Абылай хан әулеті
Абылай хан әулеті — қазақ халқының ханы Абылайдың 12 әйелінен тараған ұрпақтары. Белгілі деректер бойынша оның 40 қызы мен 30 ұлы болған. Ұлдарының бізге белгілілері: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім (Сағындық-Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханымнан); Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбділдә ( Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан); Қамбар мен Қасым (Қалмақ ханы Қалдан Сереннің туысы Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан); Тоқ, Қосым, Арық (Сарғалдақ қожаның қарындасынан); Сығай, Тағай, Сүйік, Әли, Құлан, (Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан); Шама (тұтқындағы орыс сұлудан); Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай (басқа әйелдерінен).
Уәли
Абылай хан 1781 жылы қайтыс болғаннан кейін үлкен ұлы Уәли (1738 — 1819) орнына хан болып сайланды. Уәлидің тұлғасын оның Орынбор губернаторы генерал Рейнсдорпқа (1774 жылы, 2 маусым) жазған хаты аңғартады: "Жоғары мәртебелі сіздің Шынаят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем — Абылай хан орнында болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқаны шығарылғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал мұндағы елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақшыны ұстапсыздар (Е. Пугачевті. — редактор), бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі Ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз!”.
Орыс бақылаушысы Чучалов Уәли туралы: “Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы. Ол мені бір-ақ рет қабылдады. Бұл қылығын: “Әкем де Ресей жақтан келгендермен бір-ақ рет кездескен еді,” — деп дәлелдеді” — дейді.
1782 жылы 25 ақпанда ІІ-Екатерина Уәлиді Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Сол жылы 2 қарашада Петропавловск бекінісінде Уфа мен Симбирскінің генерал губернаторы Якобийдің қатысуымен Уәлидің таққа отыру және ант беру рәсімі өткізіледі. Уәли хан Ресейдің қазақ хандығында жүргізген империялық қитұрқы саясатына тосқауыл болуға тырысты. Деректер Ресей билеушілерінің ел ішінде ханға наразы күштер болса жасырын қолдап, керек болса ақша да беріп, ұшқынды өртке айналдырып отырғанын айғақтайды. Орта жүздің Кіші жүзбен, Ұлы жүзбен ағайындық, туыстық, мемлекеттік байланыстарын үзіп, араларын алшақтатуға тырысқан. 1781 жылы Ресейде Кіші жүздің ханы Нұралы мен Айшуақ сұлтан тұтқынға алынғанда Уәли хан бұған наразылық білдіреді. Ханның бұл әрекетіне Орынбордың генерал губернаторы барон О.Игельстром төмендегідей жауап береді: “Жоғары дәрежелі хан, Ұлы мәртебелі императрица Сізге тек қана Орта жүзді билікке берді, ал қазақтың Кіші жүзінің ісі, ондағы жағдай Сізге мүлдем тапсырылмаған болатын”. “Аңдыған жау алмай қоймайды” дегендей, Уәли ханның көзі тірісінде 1815 жылы Орта жүзде тағы бір хан сайланады. Ол — Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген Барақ сұлтанның ұрпағы Бөкей еді.
Уәли ханның 14 ұлы болған: Ғұбайдолла (Абайділдә), Есім, Тәуке, Ғаббас (Аббас), Жошы, Төрежан, Әбілмәмбет (Мәмке), Хамза, Шыңғыс, Абылай (Әбен), Шеген (Шепе), Әлі (Әлжан), Қанқожа, Бегалы. Ғұбайдолладан Болат, одан Сұлтанғазы (Шоқанның замандасы, Омбы кадет корпусын бітірген, генералмайор) туады.
Уәли хан өлген соң оның тұңғыш ұлы Ғұбайдолла хан сайланады, бірақ патша үкіметі бұл шешімді бекітпейді. 1823 жылы қытайлықтар Ғұбайдолланы хан деп таниды. Ресей қазақ хандығын тарату мақсатымен 1822 жылы Жарғы қабылдап, Қазақстанда сыртқы округтер ұйымдастыра бастаған тұста Ғұбайдолла Көкшетау округінің аға сұлтаны болып тағайындалады, оған медаль беріліп, шапан жабуға шешім қабылданады. Ғұбайдолла бәрінен де бас тартады. Туысы — Қасым сұлтанның баласы ойы бір жерден шығып, Ресей империясының қысымына қарсылық көрсетті. 1824 жылы Қытаймен байланыс орнатуға әрекеттеніп жүргенде, сотник Карбышевтің отряды Ғұбайдолланы Баянауылда (90-ға жуық сұлтан-билерімен бірге) ұстайды. Кейін ол Сібірге, Березовкаға жер аударылады.
Уәли ханның ұлы Шыңғыс (1815 — 1905) 40-жылдан астам уақыт аға сұлтан болған, полковник, ресми түрде орыс дворяндарының санатына қосылған. Әйелі — Шорман бидің қызы Зейнеп. Шыңғыс пен Зейнептің 7 ұлы, 6 қызы болды, оның атақтылары: Шоқан (Мұхаммед-Қанафия, 1835 — 65), Мақы (Әбіл-Мақыжан, 1845 — 1916), Махмед (Омбы кадет корпусын бітірген, 1849 — 1916), Қозыке (Сақыпкерей, 1854 — 96).
Шоқан небәрі 30 жыл өмір сүріп, қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырды. Оның ғылымның әр саласында жазған еңбектері ойының тереңдігімен, тарихи деректерді айшықты талдау-таразылауымен, ұшқыр түйінімен күні бүгінге дейін маңызын жоймай келеді.
Шоқанның інісі Мақы талантты өнер иесі — суретші болған. Ол француз суретшісі бірге “Орнаменты всех времен и стилей” (СПб, 1890) атты зерттеу шығарған. 1876 жылы Санкт-Петербургте өткен көрмесінде Мақының қолөнер бұйымдары алтын медаль алды. Ол Саумалкөл, Тораңғұл елді мекендері үшін қоғамдық үйлердің жобаларын жасады. Г.Н. Потаниннің айтуынша: “орыс қоғамында Мақыны құрмет көрсетіп қарсы алады екен, оны биік тәрбиелі жүріс-тұрысы әрі ақжарқын мінез-құлқы үшін жақсы көретін”.
Қозыке — нәзік сезімді сазгер, Ақан серінің досы болды. Оның шығарған “Керқұнажын”, “Көкшетаудың биігі” т.б. әндері әншілер репертуарынан түспей келеді. Қозыке туындыларының ішіндегі ең асқағы, саздысы әрі әсерлісі — “Топай көк” әні. Оны біздің заманымызға атақты әнші Жарылғапберді жеткізді. Бұл әннің тылсым қасиетін Мұхтар Омарханұлы Әуезов “Абай жолы” романында шабытпен суреттейді.
Махмед атты баласы 1916 жылы ұлт-азаттық соғыс кезінде ақтардың қолынан қаза тапты.
Тарихшы Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915—66). Ол Уәлиханның Тәуке деген баласының ұрпағы (Тәукеден Жанбөбек, одан Беген, одан Бекмахан, одан — Ермұхан). Бекмаханов 1947 жылы жарық көрген “” атты монографиялық еңбегі үшін қуғынға ұшырап, түрмеге қамалды. Оның бар “кінәсі” — ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі Кенесарыға берген әділетті бағасы еді. Ермұханның қызы Нәйла Бекмаханова — тарих ғылым докторы, профессор, беделді ғалым.
Ғабит (1921), Гүлжанат (1938), Нэль (1940), Болат және Едіге (1945) Уәлихановтардың Қазақстан ғылымына қосқан өз үлестері бар.
Қазақстан Республикасы-ның еңбек сіңірген архитекторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Елтаңбасының, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің және 20-ға жуық ескерткіштердің авторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (1932) — Шоқанның інісі Мақының немересі.
Ыдырыс Мақыұлы Уәлиханов (1884 —1960) — Троицкінің Расулия медресесін бітірген, 50 жылдан астам мұғалім болған.
Қасым
Абылай ханның ұрпақтарынан аты әйгілісі — Қасым сұлтанның үрім-бұтағы. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп, елін, жерін қорғауға бар күш-жігерін, ақыл-ойын жұмсаған, ақыры сол жолда жанын қиған Абылай ханның ұлы Қасым және оның балалары Саржан, Есенгелді, Кенесары һәм Наурызбай болды. Қасым сұлтанның батырлығы, ер-жүректігі, еліне деген шексіз махаббаты, тар жол, тайғақ кешудегі табандылығы әкесінен дарыған. Қасымның біртуар бейнесі оның Батыс-Сібір генерал-губернаторы Капцевичке (17.09.1824 жылы) қатаң талаптар қойып жазған хатынан айқын аңғарылады:
“... Сіз менің мына сұрақтарыма жауап берсеңіз екен: 1) Сіздер неге біздің халыққа қысымшылық жасап отырсыздар? 2) Біздің жерде неге бекіністер салынып жатыр? 3) Суымызға неге ау құрылған? 4) Орыстар иемденіп жатқан көлдерден неге қазақтарға тұз алуға болмайды? Осының бәрі кімнің бұйрығымен жасалып отыр? Менің әкем мен ағам Уәлидің мұрагері, хан болып сайланған Ғұбайдолла серіктерімен бірге зорлықпен ұсталды. Ғұбайдолла Ресейге қандай қиянат жасаған екен? Маған айтыңыздар! Ал, қазақтарға жамандық жасаса, анығын білу өзіміздің де қолымыздан келеді. Егер менің бауырымның не істегенін ашып айтпасаңыздар, бізге өкпелемейсіздер, сәті түскенде жауапқа тартамыз. Біздің қол астымыздағы, сіздерге бодан болмаған қазақтарға жамандық жасамаңыздар, себебі, әкем Абылай хан мен мемлекет басшысы императрица арасындағы бейбіт келісімде шекара көрсетілген. Егерде біздің жердегі салынған бекіністер жойылмаса, қазақтарға деген қастандық тоқталмаса — бұл жағдайда ренжімейтін боласыздар. Ресей жерін алатын болсақ, оған байланысты біздің арам ниетіміз жоқ. Ал, енді, сіздер бізге қарсы соғыс ашатын күнде, біз қарап отыра алмаймыз, Ресей тарапынан жасалған түрлі алдау, арбау және қастандыққа көнетін шамамыз жоқ. Сөз боп отырған мәселелер жайындағы ойларыңызды маған дереу хабарлаңыз”.
Қасым батыр балалары Саржан, Есенгелді, Әлжанмен бірге қару, оқ-дәрі жиып, келіссөз жүргізіп жүрген кезде қоқандықтардың сатқындығынан мерт болды. Одан кейін тарих сахнасына Қасымның батыр ұлдары Кенесары мен Наурызбай шықты, он жыл бойы Абылайдың ақ туын қолдарынан түсірмеді. Өздерінің үндеулерінде Абылай заманында “қазақтар еркін, бейбіт өмір сүргенін” үнемі еске салып отырды. “Кенесары өзі бастаған сарбаздар қолын, асықтай үйіріп, тыңдата білді. Олардың биік рухына Еуропа әскерінің кез келген қолбасшысы қызғанышпен қарар еді” — деп жазды Н.Середа.
Хан Кене әкесінің жолын қуды, қозғалысының басты арнасы азаттық пен тәуелсіздік болды. Патша үкіметінің өкіліне жазған наразылық хатында Кенесары: “Бабамыз марқұм Абылайдан мұраға қалған жерлер: Есіл-Нұра, Ақтау, Ұлытау, Қарқаралы, Қазалық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Аққайың, Тұзақтан бастап Оралға дейін, тақта отырған патша тұсында бізден тартып алынып бекіністер салынды. Қазір де, атамекен жеріміз күн сайын тартып алынуда, бекіністер салынып халық қан қақсауда. Бұл жай тек болашағымыз үшін емес, бүгінгі, күнбе күнгі тіршілігімізге де қауіпті”.
Кенесарының ұлы Сыздық (1839—1910) сұлтан да ата жолынан айнымай бар ғұмырын ел бостандығына арнады. Тарихшы айтуынша: “Тұрандағы аса ірі тұлғалардың бірі болып табылатын даланың осынау жаужүрек ұлының бойына бізге деген өшпенділік ана сүтімен сіңгендей еді. Сыздықтың сирек кездесер оқшау бір ерекшелігі — атақ, мансап, қадір-құрмет іздемегендігі”.
Кезінде Алашорданың өкіметі — Халық Кеңесінің мүшесі болған, саяси қуғынның құрбаны Әзімхан Ахметұлы Кенесариннің ұлы КСРО-ға еңбек сіңірген геолог, ғылымының докторы, гидрогеолог., Өзбекстан Ғылым Академиясының мүше-корроспондент Нәтай Әзімханұлы Кенесарин (1910 — 75) бабасының атын алып жүргені үшін жапа шекті, ғылымға сіңірген еңбегі еленбей, Қазақстаннан қуылды.
Әзімхан Кенесариннің отбасынан өрбіген Мұхамедхан (1912 — 80), Хамида (1914 — 78), Мадияр (1918 — 65), Тәуке (1927жылыт.) балаларының, биологтар Напуса (1930), Гаухар (1943), философтар Баян (1934), Раушан (1937), Анатолий (1947) Кенесариндердің Қазақстан ғылымына қосқан өз үлестері бар.
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылым докторы, профессор Шәкір Ыбыраев (1950жылыт.) — Кенесарының ағасы Бопының немересі.
Әділ
Абылай хан әулетінің шежіресінде үрім-бұтағының алатын орны бөлек. Хан Абылай баласы Әділді Қытай империясына аманат етіп жіберген. Қытайдан еліне қайтып келген Әділ Жетісуда тұрып, Ұлы жүздің сұлтаны атанды. 1815 жылы Ташкенттің түбінде қайтыс болды. Әділдің Абылай (Құлан), Ғали, Ералы, Нұралы, Бегалы, Тінәлі, Төлек, Мамырхан, Тәуке, Қайып, Көшен және Сейілхан деген ұлдары Ұлы жүздің Дулат, Албан, Жалайыр, Шапырашты, Суан руларын биледі. 1823 жылы бұлардың бәрі Сүйін Абылайхановтың артынан Ресейдің билігіне көшті.
Әділ ұрпағының ең атақтысы Тезек төре (1821 — 79) болды. П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің айтуынша ол: “Ұлы жүз сұлтандарының ішіндегі ең ержүрек әрі алғыр адам, қазақтың кең даласына тегіс танымал кісі” болған.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Шотаев Аман (1943) — Абылайдың ұлы Әділдің ұрпағы (Әділден — Төлек, одан — Сәтемір — Шота — Ілияс — Нұғыман — Аман) жануарлар генетикасы, селекциясы және морфологиясы саласындағы белгілі ғалым. Ол қазақтың мол етті кроссбред жүнді қойының авторы. Аманның ағасы (1941) агроном-экономист, інісі (1941) — танымал дәрігер-хирург.
Абылайдың ұлы Сығай, одан — Байғара, одан — Бексұлтан, одан — Иманғали, одан — Әнуарбек. Әнуарбекұлы Әбілқайыр Бексұлтанов (1943) — өндіріс жаңашылы, ауыл ш. ғылым кандидаты.
Ахметқазы Қазыкемелұлы Шотаев (1909 —92) — Абылайұлы Шегеннің ұрпағы, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген педагог әрі мүсінші Қаусыл Жәкіұлы (Қазан университетін бітірген), Жанғали мен Хайролла Құлышұлдары, Құжжат Нұрышұлы Уәлиханов (1916 — 89) — саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, 10 жылын айдауда өткізген математика пәнінің мұғалімі, Ажар Ешманқызы, Татухан Абылайханов сияқты ұстаздар, Әділ Маратұлы Шотаев Санкт-Петербург көркемсурет академиясын бітірген мүсінші, Арыстан Құжжатұлы Уәлиханов талантты сәулетші (1955), Кенесарының Әбубәкір атты ұлының шөбересі, ұстаз әрі домбырашы Файзолла Үрзімов сынды өнер қайраткерлері.
Дереккөздер
- 18-19 жылдардағы қазақ-орыс қатынастары (түпнұсқа: Казахско-русские отношения в XVІІІ-XІX веках), А., 1964, 106-б. орысша
- Қазақ КСР 4-т., М.-Л., 1940, 102-б.
- Шоқан Уалиханов шығармалар жиынтығы (түпнұсқа: Ч.Ч. Валиханов. Собр. соч.), 4-т., А., 1985, 241, 290-б. орысша
- 18-19 ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары (түпнұсқаЖ Казахско-русские отношения в XVІІІ-XІX в.), А., 1964, 215-б. орысша
- "Вестник Европы", СПб, 1870
- Шоқан Уалиханов шығармалар жиынтығы (түпнұсқа: Ч.Ч. Валиханов. Собр. соч.), 4-т., А., 1961, 428-б. орысша
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Абылай хан әулеті туралы ақпарат, Абылай хан әулеті дегеніміз не? Абылай хан әулеті сөзі нені білдіреді?
Abylaj han әuleti kazak halkynyn hany Abylajdyn 12 әjelinen taragan urpaktary Belgili derekter bojynsha onyn 40 kyzy men 30 uly bolgan Ұldarynyn bizge belgilileri Uәli Shyngys Әdil Esim Sagyndyk Shuakbaj atty karakalpak beginin kyzy Sajman hanymnan Shegen Rүstem Ospan Syzdyk Әbitaj Әbdildә Қashkar begi Kenzhe sarttyn kyzy Babak hanymnan Қambar men Қasym Қalmak hany Қaldan Serennin tuysy Hoshu mergen noyannyn kyzy Topysh hanymnan Tok Қosym Aryk Sargaldak kozhanyn karyndasynan Sygaj Tagaj Sүjik Әli Қulan Atygaj Қarauyldyn kyzy Tokta hanymnan Shama tutkyndagy orys suludan Ғumyr Bajyr Zhәngir Sypataj baska әjelderinen Uәli Abylaj han 1781 zhyly kajtys bolgannan kejin үlken uly Uәli 1738 1819 ornyna han bolyp sajlandy Uәlidin tulgasyn onyn Orynbor gubernatory general Rejnsdorpka 1774 zhyly 2 mausym zhazgan haty angartady Zhogary mәrtebeli sizdin Shynayat myrza arkyly zhibergen hatynyzdy aldyk tek әkem Abylaj han ornynda bolmady ol kalyn kolmen syrttagy zhauga attangan edi zhauymyzdyn tas talkany shygarylgandygy zhajly habar alyp otyrmyz Al mundagy eldi onyn ornyna men baskaryp otyrmyn Sizder de kandybalak karakshyny ustapsyzdar E Pugachevti redaktor bul habardy estip men kuanyp kaldym Sebebi Ұly mәrtebeli imperatordyn biz zhauyna zhau dosyna dospyz Orys bakylaushysy Chuchalov Uәli turaly Uәli әkesi Abylaj siyakty orkokirek algan bagytynan kajtpajtyn kajsar әri kubylmaly Ol meni bir ak ret kabyldady Bul kylygyn Әkem de Resej zhaktan kelgendermen bir ak ret kezdesken edi dep dәleldedi dejdi 1782 zhyly 25 akpanda II Ekaterina Uәlidi Orta zhүzdin hany etip bekitu turaly әmir etken gramotaga kol koyady Sol zhyly 2 karashada Petropavlovsk bekinisinde Ufa men Simbirskinin general gubernatory Yakobijdin katysuymen Uәlidin takka otyru zhәne ant beru rәsimi otkiziledi Uәli han Resejdin kazak handygynda zhүrgizgen imperiyalyk kiturky sayasatyna toskauyl boluga tyrysty Derekter Resej bileushilerinin el ishinde hanga narazy kүshter bolsa zhasyryn koldap kerek bolsa aksha da berip ushkyndy ortke ajnaldyryp otyrganyn ajgaktajdy Orta zhүzdin Kishi zhүzben Ұly zhүzben agajyndyk tuystyk memlekettik bajlanystaryn үzip aralaryn alshaktatuga tyryskan 1781 zhyly Resejde Kishi zhүzdin hany Nuraly men Ajshuak sultan tutkynga alynganda Uәli han bugan narazylyk bildiredi Hannyn bul әreketine Orynbordyn general gubernatory baron O Igelstrom tomendegidej zhauap beredi Zhogary dәrezheli han Ұly mәrtebeli imperatrica Sizge tek kana Orta zhүzdi bilikke berdi al kazaktyn Kishi zhүzinin isi ondagy zhagdaj Sizge mүldem tapsyrylmagan bolatyn Andygan zhau almaj kojmajdy degendej Uәli hannyn kozi tirisinde 1815 zhyly Orta zhүzde tagy bir han sajlanady Ol Kishi zhүzdin hany Әbilkajyrdy oltirgen Barak sultannyn urpagy Bokej edi Uәli hannyn 14 uly bolgan Ғubajdolla Abajdildә Esim Tәuke Ғabbas Abbas Zhoshy Torezhan Әbilmәmbet Mәmke Hamza Shyngys Abylaj Әben Shegen Shepe Әli Әlzhan Қankozha Begaly Ғubajdolladan Bolat odan Sultangazy Shokannyn zamandasy Omby kadet korpusyn bitirgen generalmajor tuady Uәli han olgen son onyn tungysh uly Ғubajdolla han sajlanady birak patsha үkimeti bul sheshimdi bekitpejdi 1823 zhyly kytajlyktar Ғubajdollany han dep tanidy Resej kazak handygyn taratu maksatymen 1822 zhyly Zhargy kabyldap Қazakstanda syrtky okrugter ujymdastyra bastagan tusta Ғubajdolla Kokshetau okruginin aga sultany bolyp tagajyndalady ogan medal berilip shapan zhabuga sheshim kabyldanady Ғubajdolla bәrinen de bas tartady Tuysy Қasym sultannyn balasy ojy bir zherden shygyp Resej imperiyasynyn kysymyna karsylyk korsetti 1824 zhyly Қytajmen bajlanys ornatuga әrekettenip zhүrgende sotnik Karbyshevtin otryady Ғubajdollany Bayanauylda 90 ga zhuyk sultan bilerimen birge ustajdy Kejin ol Sibirge Berezovkaga zher audarylady Uәli hannyn uly Shyngys 1815 1905 40 zhyldan astam uakyt aga sultan bolgan polkovnik resmi tүrde orys dvoryandarynyn sanatyna kosylgan Әjeli Shorman bidin kyzy Zejnep Shyngys pen Zejneptin 7 uly 6 kyzy boldy onyn ataktylary Shokan Muhammed Қanafiya 1835 65 Maky Әbil Makyzhan 1845 1916 Mahmed Omby kadet korpusyn bitirgen 1849 1916 Қozyke Sakypkerej 1854 96 Shokan nebәri 30 zhyl omir sүrip kazak halkynyn tarihynda oshpes iz kaldyrdy Onyn gylymnyn әr salasynda zhazgan enbekteri ojynyn terendigimen tarihi derekterdi ajshykty taldau tarazylauymen ushkyr tүjinimen kүni bүginge dejin manyzyn zhojmaj keledi Shokannyn inisi Maky talantty oner iesi suretshi bolgan Ol francuz suretshisi birge Ornamenty vseh vremen i stilej SPb 1890 atty zertteu shygargan 1876 zhyly Sankt Peterburgte otken kormesinde Makynyn koloner bujymdary altyn medal aldy Ol Saumalkol Torangul eldi mekenderi үshin kogamdyk үjlerdin zhobalaryn zhasady G N Potaninnin ajtuynsha orys kogamynda Makyny kurmet korsetip karsy alady eken ony biik tәrbieli zhүris turysy әri akzharkyn minez kulky үshin zhaksy koretin Қozyke nәzik sezimdi sazger Akan serinin dosy boldy Onyn shygargan Kerkunazhyn Kokshetaudyn biigi t b әnderi әnshiler repertuarynan tүspej keledi Қozyke tuyndylarynyn ishindegi en askagy sazdysy әri әserlisi Topaj kok әni Ony bizdin zamanymyzga atakty әnshi Zharylgapberdi zhetkizdi Bul әnnin tylsym kasietin Muhtar Omarhanuly Әuezov Abaj zholy romanynda shabytpen surettejdi Mahmed atty balasy 1916 zhyly ult azattyk sogys kezinde aktardyn kolynan kaza tapty Tarihshy Ermuhan Bekmahanuly Bekmahanov 1915 66 Ol Uәlihannyn Tәuke degen balasynyn urpagy Tәukeden Zhanbobek odan Begen odan Bekmahan odan Ermuhan Bekmahanov 1947 zhyly zharyk korgen atty monografiyalyk enbegi үshin kugynga ushyrap tүrmege kamaldy Onyn bar kinәsi ult azattyk kozgalystyn kosemi Kenesaryga bergen әdiletti bagasy edi Ermuhannyn kyzy Nәjla Bekmahanova tarih gylym doktory professor bedeldi galym Ғabit 1921 Gүlzhanat 1938 Nel 1940 Bolat zhәne Edige 1945 Uәlihanovtardyn Қazakstan gylymyna koskan oz үlesteri bar Қazakstan Respublikasy nyn enbek sinirgen arhitektory Memlekettik syjlyktyn laureaty Қazakstannyn Eltanbasynyn Almatydagy Tәuelsizdik monumentinin zhәne 20 ga zhuyk eskertkishterdin avtory Shot Aman Ydyrysuly Uәlihan 1932 Shokannyn inisi Makynyn nemeresi Ydyrys Makyuly Uәlihanov 1884 1960 Troickinin Rasuliya medresesin bitirgen 50 zhyldan astam mugalim bolgan Қasym Abylaj hannyn urpaktarynan aty әjgilisi Қasym sultannyn үrim butagy Қazak halkynyn tәuelsizdigi үshin kүresip elin zherin korgauga bar kүsh zhigerin akyl ojyn zhumsagan akyry sol zholda zhanyn kigan Abylaj hannyn uly Қasym zhәne onyn balalary Sarzhan Esengeldi Kenesary һәm Nauryzbaj boldy Қasym sultannyn batyrlygy er zhүrektigi eline degen sheksiz mahabbaty tar zhol tajgak keshudegi tabandylygy әkesinen darygan Қasymnyn birtuar bejnesi onyn Batys Sibir general gubernatory Kapcevichke 17 09 1824 zhyly katan talaptar kojyp zhazgan hatynan ajkyn angarylady Siz menin myna suraktaryma zhauap berseniz eken 1 Sizder nege bizdin halykka kysymshylyk zhasap otyrsyzdar 2 Bizdin zherde nege bekinister salynyp zhatyr 3 Suymyzga nege au kurylgan 4 Orystar iemdenip zhatkan kolderden nege kazaktarga tuz aluga bolmajdy Osynyn bәri kimnin bujrygymen zhasalyp otyr Menin әkem men agam Uәlidin murageri han bolyp sajlangan Ғubajdolla serikterimen birge zorlykpen ustaldy Ғubajdolla Resejge kandaj kiyanat zhasagan eken Magan ajtynyzdar Al kazaktarga zhamandyk zhasasa anygyn bilu ozimizdin de kolymyzdan keledi Eger menin bauyrymnyn ne istegenin ashyp ajtpasanyzdar bizge okpelemejsizder sәti tүskende zhauapka tartamyz Bizdin kol astymyzdagy sizderge bodan bolmagan kazaktarga zhamandyk zhasamanyzdar sebebi әkem Abylaj han men memleket basshysy imperatrica arasyndagy bejbit kelisimde shekara korsetilgen Egerde bizdin zherdegi salyngan bekinister zhojylmasa kazaktarga degen kastandyk toktalmasa bul zhagdajda renzhimejtin bolasyzdar Resej zherin alatyn bolsak ogan bajlanysty bizdin aram nietimiz zhok Al endi sizder bizge karsy sogys ashatyn kүnde biz karap otyra almajmyz Resej tarapynan zhasalgan tүrli aldau arbau zhәne kastandykka konetin shamamyz zhok Soz bop otyrgan mәseleler zhajyndagy ojlarynyzdy magan dereu habarlanyz Қasym batyr balalary Sarzhan Esengeldi Әlzhanmen birge karu ok dәri zhiyp kelissoz zhүrgizip zhүrgen kezde kokandyktardyn satkyndygynan mert boldy Odan kejin tarih sahnasyna Қasymnyn batyr uldary Kenesary men Nauryzbaj shykty on zhyl bojy Abylajdyn ak tuyn koldarynan tүsirmedi Өzderinin үndeulerinde Abylaj zamanynda kazaktar erkin bejbit omir sүrgenin үnemi eske salyp otyrdy Kenesary ozi bastagan sarbazdar kolyn asyktaj үjirip tyndata bildi Olardyn biik ruhyna Europa әskerinin kez kelgen kolbasshysy kyzganyshpen karar edi dep zhazdy N Sereda Han Kene әkesinin zholyn kudy kozgalysynyn basty arnasy azattyk pen tәuelsizdik boldy Patsha үkimetinin okiline zhazgan narazylyk hatynda Kenesary Babamyz markum Abylajdan muraga kalgan zherler Esil Nura Aktau Ұlytau Қarkaraly Қazalyk Zharkajyn Obagan Tobyl Қusmuryn Akkajyn Tuzaktan bastap Oralga dejin takta otyrgan patsha tusynda bizden tartyp alynyp bekinister salyndy Қazir de atameken zherimiz kүn sajyn tartyp alynuda bekinister salynyp halyk kan kaksauda Bul zhaj tek bolashagymyz үshin emes bүgingi kүnbe kүngi tirshiligimizge de kauipti Kenesarynyn uly Syzdyk 1839 1910 sultan da ata zholynan ajnymaj bar gumyryn el bostandygyna arnady Tarihshy ajtuynsha Turandagy asa iri tulgalardyn biri bolyp tabylatyn dalanyn osynau zhauzhүrek ulynyn bojyna bizge degen oshpendilik ana sүtimen singendej edi Syzdyktyn sirek kezdeser okshau bir ereksheligi atak mansap kadir kurmet izdemegendigi Kezinde Alashordanyn okimeti Halyk Kenesinin mүshesi bolgan sayasi kugynnyn kurbany Әzimhan Ahmetuly Kenesarinnin uly KSRO ga enbek sinirgen geolog gylymynyn doktory gidrogeolog Өzbekstan Ғylym Akademiyasynyn mүshe korrospondent Nәtaj Әzimhanuly Kenesarin 1910 75 babasynyn atyn alyp zhүrgeni үshin zhapa shekti gylymga sinirgen enbegi elenbej Қazakstannan kuyldy Әzimhan Kenesarinnin otbasynan orbigen Muhamedhan 1912 80 Hamida 1914 78 Madiyar 1918 65 Tәuke 1927zhylyt balalarynyn biologtar Napusa 1930 Gauhar 1943 filosoftar Bayan 1934 Raushan 1937 Anatolij 1947 Kenesarinderdin Қazakstan gylymyna koskan oz үlesteri bar Қazakstan Respublikasy Ғylym Akademiyasynyn M Әuezov atyndagy әdebiet zhәne oner institutynyn direktory filologiya gylym doktory professor Shәkir Ybyraev 1950zhylyt Kenesarynyn agasy Bopynyn nemeresi Әdil Abylaj han әuletinin shezhiresinde үrim butagynyn alatyn orny bolek Han Abylaj balasy Әdildi Қytaj imperiyasyna amanat etip zhibergen Қytajdan eline kajtyp kelgen Әdil Zhetisuda turyp Ұly zhүzdin sultany atandy 1815 zhyly Tashkenttin tүbinde kajtys boldy Әdildin Abylaj Қulan Ғali Eraly Nuraly Begaly Tinәli Tolek Mamyrhan Tәuke Қajyp Koshen zhәne Sejilhan degen uldary Ұly zhүzdin Dulat Alban Zhalajyr Shapyrashty Suan rularyn biledi 1823 zhyly bulardyn bәri Sүjin Abylajhanovtyn artynan Resejdin biligine koshti Әdil urpagynyn en ataktysy Tezek tore 1821 79 boldy P P Semenov Tyan Shanskijdin ajtuynsha ol Ұly zhүz sultandarynyn ishindegi en erzhүrek әri algyr adam kazaktyn ken dalasyna tegis tanymal kisi bolgan Auyl sharuashylygy gylymynyn doktory Shotaev Aman 1943 Abylajdyn uly Әdildin urpagy Әdilden Tolek odan Sәtemir Shota Iliyas Nugyman Aman zhanuarlar genetikasy selekciyasy zhәne morfologiyasy salasyndagy belgili galym Ol kazaktyn mol etti krossbred zhүndi kojynyn avtory Amannyn agasy 1941 agronom ekonomist inisi 1941 tanymal dәriger hirurg Abylajdyn uly Sygaj odan Bajgara odan Beksultan odan Imangali odan Әnuarbek Әnuarbekuly Әbilkajyr Beksultanov 1943 ondiris zhanashyly auyl sh gylym kandidaty Ahmetkazy Қazykemeluly Shotaev 1909 92 Abylajuly Shegennin urpagy Қazak KSR ne enbegi singen pedagog әri mүsinshi Қausyl Zhәkiuly Қazan universitetin bitirgen Zhangali men Hajrolla Қulyshuldary Қuzhzhat Nuryshuly Uәlihanov 1916 89 sayasi kugyn sүrginge ushyragan 10 zhylyn ajdauda otkizgen matematika pәninin mugalimi Azhar Eshmankyzy Tatuhan Abylajhanov siyakty ustazdar Әdil Maratuly Shotaev Sankt Peterburg korkemsuret akademiyasyn bitirgen mүsinshi Arystan Қuzhzhatuly Uәlihanov talantty sәuletshi 1955 Kenesarynyn Әbubәkir atty ulynyn shoberesi ustaz әri dombyrashy Fajzolla Үrzimov syndy oner kajratkerleri Derekkozder18 19 zhyldardagy kazak orys katynastary tүpnuska Kazahsko russkie otnosheniya v XVIII XIX vekah A 1964 106 b oryssha Қazak KSR 4 t M L 1940 102 b Shokan Ualihanov shygarmalar zhiyntygy tүpnuska Ch Ch Valihanov Sobr soch 4 t A 1985 241 290 b oryssha 18 19 gasyrlardagy kazak orys katynastary tүpnuskaZh Kazahsko russkie otnosheniya v XVIII XIX v A 1964 215 b oryssha Vestnik Evropy SPb 1870 Shokan Ualihanov shygarmalar zhiyntygy tүpnuska Ch Ch Valihanov Sobr soch 4 t A 1961 428 b oryssha Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz
