Ежелгі Грекия театры
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен — жүзім мен шарап жасау құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.

Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.

Комедия
"Комедия" сөзі "" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" — өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады. Гректің ақындары —Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның шығармалары грек халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірін жан-жакты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр ғимараты орхестрен (дөңгелек алаң), театрыннан (көрермендер орны) және скенадан (алғашқы актерлердің киініп, сахнаға шығуына прпалған жай палатка) кұралды. Ежелгі Грекия театрларына көп көрермен сыятын.
- Мысалы, Дионистің Афиныдағы театры 17 мың пдамға арналса, Эпидаврдағы театрға 10 мыңдай адам бара алатын. Көрермендерге — бүкіл Афины азаматтарына театр ойын-сауықтарына бару үшін мерекелік ақша берілетін, ал олар сол ақшаға отыратын орындары көрсетілген арнаулы темір жетондарды сатып алатын. Қойылымдар таңертең басталып үш күнге созылатындықтан, көрермендер тамағы мен сусындарын өздерімен арқалап әкелетін.
Спектакль
Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін — бәрі баратын. Театралогия немесе жеке драма жазған драматург мейрамды ұйымдастырушы архонттан хор сұрайды. Архонт оны бай азаматтардан таңдалып алынған мемлекеттік міндет ретінде хор жинау, оны үйрету, мейрамнан кейінгі асты ұйымдастыру жүктелген хорегке тапсырады. 10 антикалық филдерден қазылар алқасы құрылады. Үш күндік байқаудан кейін жеребе бойынша таңдалып алынған 5 қазы соңғы шешімді шығарады. Үш жеңімпаз ақшалай марапатталған, бірақ шырмауық ағашының жапырақтарынан тоқылған тәжді тек бас жүлдеге ие болған драматургке кигізген. Бұл театр байқауында үшінші орын алу жеңілумен тең болды. Байқауға тек жаңа шығармалар қатысатын, ал егер де біреу бұрын қойылған ескі шығармасын ұсынса, ол байқаудан тыс көрсетілген. Актер-протагонист үлкен кұрметке ие болып, тіпті мемлекеттік тапсырмаларды да орындаған. Екінші және үшінші актерлер тікелей бірінші актерге міндетті болып, одан акы алып тұрған. Ақындар, хорегтер ,және басты рөл ойнаған актер- протагонистердің есімі арнайы актілерге жазылып, мемлекеттік архивте сақталған.

Б.з.д. IV ғасырдан бастап же4ім- паз-драматургтердің есімі дидаскалийлерге — мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім — котурныларды (20—ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды.Ежелгі грек театры – Антикалық театрдің бірі, кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Бұл күндері халық жұмыстан босатылып, мереке тойлау шараларына қатысуға міндетті болған. Афиныда Перикл басқарған кезінде кедейлерге театрге келуге қажетті қаражат бөлініп те отырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін грек театры жөнінде рим сәулетшісі б.з.б. 25 жылдар шамасында жазылған «Сәулет туралы» трактатында жазылғаннан басқа мәліметтер болған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде әр дәуірдегі грек театрлары жөнінде толыққанды деректер жеткілікті. Мың жылдан астам тарихы бар және географиялық аумағы бойынша Жерорта өзенінің бассейнін түгелдей дерлік қамтып жатқан антикалық театр құдіретті де біртұтас жүйе болып табылады. Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай:
- Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы).
- Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы).
- Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.).
- Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі.
Дионис (Вакх құдайдың екінші аты) – грек мифологиясындағы жүзім мен шарап құдайы, Зевс пен фивы ханшайымы Симеланың ұлы, антикалық құдайлар пантеонындағы ең құдіретті құдайлардың бірі, солып бара жатып қайта жанданған табиғат белгісі. Диониспен мифологиялық мағынаға сәйкес келетін: мысырлық құдайлар Осирис, Серапис және Амон, ежелгі ирандық Митра, Адонис, римдік Либерді атауға болады. Дионис қайғылы құдайлар қатарына жатқан. Б.з.б. 534 жылы Афины билеушісі тиран Писистрат Дионис культін мемлекеттік мейрам қатарына енгізу туралы шешім қабылданғаннан бастап Дионис құдай құрметіне жасалған мерекелер жыл сайын өткізілетін болды. Аңыз бойынша Дионис Аттикаға бірінші рет келіп, жұртқа шарап таратқанда Афины халқы «бізді улағысы келіп тұр» деп түсініп, оны өлтіріп тастайды. Өз әрекеттерінің дұрыс еместігін кеш түсінген афиндықтар кешірім алу үшін көптеген құрбандықтар шалып, Дионис құдайдың құрметіне арнап мерекелер ұйымдастырып, сайыстар өткізеді. Соның бірі – сахналық қойылымдар болды. Алғашында драмалық қойылымдар б.з.б. ІV ғасырдың аяғында Афинының орталық алаңында, қасиетті қара еменнің жанында ағаштан жасалған сахнада қойылды. Бірақ халық көп жиналғандықтан ағаш сахналар қирап қалды. Сол себепті б.з.б. ІҮ ғасырда Ликург дәуірінде көрермендерге арналған ағаш орындықтар тас орындықтарға ауыстырылды. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі.
Ежелгі грек театрының құрылысы
Афиныда алғашқы қойылымдар қала алаңдарының бірінде қойылып, көрермендерге арнап уақытша тақтайша үстелдер (оның биіктігі бар болғаны 38 см болды) орнатылған. Бірақ театрға халық көп жиналғандықтан, ол көпке шыдамай қирап қалады. Бұл оқиғадан кейін халық жиналысының шешімі бойынша Афины қамалының оңтүстігінде, дәлірек айтқанда Акропольде үлкен театр салынады. Театрдың негізі диаметрі 27 метрден тұратын тапталған дөңгелек жерді алды. Ортада Диониске құрбандық шалатын жер болды. Ежелгі грек театры қорған қызметін атқарған қаланың жоғарғы бөлігі Акрополь аумағында орналасқан. Грек қоғамының гүлденген дәуірінде театр өнері дамып, ол тек Дионис құдайдың құрметіне арнап қойыла бастады. «Ұлы Дионисийде» табиғат қысқы ұйқысынан оянып, дүние жаңғырған кезеңде Шығыс еліне тәрбиеленуге жіберілген Дионистың отанына оралуы қойылым түрінде көрсетілді. Осыдан еуропалық «карнавал» сөзі бастау алды (латын тілінде carrus navalis – «кеме арбасы» деген мағынаны білдіреді). Бұл мереке 6 күн бойына тойланды. Бірінші күні Дионис статуясын бір храмнан екінші храмға апаратын салтанатты шеру өтеді. Ол қолдарына пүлішке оранған найза ұстаған вакх, сатира, менад, бассаридтердің салтанатты шеруінен басталған. Мерекелік шеруге қатысушылардың бәрі би билеп, дифирамбтар мен фалликалық әндерді орындаған. Ал қалған күндері поэтикалық сайыстар өткізілді; 2-3 күндер – лирикалық хор дифирамбыларына; соңғы 3 күн – драмалық ойындарға бөлінді. Трагедиялық ойындар шамамен алғанда б.з.б. 534 жылы қойылса, комедиялық ойындар б.з.б 488-486 жылдары қойылды. «Ұлы Дионис» мерекесіне арналған тәртіп бойынша трагедиялық сайысқа үш драматург қана қатыса алды және ол тек үш трагедия немесе сатиралық драмасын ғана қоя алатын болды. Ал комедиялық сайыстарда ақын бір пьесасын ғана қойды. Ақын өз драмасында режиссер да, балетмейстер де, актер де болды. Ақындардың сайысқа қатысуын мерекені басқаратын архонт (үкімет мүшесі) белгілеп отырды. Осылайша, үкімет пьесаларға идеологиялық тұрғыда бақылау жасап отырды деп айтуға болады. Драманы қоюға қажетті шығынды бір дәулетті адам өз мойнына алып отырды және ол хорег (хор жетекшісі) болып тағайындалды. Хорег трагедия үшін 12 адамнан (кейін 15 адамнан) тұратын, ал комедия үшін 24 адамнан тұратын хор орындаушыларды таңдап алды. Хор орындаушылар репитиция өткізетін ғимараттың, сайысқа қажетті костюмдерінің ақшасын хорег төледі. Қойылымның ерекше сәнді, салтанатты өтуі хорегтің жомарттығына байланысты болды. Драмада үш актер ойнаса, негізгі рөлді ойнайтын актер – протагонист, екінші актер – девтерагонист, үшінші актер – тритагонист деп аталды. Ақынның хорегі кім болатындығы, негізгі актеры кім болатындығы архонт басқарған халық жиналысында жеребе тастау арқылы шешіліп отырды.

