Уикипедия

Наурыз көже

Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндет деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады.

image
Наурыз көже

Қазақ дәстүрі

Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Құрамы

Наурыз көже жеті түрлі тағамнан дайындалады. Әдетте құрамында су, сүр ет, тары, бидай, күріш, май, айран, тұз сияқты өнімдер болады. Кейбір аймақтарда бұршақ немесе сәбіз де қосылады.

Наурыз көже жасау

image
Наурыз көже инфографигі

Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!

Мәдени маңызы

Наурыз көже — жаңа жыл мен көктемнің символы. Оны ішу арқылы адамдар өткен жылдағы ренішті ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейді. Наурыз көже дастарханда міндетті түрде болуы керек ұлттық тағам ретінде саналады.

Аймақтық ерекшеліктері

Қазақстанның әр өңірінде наурыз көже әртүрлі дайындалады. Мысалы, кей аймақтарда оған қайнатылған сүт немесе айран қосылады, ал кей жерде көжені қою етіп жасайды. Сондай-ақ, әр отбасы өз қалауы бойынша құрамы мен дәмін өзгерте алады.

Қоғамдағы орны және заманауи маңызы

Бүгінде Наурыз көже тек мерекелік тағам ғана емес, ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде танымал. Қазақстанда бұл тағамды насихаттау және ұлттық дәстүрлерді сақтау мақсатында әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, қазіргі замандағы тағам өнері мен гастрономия саласында Наурыз көженің рецептілері жаңартылып, әртүрлі вариациялар жасалуда (Қазақ Ұлттық гастрономия орталығы, 2022).

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  • Абаев, Е. (2015). Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы: Қазақ университеті баспасы.
  • Жақыпбекова, Г. (2018). Наурыз мейрамы мен оның дәстүрлері. Нұр-Сұлтан: Мәдениет баспасы.
  • Сағындықова, А. (2020). Ұлттық тағамдар дайындау әдістері. Алматы: Дәстүрлі тағамдар журналы.
  • Қазақ Ұлттық гастрономия орталығы (2022). Наурыз көже: дәстүр мен заман. www.kazgastronomy.kz


уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Наурыз көже туралы ақпарат, Наурыз көже дегеніміз не? Наурыз көже сөзі нені білдіреді?

Nauryz merekesi zhakyndagan sajyn әrbir otbasy Nauryz kozhe zhasaudy mindet dep sanajdy Tipti bilmejtin zhas zhengelerimiz үlken adamdardan akyl kenes surap Nauryz kozhege ne kosu kerektigin saralap zhatady Nauryz kozheҚazak dәstүriNauryz kozhe ulttyk tagam Keler zhylgy molshylyktyn zhoralgysy retinde nauryz tojynda әrbir shanyrakta mindetti tүrde әzirlengen Halyktyk dәstүr bojynsha ogan bidaj tary sүr et burshak sүt su tuz siyakty kem degende zheti tүrli azyktyk zattar mindetti tүrde kosyluy tiis Tak sanyn saktap mundaj zattar kobejtile beriledi Sogymnan arnajy saktalgan mүsheler kazy karta shuzhyk t b de kosylady Ol negizinen bidaj kozhe tary kozhe sekildi әzirlengen kyskasha Kozhe Nauryz kozheni halyk arasynda tileu kozhe kop kozhe dep te ataj beredi Nauryz kozhege nauryzga arnalyp sojylgan maldyn kәdeli asyna Nauryz bata berilgen son zhinalgan halyk ak mol bolsyn degen tilek ajtyp tarkasady ҚuramyNauryz kozhe zheti tүrli tagamnan dajyndalady Әdette kuramynda su sүr et tary bidaj kүrish maj ajran tuz siyakty onimder bolady Kejbir ajmaktarda burshak nemese sәbiz de kosylady Nauryz kozhe zhasauNauryz kozhe infografigi Ol үshin en aldymen kazan toly sүtinizdi kajnatyp sүt piskennen kejin onyn betindegi kajmagyn kalkyp alyp tastajsyz Sүt әbden pisuge takagan kezde kys bojy saktagan sүrinizdi salyp zhiberip 15 minuttaj betin zhauyp koyasyz Atalgan uakyt otkennen kejin zheke ydyska pisirip algan bidaj zhүgeri tary asburshak kүrish tәrizdi korektik zattardyn zheti tүrin sүt pen etke aralastyryp tagy bir kajnatyp alasyz Asynyz dәmdi bolsyn Mәdeni manyzyNauryz kozhe zhana zhyl men koktemnin simvoly Ony ishu arkyly adamdar otken zhyldagy renishti umytyp bir birine zhaksylyk tilejdi Nauryz kozhe dastarhanda mindetti tүrde boluy kerek ulttyk tagam retinde sanalady Ajmaktyk erekshelikteriҚazakstannyn әr onirinde nauryz kozhe әrtүrli dajyndalady Mysaly kej ajmaktarda ogan kajnatylgan sүt nemese ajran kosylady al kej zherde kozheni koyu etip zhasajdy Sondaj ak әr otbasy oz kalauy bojynsha kuramy men dәmin ozgerte alady Қogamdagy orny zhәne zamanaui manyzyBүginde Nauryz kozhe tek merekelik tagam gana emes ulttyk mәdeni muranyn bir boligi retinde tanymal Қazakstanda bul tagamdy nasihattau zhәne ulttyk dәstүrlerdi saktau maksatynda әrtүrli mәdeni is sharalar otkiziledi Sonymen katar kazirgi zamandagy tagam oneri men gastronomiya salasynda Nauryz kozhenin receptileri zhanartylyp әrtүrli variaciyalar zhasaluda Қazak Ұlttyk gastronomiya ortalygy 2022 SiltemelerBata Nauryz Қazak handygyDerekkozderҚazak enciklopediyasy 7 tomAbaev E 2015 Қazaktyn ulttyk tagamdary Almaty Қazak universiteti baspasy Zhakypbekova G 2018 Nauryz mejramy men onyn dәstүrleri Nur Sultan Mәdeniet baspasy Sagyndykova A 2020 Ұlttyk tagamdar dajyndau әdisteri Almaty Dәstүrli tagamdar zhurnaly Қazak Ұlttyk gastronomiya ortalygy 2022 Nauryz kozhe dәstүr men zaman www kazgastronomy kzBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық