Айтақын Алпысбаев
Айтақын Алпысбайұлы Алпысбаев (15 қазан 1921, Текес, Райымбек ауданы, Алматы облысы – 3 желтоқсан 2010, Алматы) – кеңестік және қазақстандық мемлекет және партия қайраткері. Қазақстан КП Қапал аудандық, Қаратал аудандық және Кербұлақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ІХ шақырылым депутаты (1975—1980).

Өмірбаяны
Алпысбаев Айтақын 1921 жылғы 15 қазанда шаруалар отбасында дүниеге келген. Отбасында кенже бала болып туған. Ұлы жүз, Албан руынан тарайды. Ағасы Алпысбаев Ахмет революционер, Қазақстанда алғашқы кеңестер құруға атсалысқан. Кеңес Одағының алғашқы жылдарында Байынқол мен Жаркент уездерінде, Қарқара (кейін Ұйғыр ауданы) мен Іле аудандарында атқару комитетінің төрағасы, төраға орынбасары болған. 1930-жылдары қуғындалған.
Айтақын 1937 жылы Буденный атындағы 7 жылдық мектепті бітірді. 1938-1939 жылдары Алматыдағы театр училищесінде оқыған.
1942 жылы Ұлы Отан соғысына Кеген әскери комиссариатынан шақырылады. Майданда Старый Русь қаласын азат етуге қатысады. Мұнда 86-атқыштар бригадасының құрамында снайпер болып қызмет еткен. Кейін екінші екпінді әскердің 120 мм миномет полкының 2-дивизиясының 1-взводына миномет расчетының командирі болып тағайындалды. Минометпен жау әскерін талқандағаны үшін 4 мәрте "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Псков, Дно, Рига, Тухумус қалаларын азат етуге қатысты. Соғыс аяқталған соң, Петербор жанындағы Выборг маңында көпірлерді минадан тазартуға атсалысты. Тек 1946 жылы маусымда туған өлкесіне оралды.
1949-1954 жылдары Алматы зоотехникалық -мал дәрігерлік институтында оқыды. Кейін Кеген ауданының Кеген МТС-на бас зоотехник болып жұмысқа алынады. Мұнда арқар-меринос қойының жүнділігін арттыру туралы ғылыми жұмыспен шұғылданады. Одан кейін көршілес жатқан Нарынқол ауданында (Райымбек ауданы) Шәлкөде машина мал шаруашылығы станциясына (МЖС) жібереді. 1958 жылғы сәуірде Нарынқол аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Қызметі өрлей беріп, ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, кейін Нарынқол аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы болып 1961 жылға дейін жұмыс істейді.

1961 жылғы сәуірде Қапал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Мұнда бір жыл жұмыс істеген соң, Кеген ауданына оралып, аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалады. Бұл қызметінде 1962-1966 жылдар аралығында жұмыс істеген кезде, Айтақын Алпысбаев ауданға екі рет келіп-кеткен Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Д.Қонаевпен танысады.
1966 жылы Қаратал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет ете бастайды. Бұл қызметінде 1973 жылғы дейін істеп, Қаратал ауданындағы күріш шаруашылығы қалпына келтірілді. Аудандағы киіз үй шығаратын комбинаттың өнімділігі жылына 15 000 киіз үйге дейін артып, даңқы КСРО көлемінде таралды.
1973 жылғы желтоқсанда Қазақ КСР Жоғағры Кеңесі Төралқасының жарлығымен Гвардия ауданының құрамынан Кербұлақ ауданы құрылып, оның аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Айтақын Алпысбаев тағайындалды. Бұл қызметінде 10 жыл бойы 1983 жылға дейін істеп, жаңа ауданның негізін қалады. Ауданның елді-мекендерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымды қалыптастырды.
Кербұлақ ауданы негізінен қой шаруашылығымен айналысты. Аудандағы мал тұқымын асылдандыру, мал бордақылау комплекстерін құру мәселелері жайлы 1977 жылы "Қойлы өңір Кербұлақ" атты кітабы жарық көрді.
1975-1980 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып қызмет етті.
1983 жылы Республикалық деңгейде зейнетке шықты. 1985-1986 жылдары Алматы облысы ауыл шаруашылық басқармасының құрылыс жөніндегі біріккен басшылығының бас инженері, 1986-1987 жылдары Алматы облысы орталық базарларының облыстық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
1987-1997 жылдар аралығында "Райымбек батыр" қоғамдық қорының төрағасы болып, Алматыдағы Райымбек батыр кесенесінің жаңартылуына атсалысты. 1996 жылы Райымбек ауданының Сарыжаз ауылына Райымбек батырдың еңселі ескерткіші қойылды.
2010 жылы 90 жасқа қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Кеңсай зиратында жерленген.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округінің Жалғамыс ауылында Айтақын Алпысбаев құрметіне ашылған көше бар.
Марапаттары
- 4 мәрте "Ерлігі үшін" медалі;
- 1-дәрежелі Отан соғысы ордені;
- Қазан төңкерісі ордені;
- 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені;
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте "Құрмет" грамотасы;
Айтақын Алпысбаевтың есімі Республиканың "Құрмет кітабына" жазылды.
Дереккөздер
- Алпысбаев Ахмет
- https://alatauaraiy.kz/2024/03/28/basty-mindet-awyldyng-aelewetin-arttyrw-aekim/
- https://nabrk.kz/kk/e-catalog?searchType=simple&field=all&value=%D2%9A%D0%BE%D0%B9%D0%BB%D1%8B%20%D3%A9%D2%A3%D1%96%D1%80&operator=AND
- Список депутатов Верховного Совета Казахской ССР IX созыва
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V18DRG04586
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Айтақын Алпысбаев туралы ақпарат, Айтақын Алпысбаев дегеніміз не? Айтақын Алпысбаев сөзі нені білдіреді?
Ajtakyn Alpysbajuly Alpysbaev 15 kazan 1921 Tekes Rajymbek audany Almaty oblysy 3 zheltoksan 2010 Almaty kenestik zhәne kazakstandyk memleket zhәne partiya kajratkeri Қazakstan KP Қapal audandyk Қaratal audandyk zhәne Kerbulak audandyk komitetinin birinshi hatshysy Қazak KSR Zhogargy Kenesinin IH shakyrylym deputaty 1975 1980 Ajtakyn AlpysbaevӨmirbayanyAlpysbaev Ajtakyn 1921 zhylgy 15 kazanda sharualar otbasynda dүniege kelgen Otbasynda kenzhe bala bolyp tugan Ұly zhүz Alban ruynan tarajdy Agasy Alpysbaev Ahmet revolyucioner Қazakstanda algashky kenester kuruga atsalyskan Kenes Odagynyn algashky zhyldarynda Bajynkol men Zharkent uezderinde Қarkara kejin Ұjgyr audany men Ile audandarynda atkaru komitetinin toragasy toraga orynbasary bolgan 1930 zhyldary kugyndalgan Ajtakyn 1937 zhyly Budennyj atyndagy 7 zhyldyk mektepti bitirdi 1938 1939 zhyldary Almatydagy teatr uchilishesinde okygan 1942 zhyly Ұly Otan sogysyna Kegen әskeri komissariatynan shakyrylady Majdanda Staryj Rus kalasyn azat etuge katysady Munda 86 atkyshtar brigadasynyn kuramynda snajper bolyp kyzmet etken Kejin ekinshi ekpindi әskerdin 120 mm minomet polkynyn 2 diviziyasynyn 1 vzvodyna minomet raschetynyn komandiri bolyp tagajyndaldy Minometpen zhau әskerin talkandagany үshin 4 mәrte Erligi үshin medalimen marapattaldy Pskov Dno Riga Tuhumus kalalaryn azat etuge katysty Sogys ayaktalgan son Peterbor zhanyndagy Vyborg manynda kopirlerdi minadan tazartuga atsalysty Tek 1946 zhyly mausymda tugan olkesine oraldy 1949 1954 zhyldary Almaty zootehnikalyk mal dәrigerlik institutynda okydy Kejin Kegen audanynyn Kegen MTS na bas zootehnik bolyp zhumyska alynady Munda arkar merinos kojynyn zhүndiligin arttyru turaly gylymi zhumyspen shugyldanady Odan kejin korshiles zhatkan Narynkol audanynda Rajymbek audany Shәlkode mashina mal sharuashylygy stanciyasyna MZhS zhiberedi 1958 zhylgy sәuirde Narynkol audandyk atkaru komiteti toragasynyn birinshi orynbasary bolyp tagajyndaldy Қyzmeti orlej berip auyl sharuashylyk inspekciyasynyn bastygy kejin Narynkol audandyk kenes atkaru komitetinin toragasy bolyp 1961 zhylga dejin zhumys istejdi Қaratal audandyk partiya komitetinin 1 hatshysy Ajtakyn Alpysbaev 1961 zhylgy sәuirde Қapal audandyk partiya komitetinin birinshi hatshysy bolyp tagajyndaldy Munda bir zhyl zhumys istegen son Kegen audanyna oralyp ajmaktyk auyl sharuashylygy baskarmasynyn bastygy bolyp tagajyndalady Bul kyzmetinde 1962 1966 zhyldar aralygynda zhumys istegen kezde Ajtakyn Alpysbaev audanga eki ret kelip ketken Қazakstan KP OK birinshi hatshysy D Қonaevpen tanysady 1966 zhyly Қaratal audandyk partiya komitetinin birinshi hatshysy bolyp kyzmet ete bastajdy Bul kyzmetinde 1973 zhylgy dejin istep Қaratal audanyndagy kүrish sharuashylygy kalpyna keltirildi Audandagy kiiz үj shygaratyn kombinattyn onimdiligi zhylyna 15 000 kiiz үjge dejin artyp danky KSRO koleminde taraldy 1973 zhylgy zheltoksanda Қazak KSR Zhogagry Kenesi Toralkasynyn zharlygymen Gvardiya audanynyn kuramynan Kerbulak audany kurylyp onyn audandyk partiya komitetinin birinshi hatshysy bolyp Ajtakyn Alpysbaev tagajyndaldy Bul kyzmetinde 10 zhyl bojy 1983 zhylga dejin istep zhana audannyn negizin kalady Audannyn eldi mekenderinde abattandyru zhumystary zhүrgizilip infrakurylymdy kalyptastyrdy Kerbulak audany negizinen koj sharuashylygymen ajnalysty Audandagy mal tukymyn asyldandyru mal bordakylau kompleksterin kuru mәseleleri zhajly 1977 zhyly Қojly onir Kerbulak atty kitaby zharyk kordi 1975 1980 zhyldar aralygynda Қazak KSR Zhogargy Kenesinin deputaty bolyp kyzmet etti 1983 zhyly Respublikalyk dengejde zejnetke shykty 1985 1986 zhyldary Almaty oblysy auyl sharuashylyk baskarmasynyn kurylys zhonindegi birikken basshylygynyn bas inzheneri 1986 1987 zhyldary Almaty oblysy ortalyk bazarlarynyn oblystyk baskarmasynyn bastygy bolyp zhumys istedi 1987 1997 zhyldar aralygynda Rajymbek batyr kogamdyk korynyn toragasy bolyp Almatydagy Rajymbek batyr kesenesinin zhanartyluyna atsalysty 1996 zhyly Rajymbek audanynyn Saryzhaz auylyna Rajymbek batyrdyn enseli eskertkishi kojyldy 2010 zhyly 90 zhaska karagan shagynda Almaty kalasynda kajtys boldy Kensaj ziratynda zherlengen Almaty oblysy Talgar audany Қajnar auyldyk okruginin Zhalgamys auylynda Ajtakyn Alpysbaev kurmetine ashylgan koshe bar Marapattary4 mәrte Erligi үshin medali 1 dәrezheli Otan sogysy ordeni Қazan tonkerisi ordeni 3 mәrte Enbek Қyzyl Tu ordeni Қazak KSR Zhogargy Kenesinin үsh mәrte Қurmet gramotasy Ajtakyn Alpysbaevtyn esimi Respublikanyn Қurmet kitabyna zhazyldy DerekkozderAlpysbaev Ahmet https alatauaraiy kz 2024 03 28 basty mindet awyldyng aelewetin arttyrw aekim https nabrk kz kk e catalog searchType simple amp field all amp value D2 9A D0 BE D0 B9 D0 BB D1 8B 20 D3 A9 D2 A3 D1 96 D1 80 amp operator AND Spisok deputatov Verhovnogo Soveta Kazahskoj SSR IX sozyva https adilet zan kz kaz docs V18DRG04586