Драмалық сайыста әділқазылар алқасы 10 адамнан тұрды, яғни әрбір афиндық округтың бір өкілі қатысуға тиіс болды. Олар сайыстың басында алдын-ала жасалған тізім бойынша жеребе тастау арқылы анықталды. Афины театры үш ярустан тұрды және 78 қатары болды. Онда бір мезгілде 14 мыңнан 17 мың адамға дейін қойылымды тамашалай алатын болған. Бірінші қатарда мрамордан жасалған 76 орын болды. Мұнда әдетте абыздар, архонттар, әртүрлі лауазымды қызметкерлер мен құрметті қонақтар отырды. Алдыңғы қатардағы креслолардың бәрі атаулы болды, яғни олардың иесі болды. Скульптуралық суреттеулермен, балдахиндермен әшекейленген орталық алаңды Дионис құдайдың абызы иеленді. Ежелгі грек театры мынадай негізгі бөліктерден тұрды: орхестра, трибуна, проскения, скена. Драмалық және лирикалық хор орындалатын орхестра («пляскаға арналған алаң») театрдың негізгі бөлігі болып табылды. Демек, орхестрада хор орындаушылар мен актерлар өз өнерлерін көрсеткен. Ол 24 метр диаметрден тұратын дөңгелек тапталған жерді алды, екі жағында көрермендер кіретін есік болды. Актерлар мен хор орындаушылар түрлі маскалар киіп ойнады. Бұл оларды әртүрлі мимикалар жасаудан құтқарса, ал көрермендердің актерлар сомдап отырған образдарды тануға мүмкіндігі болды. Драмадағы актерлардың саны шектеулі болғандықтан, актерлар масканың көмегімен бірнеше рөлді, соның ішінде әйел адамның рөлін де ойнай алды. Трагедияны актерлар абыздар салтанатты жиындарда киетіндей ұзын киімдер киіп ойнады, ал комедиялар мен сатиралық драмаларды ойнағанда актерлар қарапайым, әдеттегі киімдерін киіп ойнай берді. Құдайлар адамдардан биігірек, ұзын болды деп түсінгендіктен трагедиялық актерлар аяқтарына биік өкшелі аяқ киім – котурн киіп ойнады. Ал барлық афиндықтар – көрермендер болып табылды. Мемлекет тарапынан театрға келу үшін арнайы ақша бөлініп, көрермендерге отыратын орындары көрсетілген металдан жасалған нөмірлер берілді. Қойылымдар таңертең басталып, кешке дейін созылатындықтан (трагедиялар үш күн қатарынан қойылды) көрермендер өздерімен бірге тамақтарын алып келді.
Дереккөздер
- Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Дуров В.С. Москва, 2004
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. Ленинград, 1981
- Тронский И.М. История античной литературы. Москва, Высшая школа, 1983
- Радциг С.И. История древнегреческой литературы. Москва, 1969
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Ежелгі Грекия театры туралы ақпарат, Ежелгі Грекия театры дегеніміз не? Ежелгі Грекия театры сөзі нені білдіреді?
Teatrdyn damu kezenderinin biri kone zamandagy teatr mәdenieti Ertedegi grek dramasy men zhүzim men sharap zhasau kurmetine auyldyk zherde mereke otkizu negizinde pajda boldy Bul merekelerde maskaly adamdar teke terisin kigender teke Dionistin kasiet tutatyn zhanuary oner korsetti Maskalylar horynyn bi aralas әnderinde dialog elementteri men sahnalyk kimyl әreket basym zhatty Ellinistik dәuirge dejin hor grek dramasyndagy basty element bolyp keldi Fespid birinshi bolyp b z d 534 zhyldyn kokteminde Ұly Dionis merekesinde ozinin tragediyasyn korsetip bas zhүldege ie boldy Sondyktan da b z d 534 zhyl әlem teatrynyn tugan zhyly dep sanalady Akyn Fespid hordan erekshe oryndaushyny akterdi bolip shygardy Sojtip dүniege birinshi akter protagonist keldi Hor basshysy korifej bastagan hor 12 kejinnen 15 adamnan kuraldy Grek dramasy ozinin damu procesinde dini әdet guryptardan birte birte alshaktaj berdi Sonymen birge drama grek mifterindegi materialdy molynan pajdalandy Қazir biz koldanatyn tragediya zhәne komediya sozderi Ezhelgi Grekiyada otken merekelerden shykkan Tragediya sozi grektin eki sozinen alyngan tragos teke zhәne ode olen әn yagni tekeler әni degen ugymdy beredi Bul at bizdi Dionistin serikteri satirlerge әkeledi men tekenin kosyndysynan turady denesi adamdiki bolganymen tekenin mүjizi sakaly tuyaktary kujrygy zhүni t b belgilerin zhapsyryp algan MaskalylarKomediya Komediya sozi Dioniske arnalgan mejramdagy koshede kydyryp zhүrgen kyzu әri konildi halyk zhәne ode olen әn degen ugymdardan shygyp kydyryp zhүrgen halyktyn әni dep audarylady Grektin akyndary Eshil Sofokl Evripid Aristofannyn shygarmalary grek halkynyn kogamdyk sayasi zhәne ruhani omirin zhan zhakty korsetti Teatr ojyndary ashyk dalada otkizildi Teatr gimaraty orhestren dongelek alan teatrynnan korermender orny zhәne skenadan algashky akterlerdin kiinip sahnaga shyguyna prpalgan zhaj palatka kuraldy Ezhelgi Grekiya teatrlaryna kop korermen syyatyn Mysaly Dionistin Afinydagy teatry 17 myn pdamga arnalsa Epidavrdagy teatrga 10 myndaj adam bara alatyn Korermenderge bүkil Afiny azamattaryna teatr ojyn sauyktaryna baru үshin merekelik aksha beriletin al olar sol akshaga otyratyn oryndary korsetilgen arnauly temir zhetondardy satyp alatyn Қojylymdar tanerten bastalyp үsh kүnge sozylatyndyktan korermender tamagy men susyndaryn ozderimen arkalap әkeletin SpektaklSpektaklder korsetilgen kezde barlyk zhumystar toktatylyp sottar zhabylyp tүrmedegi adamdar bosatylatyn Teatrga erler әjelder balalar tipti үj kuldaryna dejin bәri baratyn Teatralogiya nemese zheke drama zhazgan dramaturg mejramdy ujymdastyrushy arhonttan hor surajdy Arhont ony baj azamattardan tandalyp alyngan memlekettik mindet retinde hor zhinau ony үjretu mejramnan kejingi asty ujymdastyru zhүktelgen horegke tapsyrady 10 antikalyk filderden kazylar alkasy kurylady Үsh kүndik bajkaudan kejin zherebe bojynsha tandalyp alyngan 5 kazy songy sheshimdi shygarady Үsh zhenimpaz akshalaj marapattalgan birak shyrmauyk agashynyn zhapyraktarynan tokylgan tәzhdi tek bas zhүldege ie bolgan dramaturgke kigizgen Bul teatr bajkauynda үshinshi oryn alu zhenilumen ten boldy Bajkauga tek zhana shygarmalar katysatyn al eger de bireu buryn kojylgan eski shygarmasyn usynsa ol bajkaudan tys korsetilgen Akter protagonist үlken kurmetke ie bolyp tipti memlekettik tapsyrmalardy da oryndagan Ekinshi zhәne үshinshi akterler tikelej birinshi akterge mindetti bolyp odan aky alyp turgan Akyndar horegter zhәne basty rol ojnagan akter protagonisterdin esimi arnajy aktilerge zhazylyp memlekettik arhivte saktalgan B z d IV gasyrdan bastap zhe4im paz dramaturgterdin esimi didaskalijlerge mәrmәr taktalarga zhazyla bastady Teatrlarda әjel rolderin erler oryndady Akterlerdin bәri de maska әdemi kostyumder bojlaryn uzyn kylyp korsetetin tabany biik ayak kiim koturnylardy 20 ZOsm zhәne biik bas kiim kiip ojnady Үlken teatrda maskalar korermenderdin akterlerdi alystan korui њshin yngajly boldy zhәne akterler de maskalardy auystyru arkyly eki үsh rolderdi bir ak oryndady Maskalar agashtan ne kenepten zhasaldy kenep karkaska tartylyp gipspen zhabylyp boyalgan Maska tek betti gana emes bүkil basty zhapkan sondyktan parikti grekter tikelej maskaga ornyktyrgan Grek akterleri bi kimyl kozgalys onerin sheber mengerui kerek boldy Maska kiip mimikadan ajyrylgandyktan kimyl kozgalyska pantomimaga үlken konil bolindi Korinis kezinde Қudajlar pajda bolu үshin sahnada koterme mashinalar koldanyldy Sonymen katar spektaklde najzagajdyn kүnniћ kүrkiregen dybystaryn shygaratyn zhәne korermenderge korsetu effektisin tudyratyn koptegen mashinalar boldy Ezhelgi grek teatry Antikalyk teatrdin biri kejingi barlyk halykka anyz bolyp taragan mәdeniet oshagy Ezhelgi grek teatry genetikasy bojynsha ezhelgi dәuirdin kulttyk dәstүrlerinen bastau alady an aulau zher ondeu kysty shygaryp salu zhoktau ajtu t b Atalgan dәctүrlerdin karapajymdylygyna karamastan bulardan teatrlyk korinisterdin algashky bastamalaryn bajkauga bolady Yagni muzyka bi әn men sozdin үjlesimdiligi Ezhelgi grek teatrynyn ozi birneshe kүnge sozylyp saltanatty tүrde otken Dioniska arnalgan merekelerdi ataudan shykkan Bul merekelerde dramaturgter men akyndardyn shygarmalary hor sajystary arnajy salyngan sarajlarda otkizilgen Teatr ezhelgi grek kalasynyn kogamdyk zhәne ruhani omirinde manyzdy rol atkargan Bul kүnderi halyk zhumystan bosatylyp mereke tojlau sharalaryna katysuga mindetti bolgan Afinyda Perikl baskargan kezinde kedejlerge teatrge keluge kazhetti karazhat bolinip te otyrgan HIH gasyrdyn ekinshi zhartysyna dejin grek teatry zhoninde rim sәuletshisi b z b 25 zhyldar shamasynda zhazylgan Sәulet turaly traktatynda zhazylgannan baska mәlimetter bolgan zhok Қazirgi uakytta koptegen arheologiyalyk zertteulerdin nәtizhesinde әr dәuirdegi grek teatrlary zhoninde tolykkandy derekter zhetkilikti Myn zhyldan astam tarihy bar zhәne geografiyalyk aumagy bojynsha Zherorta ozeninin bassejnin tүgeldej derlik kamtyp zhatkan antikalyk teatr kudiretti de birtutas zhүje bolyp tabylady Zertteushiler ezhelgi grek teatryn omir sүru uakytyna karaj Tәuelsizdik dәuirindegi grek teatry Grek kala memleketterinin negizin saludan olardyn oz ozderin bileu kabiletinen aryluyna dejin b z b VI IV g ortasy Ellindik monarhiyalar teatry Aleksandr zhoryktarynan bastap rimdikter zhaulap aluga dejin b z b IV g ortasy II g aralygy Rim respublikalyk teatry Punikalyk sogystardan bastap Ұly tonkeriske dejin III Ig g Rim imperiyasy kezindegi teatr I IVg g dep 4 kezenge boledi Dionis Vakh kudajdyn ekinshi aty grek mifologiyasyndagy zhүzim men sharap kudajy Zevs pen fivy hanshajymy Simelanyn uly antikalyk kudajlar panteonyndagy en kudiretti kudajlardyn biri solyp bara zhatyp kajta zhandangan tabigat belgisi Dionispen mifologiyalyk magynaga sәjkes keletin mysyrlyk kudajlar Osiris Serapis zhәne Amon ezhelgi irandyk Mitra Adonis rimdik Liberdi atauga bolady Dionis kajgyly kudajlar kataryna zhatkan B z b 534 zhyly Afiny bileushisi tiran Pisistrat Dionis kultin memlekettik mejram kataryna engizu turaly sheshim kabyldangannan bastap Dionis kudaj kurmetine zhasalgan merekeler zhyl sajyn otkiziletin boldy Anyz bojynsha Dionis Attikaga birinshi ret kelip zhurtka sharap taratkanda Afiny halky bizdi ulagysy kelip tur dep tүsinip ony oltirip tastajdy Өz әreketterinin durys emestigin kesh tүsingen afindyktar keshirim alu үshin koptegen kurbandyktar shalyp Dionis kudajdyn kurmetine arnap merekeler ujymdastyryp sajystar otkizedi Sonyn biri sahnalyk kojylymdar boldy Algashynda dramalyk kojylymdar b z b IV gasyrdyn ayagynda Afinynyn ortalyk alanynda kasietti kara emennin zhanynda agashtan zhasalgan sahnada kojyldy Birak halyk kop zhinalgandyktan agash sahnalar kirap kaldy Sol sebepti b z b IҮ gasyrda Likurg dәuirinde korermenderge arnalgan agash oryndyktar tas oryndyktarga auystyryldy Ezhelgi grek sahnalyk onerinin bir ereksheligi ondagy kojylymdardyn ashyk aspan astynda otui bolatyn Ashyk aspan astynda salyngan teatrlar amfiteatr dep ataldy Қojylymdar әuelgide tek kүndiz kojyldy Teatr shatyrynyn bolmauy tabigi zharykty pajdalanu algashky grek teatrlarynyn ote үlken boluymen bajlanysty edi Arheologtardyn esepteuinshe ezhelgi afindyk teatrga 17000 korermen Efes teatryna 23000 adam al Arkadiyadagy Megalopol kalasynyn teatryna 44000 adam syjyp ketken Teatrlardyn munshalykty ken boluy kala halkyn tolyk kamtu maksatynan tugany tүsinikti Bul әrine grek mәdenietinin damuyna eleuli үles koskany belgili Ezhelgi grek teatrynyn kurylysyAfinyda algashky kojylymdar kala alandarynyn birinde kojylyp korermenderge arnap uakytsha taktajsha үstelder onyn biiktigi bar bolgany 38 sm boldy ornatylgan Birak teatrga halyk kop zhinalgandyktan ol kopke shydamaj kirap kalady Bul okigadan kejin halyk zhinalysynyn sheshimi bojynsha Afiny kamalynyn ontүstiginde dәlirek ajtkanda Akropolde үlken teatr salynady Teatrdyn negizi diametri 27 metrden turatyn taptalgan dongelek zherdi aldy Ortada Dioniske kurbandyk shalatyn zher boldy Ezhelgi grek teatry korgan kyzmetin atkargan kalanyn zhogargy boligi Akropol aumagynda ornalaskan Grek kogamynyn gүldengen dәuirinde teatr oneri damyp ol tek Dionis kudajdyn kurmetine arnap kojyla bastady Ұly Dionisijde tabigat kysky ujkysynan oyanyp dүnie zhangyrgan kezende Shygys eline tәrbielenuge zhiberilgen Dionistyn otanyna oraluy kojylym tүrinde korsetildi Osydan europalyk karnaval sozi bastau aldy latyn tilinde carrus navalis keme arbasy degen magynany bildiredi Bul mereke 6 kүn bojyna tojlandy Birinshi kүni Dionis statuyasyn bir hramnan ekinshi hramga aparatyn saltanatty sheru otedi Ol koldaryna pүlishke orangan najza ustagan vakh satira menad bassaridterdin saltanatty sheruinen bastalgan Merekelik sheruge katysushylardyn bәri bi bilep difirambtar men fallikalyk әnderdi oryndagan Al kalgan kүnderi poetikalyk sajystar otkizildi 2 3 kүnder lirikalyk hor difirambylaryna songy 3 kүn dramalyk ojyndarga bolindi Tragediyalyk ojyndar shamamen alganda b z b 534 zhyly kojylsa komediyalyk ojyndar b z b 488 486 zhyldary kojyldy Ұly Dionis merekesine arnalgan tәrtip bojynsha tragediyalyk sajyska үsh dramaturg kana katysa aldy zhәne ol tek үsh tragediya nemese satiralyk dramasyn gana koya alatyn boldy Al komediyalyk sajystarda akyn bir pesasyn gana kojdy Akyn oz dramasynda rezhisser da baletmejster de akter de boldy Akyndardyn sajyska katysuyn merekeni baskaratyn arhont үkimet mүshesi belgilep otyrdy Osylajsha үkimet pesalarga ideologiyalyk turgyda bakylau zhasap otyrdy dep ajtuga bolady Dramany koyuga kazhetti shygyndy bir dәuletti adam oz mojnyna alyp otyrdy zhәne ol horeg hor zhetekshisi bolyp tagajyndaldy Horeg tragediya үshin 12 adamnan kejin 15 adamnan turatyn al komediya үshin 24 adamnan turatyn hor oryndaushylardy tandap aldy Hor oryndaushylar repiticiya otkizetin gimarattyn sajyska kazhetti kostyumderinin akshasyn horeg toledi Қojylymnyn erekshe sәndi saltanatty otui horegtin zhomarttygyna bajlanysty boldy Dramada үsh akter ojnasa negizgi roldi ojnajtyn akter protagonist ekinshi akter devteragonist үshinshi akter tritagonist dep ataldy Akynnyn horegi kim bolatyndygy negizgi aktery kim bolatyndygy arhont baskargan halyk zhinalysynda zherebe tastau arkyly sheshilip otyrdy Afinadagy rim dәuirinde Dramalyk sajysta әdilkazylar alkasy 10 adamnan turdy yagni әrbir afindyk okrugtyn bir okili katysuga tiis boldy Olar sajystyn basynda aldyn ala zhasalgan tizim bojynsha zherebe tastau arkyly anyktaldy Afiny teatry үsh yarustan turdy zhәne 78 katary boldy Onda bir mezgilde 14 mynnan 17 myn adamga dejin kojylymdy tamashalaj alatyn bolgan Birinshi katarda mramordan zhasalgan 76 oryn boldy Munda әdette abyzdar arhonttar әrtүrli lauazymdy kyzmetkerler men kurmetti konaktar otyrdy Aldyngy katardagy kreslolardyn bәri atauly boldy yagni olardyn iesi boldy Skulpturalyk suretteulermen baldahindermen әshekejlengen ortalyk alandy Dionis kudajdyn abyzy ielendi Ezhelgi grek teatry mynadaj negizgi bolikterden turdy orhestra tribuna proskeniya skena Dramalyk zhәne lirikalyk hor oryndalatyn orhestra plyaskaga arnalgan alan teatrdyn negizgi boligi bolyp tabyldy Demek orhestrada hor oryndaushylar men akterlar oz onerlerin korsetken Ol 24 metr diametrden turatyn dongelek taptalgan zherdi aldy eki zhagynda korermender kiretin esik boldy Akterlar men hor oryndaushylar tүrli maskalar kiip ojnady Bul olardy әrtүrli mimikalar zhasaudan kutkarsa al korermenderdin akterlar somdap otyrgan obrazdardy tanuga mүmkindigi boldy Dramadagy akterlardyn sany shekteuli bolgandyktan akterlar maskanyn komegimen birneshe roldi sonyn ishinde әjel adamnyn rolin de ojnaj aldy Tragediyany akterlar abyzdar saltanatty zhiyndarda kietindej uzyn kiimder kiip ojnady al komediyalar men satiralyk dramalardy ojnaganda akterlar karapajym әdettegi kiimderin kiip ojnaj berdi Қudajlar adamdardan biigirek uzyn boldy dep tүsingendikten tragediyalyk akterlar ayaktaryna biik oksheli ayak kiim koturn kiip ojnady Al barlyk afindyktar korermender bolyp tabyldy Memleket tarapynan teatrga kelu үshin arnajy aksha bolinip korermenderge otyratyn oryndary korsetilgen metaldan zhasalgan nomirler berildi Қojylymdar tanerten bastalyp keshke dejin sozylatyndyktan tragediyalar үsh kүn katarynan kojyldy korermender ozderimen birge tamaktaryn alyp keldi DerekkozderӨner Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Қ Bolatbaev E Қosbarmakov A Erkebaj Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 33 998 8 Antichnaya literatura Anpetkova Sharova G G Durov V S Moskva 2004 Antichnaya literatura Anpetkova Sharova G G Chekalova E I Leningrad 1981 Tronskij I M Istoriya antichnoj literatury Moskva Vysshaya shkola 1983 Radcig S I Istoriya drevnegrecheskoj literatury Moskva 1969Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet

