Хадиша Бөкеева
Бөкеева Хадиша (21.02.1917 - 31.01.2011, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы ) — қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған ().
| Хадиша Бөкеева | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 21 ақпан 1917 |
| Туған жері | Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы |
| Қайтыс болған күні | 31 қаңтар 2011 (93 жас) |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актриса, Профессор |
| Марапаттары | |
Жалпы мәліметтер
- Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), курстарымен тұтас келіп, Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің ), Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Людмила ( “Кешіккен махаббатында”) сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған.
- Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. Сол кезден бастап актриса Қазақ драма театрының сахнасында Қарлыға, Әйгерім (Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысы” мен “Абайында”), Күнікей (Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Сәуле ( “Сәулесі” мен “Достық пен махаббатында”), Майра, Маржан (Ә. Тәжібаевтың “Майрасы” мен “Көңілдестерінде”), Катарина, Эмилия, Королева Маргарита (Шекспирдің “Асауға тұсау”, “Отелло”, “Ричард ІІІ-сінде”), Катерина, Негина, Кручинина (Островскийдің “Найзағай”, “Таланттар мен табынушылар” және “Жазықсыз жапа шеккендерінде”), Мехменебану, Әйел (Н.Хикметтің “Фархад — Шырыны” мен “Елеусіз қалған есіл ерінде”), Айша апай (Ш. Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ана (Қ.Мұхамеджановтың “Жат елдесінде”), Луиза ( “Зұлымдық пен махаббатында”), Диана (Лопе де Веганың “Шөп қорыған итінде”), Беатриче (Мольердің “Екі мырзаға бір қызметшісінде”), Сидзу (Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), Ана және Сот ( “Қалыңдық пен күйеуінде”), Соқыр әйел (М. Метерлинктің “Соқырларында”), т.б. әр ұлттың характеріндегі сан қырлы образдарды сомдады.
Шығармашылығы
- Бөкееваның табиғи дарыны мен актерлік шеберлігі қазақ театрының сахнасында небір айшықты бейнелерді дүниеге келтіріп, бірнеше буын көрермендердің мәдени-көркемдік талғамын қалыптастыруға әсер етті. Әлемдік классиканың, орыс және басқа халықтардың таңдаулы шығармаларындағы әр алуан бейнелерді дәл сол елдің таңдаулы шеберлері дәрежесінде сомдай білген Бөкеева, сонымен бірге, тек қана қазақ актрисасы болып қала білді. Оның Қарлығасы ерліктің, өрліктің, қайраттың, елдікті сынар намыстың, сонымен бірге нәзік жанды әйелдің жиынтық бейнесі. Ел қорғауда батыр қыз әке алдында ибалы, бірақ әпербақан еркектердің алдында қара тастан бетер қайсарлық танытады. Ал махаббат алдында нәзік, тіпті дәрменсіз. Бөкееваның ойнауында Қарлығаның осы мінезінің бәрі дәлелді, сенімді, ерге ер, серіге сері деген қазақ қызының бейнесін жан-жақты ашады. Ал, оның оттай лаулап, құйындай ойнаған Катаринасы кезінде ерекше құбылыс деп танылып, қазақ өнерінің дәрежесін Шекспирдің өз еліне танытқан. Сонда да Бөкеева “ағылшынданып” кеткен жоқ, қайта Катаринаны қазақ қызының бойындағы ашық, еркін, ерке де ұстамды, жүрек қозғайтын қылықты мінездерімен байытты. Бөкеева сомдаған Қарлыға, Әйгерім, Мехменебану, Сәуле, Катерина образдары қазақ театрының тарихындағы айрықша шоқтығы биік туындылар, канондық нұсқалар. Бөкееваның тағы бір қыры — көркемсөз оқу. Ешқандай декорациясыз, костюмсіз, үн мен мимиканың қуатымен тұтас бейнені елестету үшін үлкен шеберлікке қоса іштей терең тебіреніс, толғаныс, сезім керек.
- 1952 жылы қойылған “Абай” спектаклінде Бөкеева бастаушының бейнесін атқарды. Сахнадағы өтіп жатқан оқиғаны сырттай бақылап тұрғандай әсер қалдыратын Бастаушы — Бөкееваның үні, оқиғаға сай мимикасы, дауысының дірілі Абай заманы мен оның замандастырының қам-қарекетін көз алдыңызға әкелетін. Сондықтан да бұл жұмысы үшін Бөкееваға (1952) берілді.
- Бөкеева орыс театрларында қойылған А. Афиногеновтың “Қарсаңда”, А. Толстойдың “Иван Грозный”, А. Корнейчуктың “Жеңімпаздары” сияқты спектакльдерге қатысып, өз өнерінің тағы бір қырын байқатты.
- Ол бірнеше киноға түсіп, қазақ киносының қалыптасуына да үлес қосты. “Райхан”, “Асау Ертіс жағасында”, “Даладағы дарақ”, “Тұлпардың ізі”, т.б. фильмдер қазақ киносы тарихындағы кезеңді туындылар. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызметпен айналысқан Бөкеева өзінің тағы бір дарынын танытты. Еліміздің барлық театрларында қызмет істейтін оның шәкірттері қазақ театр өнеріне айтарлықтай үлес қосты.
Еңбек жолы
- 1938-1942 жж Шымкент облысы қазақ драма театрының әртісі;
- 1942 жылдан өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі. (1942-2011)
- 1965 жылдан бастап ұстаздық қызыметін атқарды.
Шәкірттері
- Қазақстанның халық артисттері: Ә. , Қ. , Д. , Т. , М. , Р. және т.б
Марапаттары
Х.Букееваның қазақ ұлттық өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбегі үшін:
- 1946 - "Құрмет белгісі" Ордені
- 1952 - лауреаты (“Абай” спектакліндегі "Айгерім" бейнесі үшін)
- 1957 - Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі)
- 1959 - КСРОның ең жоғарғы Ленин ордені берілді.
- 1964 - КСРО халық әртісі
- 1974 - Профессор
- 1987 - "Халықтар Достығы" Ордені
- 2000 жылы ҚР президентінің жарлығымен ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталды.
- Бірнеше медальдар мен "Құрмет" грамоталарымен де марапатталған.
Жеке өмірі
- Хадиша Букееваның жұбайы қазақ опера әншісі, педогог-профессор Қазақ КСР халық артисі (1954), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстанның ең жоғарғы «Отан ордені»нің иегері (1920-1998жж).
Естеліктер
- Актрисаның туған жерінде музей ашылған, бас көшеге есімі берілген.
- 2014 жылы актрисаның атымен аталатын Орал қаласында драма театрына есімі берілген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Хадиша Бөкеева туралы ақпарат, Хадиша Бөкеева дегеніміз не? Хадиша Бөкеева сөзі нені білдіреді?
Bokeeva Hadisha 21 02 1917 31 01 2011 Batys Қazakstan oblysy Kaztalov audany Kaztalovka auyly kazakstandyk zhәne buryngy sovetodagynyn kino zhәne teatr aktrisasy teatr kajratkeri professor KSRO zhәne Қazakstannyn halyk әrtisi KSRO Memlekettik syjlygynyn laureaty Қazakstan Respublikasynyn en zhogargy Otan ordeni men marapattalgan Hadisha BokeevaZhalpy maglumatTugan kүni21 akpan 1917 1917 02 21 Tugan zheriBatys Қazakstan oblysy Kaztalov audany Kaztalovka auylyҚajtys bolgan kүni31 kantar 2011 2011 01 31 93 zhas Azamattygy KSRO ҚazakstanMamandygyaktrisa ProfessorMarapattaryZhalpy mәlimetterSankt Peterburg teatr oneri institutyn bitirgen son 1938 kurstarymen tutas kelip Shymkent oblysynyn drama teatryn ashkan Osy teatrda Enlik M Әuezovtin Aktokty Ғ Mүsirepovtin Akan seri Aktoktysynda Lyudmila Keshikken mahabbatynda siyakty roldermen korermen nazaryn audargan Bokeeva 1942 zhyly Shekspirdin Asauga tusauyndagy Katarinany ojnau үshin Almatyga Қazak drama teatryna shakyryldy Sol kezden bastap aktrisa Қazak drama teatrynyn sahnasynda Қarlyga Әjgerim Әuezovtin Қarakypshak Қobylandysy men Abajynda Kүnikej Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan suluynda Sәule Sәulesi men Dostyk pen mahabbatynda Majra Marzhan Ә Tәzhibaevtyn Majrasy men Konildesterinde Katarina Emiliya Koroleva Margarita Shekspirdin Asauga tusau Otello Richard III sinde Katerina Negina Kruchinina Ostrovskijdin Najzagaj Talanttar men tabynushylar zhәne Zhazyksyz zhapa shekkenderinde Mehmenebanu Әjel N Hikmettin Farhad Shyryny men Eleusiz kalgan esil erinde Ajsha apaj Sh Ajtmatovtyn Koktobedegi kezdesuinde Ana Қ Muhamedzhanovtyn Zhat eldesinde Luiza Zulymdyk pen mahabbatynda Diana Lope de Veganyn Shop korygan itinde Beatriche Molerdin Eki myrzaga bir kyzmetshisinde Sidzu Kaorudyn Shygystagy bir bejbagynda Ana zhәne Sot Қalyndyk pen kүjeuinde Sokyr әjel M Meterlinktin Sokyrlarynda t b әr ulttyn harakterindegi san kyrly obrazdardy somdady ShygarmashylygyBokeevanyn tabigi daryny men akterlik sheberligi kazak teatrynyn sahnasynda nebir ajshykty bejnelerdi dүniege keltirip birneshe buyn korermenderdin mәdeni korkemdik talgamyn kalyptastyruga әser etti Әlemdik klassikanyn orys zhәne baska halyktardyn tandauly shygarmalaryndagy әr aluan bejnelerdi dәl sol eldin tandauly sheberleri dәrezhesinde somdaj bilgen Bokeeva sonymen birge tek kana kazak aktrisasy bolyp kala bildi Onyn Қarlygasy erliktin orliktin kajrattyn eldikti synar namystyn sonymen birge nәzik zhandy әjeldin zhiyntyk bejnesi El korgauda batyr kyz әke aldynda ibaly birak әperbakan erkekterdin aldynda kara tastan beter kajsarlyk tanytady Al mahabbat aldynda nәzik tipti dәrmensiz Bokeevanyn ojnauynda Қarlyganyn osy minezinin bәri dәleldi senimdi erge er serige seri degen kazak kyzynyn bejnesin zhan zhakty ashady Al onyn ottaj laulap kujyndaj ojnagan Katarinasy kezinde erekshe kubylys dep tanylyp kazak onerinin dәrezhesin Shekspirdin oz eline tanytkan Sonda da Bokeeva agylshyndanyp ketken zhok kajta Katarinany kazak kyzynyn bojyndagy ashyk erkin erke de ustamdy zhүrek kozgajtyn kylykty minezderimen bajytty Bokeeva somdagan Қarlyga Әjgerim Mehmenebanu Sәule Katerina obrazdary kazak teatrynyn tarihyndagy ajryksha shoktygy biik tuyndylar kanondyk nuskalar Bokeevanyn tagy bir kyry korkemsoz oku Eshkandaj dekoraciyasyz kostyumsiz үn men mimikanyn kuatymen tutas bejneni elestetu үshin үlken sheberlikke kosa ishtej teren tebirenis tolganys sezim kerek 1952 zhyly kojylgan Abaj spektaklinde Bokeeva bastaushynyn bejnesin atkardy Sahnadagy otip zhatkan okigany syrttaj bakylap turgandaj әser kaldyratyn Bastaushy Bokeevanyn үni okigaga saj mimikasy dauysynyn dirili Abaj zamany men onyn zamandastyrynyn kam kareketin koz aldynyzga әkeletin Sondyktan da bul zhumysy үshin Bokeevaga 1952 berildi Bokeeva orys teatrlarynda kojylgan A Afinogenovtyn Қarsanda A Tolstojdyn Ivan Groznyj A Kornejchuktyn Zhenimpazdary siyakty spektaklderge katysyp oz onerinin tagy bir kyryn bajkatty Ol birneshe kinoga tүsip kazak kinosynyn kalyptasuyna da үles kosty Rajhan Asau Ertis zhagasynda Daladagy darak Tulpardyn izi t b filmder kazak kinosy tarihyndagy kezendi tuyndylar 1965 zhyldan bastap ustazdyk kyzmetpen ajnalyskan Bokeeva ozinin tagy bir darynyn tanytty Elimizdin barlyk teatrlarynda kyzmet istejtin onyn shәkirtteri kazak teatr onerine ajtarlyktaj үles kosty Enbek zholy1938 1942 zhzh Shymkent oblysy kazak drama teatrynyn әrtisi 1942 zhyldan omirinin sonyna dejin M Әuezov atyndagy Қazak memlekettik akademiyalyk drama teatrynyn artisi 1942 2011 1965 zhyldan bastap ustazdyk kyzymetin atkardy ShәkirtteriҚazakstannyn halyk artistteri Ә Қ D T M R zhәne t bMarapattaryH Bukeevanyn kazak ulttyk onerine sinirgen ajryksha eren enbegi үshin 1946 Қurmet belgisi Ordeni 1952 laureaty Abaj spektaklindegi Ajgerim bejnesi үshin 1957 Қazakstannyn halyk әrtisi Қazak KSR halyk artisi 1959 KSROnyn en zhogargy Lenin ordeni berildi 1964 KSRO halyk әrtisi 1974 Professor 1987 Halyktar Dostygy Ordeni 2000 zhyly ҚR prezidentinin zharlygymen en zhogargy Otan ordeni men marapattaldy Birneshe medaldar men Қurmet gramotalarymen de marapattalgan Zheke omiriHadisha Bukeevanyn zhubajy kazak opera әnshisi pedogog professor Қazak KSR halyk artisi 1954 KSRO Memlekettik syjlygynyn laureaty 1949 Қazakstannyn en zhogargy Otan ordeni nin iegeri 1920 1998zhzh EstelikterAktrisanyn tugan zherinde muzej ashylgan bas koshege esimi berilgen 2014 zhyly aktrisanyn atymen atalatyn Oral kalasynda drama teatryna esimi berilgen Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Muhtar Әuezov enciklopediyasy Almaty Atamura baspasy 2011 zhyl ISBN 978 601 282 175 8 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz

