очерки истории русской эстетической мысли XVIII в., Л., 1968
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Александр Николаевич Радищев туралы ақпарат, Александр Николаевич Радищев дегеніміз не? Александр Николаевич Радищев сөзі нені білдіреді?
Aleksandr Nikolaevich Radishev 20 31 8 1749 Mәskeu 12 24 9 1802 Sankt Peterburg orys zhazushysy filosof revolyucioner Pazhesk korpusynda 1762 66 Lejpcig universitetinde 1767 71 okydy Onyn kozkarasynyn kalyptasuyna francuz agartushylarynyn әsirese K A Gelvecij shygarmalary erekshe rol atkardy 1773 zhyldan Peterburgte Finlyandiya diviziyasy shtabynyn ober auditory zan zhonindegi kenesshi boldy 1775 zh otstavkaga shykty 1777 zh Kommerc kollegiyaga kyzmetke ornalasty 1790 zhyldan Sankt Peterburg kedeninin baskarushy boldy Radishev filosofiyanyn negizgi mәselesin materialistik turgyda sheshe otyryp dүnieni sheksiz tanyp biluge bolatyndygy ideyasyn zhaktady Tanym sezinu arkyly akyl oj tәzhiribe arkyly zhүzege asyrylady Tanym kүshi әr kily bolatyndygyna karamastan onyn ozi bolshekteuge kelmejtin birtutas kubylys bolyp esepteledi Materiyanyn basty kasieti bolmys kozgalys kenistik zhәne uakyt Ojdyn materialdyk organy mi adamnyn ajyrym ereksheligi sozi dep korsetti ol Tarihi procesti Radishev regress dәuirleri adasushylyk kuldyk progress dәuirlerimen akikat erkindik auysyp otyratyn ajnalmaly damu dep karady Osydan kelip ol revolyuciya bolmaj kojmajtyn kubylys degen korytyndy zhasady Adam kogamdyk kana emes sonymen katar belsendi zhan iesi Demek tarihi proceste adamdar kozgaushy kүsh bolyp tabylady Mine sondyktan ol tәrbie mәselelerine zor manyz berdi soz erekshe rol atkaratyn әdebiet poeziya sheshendik oneri atap korsetti Sozdin belsendi ozgertushi zhasampazdyk kүshi turaly Dүnienin zharaluy 1779 82 zh sh Lomonosov turaly soz t b shygarmlaryn zhazdy Radishev tarihi zhәne sayasi koncepciyalarynyn korytyndysy ispetti Erkindik odasy 1783 zh sh revolyuciyashyl orys poeziyasynyn tungyshy boldy 80 zhyldardyn orta kezinen bastap Radishev ozinin basty enbegi Sankt Peterburgten Mәskeuge sayahatty zhazumen shugyldandy Bul shygarmasyn oz үjindegi baspahanada 1790 zh majda basyp shygardy Bul enbeginde orys omirinin barlyk salalaryn zhajlap algan zansyzdyk pen kukyksyzdyk turaly ajta kelip munyn bәri samoderzhavie men krepostnojlyk kurylys tugyzgan kyrsyk ekenin tura atap korsetti Өmirdi ozgertudin birden bir durys zholy halyktyk revolyuciya arkyly sayasi zhәne әleumettik katynastardy tolyk kiratu samoderzhavielik krepostnojlyk kurylysty zhoyu ekenine okushylardyn kozin zhetkize dәleldedi Sonymen katar Resejde revolyuciya үshin әli kolajly zhagdaj tumaganyn da atap korsetti Kitap shykkan son 3 aptadan kejin tergeu bastaldy Bul isti Ekaterina II ozi baskardy Radishev 1790 zh 30 mausymda Petropavl kamalyna zhabyldy Sot ony olim zhazasyna kesti Imperatrica үkimdi ozgertip Radishevti on zhylga Sibirge zher audardy 1797 zh Pavel I Radishevke Kaluga gubernatoryndagy әkesinen kalgan imenielerdin biri Nemcovo selosyna turuga ruksat etti Aleksandr I patsha bolgannan kejin Radishevke keshirim berildi Zan zhobalaryn zhasajtyn komissiyaga ornalasty 1801 02 zh zhazgan zan zhonindegi enbekterinde buryngy ideyalaryn zhaktap krepostnojlyk kukyk ben soslovielik artykshylyktardyn zhojyluyn talap etti Tagy da zher audarylu kaupi tudy Zansyzdyk kukyksyzdyk korlygyna narazylyk retinde Radishev ulanyp oldi Radishevtin negizgi shygarmalary 1905 zhylga dejin tyjym salyngan kүjinde saktalyp keldi olar zhasyryn koshirilip koldan kolga tarap zhүrdi Sayahattyn 80 ge zhuyk Erkindiktin 9 koshirmesi belgili Radishev ideyalary A S Pushkinge dekabristerge A I Gercenge olardan kejingi orys revolyucionerleri urpaktaryna orys poeziyasyna zhәne orys әdebietinde realizmnin damuyna eleuli ykpal etti Mәskeudegi Radishev atyndagy koshege 1950 zh eskertkish ornatyldy Penza oblysynyn Kuzneck audanyndagy Radishevo selosynda da buryngy Verhnee Ablyazovo Radishev muzeji ujymdastyryldy Derekkozder Қazak Sovet Enciklopediyasy IH tom Lenin V I Velikorostardyn ulltyk maktanyshy turaly Shyg 21 t Orlov V N Radishev i russkaya literatura 2 izd L 1952 Makogonenko G P Radishev i ego vremya M 1956 Kulakova L I Ocherki istorii russkoj esteticheskoj mysli XVIII v L 1968
