Уикипедия

Тоғанас батыр Бәйтікұлы

Тоғанас Бәйтікұлы (1813–1876) — Әлімұлы тайпасы Шөмекей руынан шыққан батыр, би.

Тоғанас Бәйтікұлы
Туған күні

1813 (1813)

Қайтыс болған күні

1876 (1876)

Атағы

Батыр

Шайқасы

Хиуа хандығына қарсы шайқастар

Әкесі Бәйтік Бәймембетұлы да батыр болған. Бәйтіктің үрім-бұтақтары да ата жолын қуып көк сүңгісін қолдан түсірмей өткен.

Өмірбаяны

Сырдарияның төменгі ағысы бойында туып-өскен. Хиуа және Қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық әрекеттеріне қарсы тұрған. Тоғанас қарақалпақ, түрікмен бектерімен де соғысып, олардың Сыр бойынан ауа көшуіне ықпал еткен. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысып, Шөмекей жасағын басқарды. 1845–1852 жылдары қоқандықтар мен хиуалықтардың бірнеше шабуылдарын тойтарып, барымталанған малдарды қайтарды. Тоғанастың өзінің арнайы мөрі, әкесі қалған ақ туы болған. Тоғанас ерліктері ауызша, жазбаша деректерде, тарихшылар Е. Бекмаханов пен Ж. Қасымбаевтың еңбектерінде, зерттеушілер Қ. Бердәулетовтің «Бұқарбай батыр» (1992), Тоғанас Дайрабайдың «Тоғанас батыр» (1992) кітаптарында және «Келмембет батыр» (1998) жинағында көрініс тапқан.

Есентайұлы Оразымбеттің Базар жырауға арналған толғауында:

Тамағың кең кісінің,
Аузындай сабаның,
Тоғанаспенен Бәйтіктей,
Таймаған жаудан табаның

– деп Тоғанас батырдың кім екенін әйгілей түседі.

Оқиға

Кезінде Шөмекей руы Қуандария мен Сырдария, Қарақ тауы баурайын қыстап, жазда Тобыл мен Өлкеаяқ өзенінің бойын жайлаған. Бұл аймақ Ресей шекарасынан жырақтау болып, Хиуа мен Қоқан хандықтарының иек астында жатқандықтан олардан көп теперіш көрген. Зорлықшыл бектер Сыр бойына «Жаңақала», «Құмқала», «Қышқала», «Күміскорған», «Ақмешіт» сияқты қорғандар мен зекет төбелер салып, елден алым-салық алып отырған екен. Халықты зар илеткен басқыншылардың бірі - қанқұйлы алпауыт Қожаниязды Сыр бойынан қуған Қарақисық пен Тоғанас батыр болды. Сол шайқаста Аққыр тауы маңындағы «Қарақ» деген жерде айқасып, Қожанияз бекті ойсырата жеңіп, «Қожанияз – қамал бекінісін» жойып жіберді.

Дереккөздер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
  2. Тынышбек Дайрабаев. Тоғанас батыр. - Жауапты редактор Тұрысбек Сәукетаев-Рахметуллин, Суретші Н.Ф. Чурсин. ISBN 5-610-01241-4

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Тоғанас батыр Бәйтікұлы туралы ақпарат, Тоғанас батыр Бәйтікұлы дегеніміз не? Тоғанас батыр Бәйтікұлы сөзі нені білдіреді?

Toganas Bәjtikuly 1813 1876 Әlimuly tajpasy Shomekej ruynan shykkan batyr bi Toganas BәjtikulyTugan kүni1813 1813 Қajtys bolgan kүni1876 1876 AtagyBatyrShajkasyHiua handygyna karsy shajkastar Әkesi Bәjtik Bәjmembetuly da batyr bolgan Bәjtiktin үrim butaktary da ata zholyn kuyp kok sүngisin koldan tүsirmej otken ӨmirbayanySyrdariyanyn tomengi agysy bojynda tuyp osken Hiua zhәne Қokan handyktarynyn zhergilikti halykka zhasagan ozbyrlyk әreketterine karsy turgan Toganas karakalpak tүrikmen bekterimen de sogysyp olardyn Syr bojynan aua koshuine ykpal etken Kenesary Қasymuly baskargan ult azattyk kozgalyska katysyp Shomekej zhasagyn baskardy 1845 1852 zhyldary kokandyktar men hiualyktardyn birneshe shabuyldaryn tojtaryp barymtalangan maldardy kajtardy Toganastyn ozinin arnajy mori әkesi kalgan ak tuy bolgan Toganas erlikteri auyzsha zhazbasha derekterde tarihshylar E Bekmahanov pen Zh Қasymbaevtyn enbekterinde zertteushiler Қ Berdәuletovtin Bukarbaj batyr 1992 Toganas Dajrabajdyn Toganas batyr 1992 kitaptarynda zhәne Kelmembet batyr 1998 zhinagynda korinis tapkan Esentajuly Orazymbettin Bazar zhyrauga arnalgan tolgauynda Tamagyn ken kisinin Auzyndaj sabanyn Toganaspenen Bәjtiktej Tajmagan zhaudan tabanyn dep Toganas batyrdyn kim ekenin әjgilej tүsedi OkigaKezinde Shomekej ruy Қuandariya men Syrdariya Қarak tauy baurajyn kystap zhazda Tobyl men Өlkeayak ozeninin bojyn zhajlagan Bul ajmak Resej shekarasynan zhyraktau bolyp Hiua men Қokan handyktarynyn iek astynda zhatkandyktan olardan kop teperish korgen Zorlykshyl bekter Syr bojyna Zhanakala Қumkala Қyshkala Kүmiskorgan Akmeshit siyakty korgandar men zeket tobeler salyp elden alym salyk alyp otyrgan eken Halykty zar iletken baskynshylardyn biri kankujly alpauyt Қozhaniyazdy Syr bojynan kugan Қarakisyk pen Toganas batyr boldy Sol shajkasta Akkyr tauy manyndagy Қarak degen zherde ajkasyp Қozhaniyaz bekti ojsyrata zhenip Қozhaniyaz kamal bekinisin zhojyp zhiberdi DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy 18 tom Tynyshbek Dajrabaev Toganas batyr Zhauapty redaktor Turysbek Sәuketaev Rahmetullin Suretshi N F Chursin ISBN 5 610 01241 4

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық