Уикипедия

Қарашаш Ана кесенесі

Қарашаш ана кесенесіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XII-XIX ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. 1982 жылдан бастап мемлекет қорғауына алынған.

Қарашаш Ана кесенесі
image
Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Түрі

діни

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Орналасқан қала

Шымкент

Ғимараттың маңыздылығы

Мемлекет қорғауында

Жөнделген уақыты

1983 жылы

Биіктігі
Биіктігі

7,25 м

Төбесі

күмбезді

Картада орналасуы
imageАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Қарашаш Ана кесенесі (Қазақстан)
image
Қарашаш Ана кесенесі

Координаттар: 42°17′57″ с. е. 69°45′26″ ш. б. / 42.29917° с. е. 69.75722° ш. б. / 42.29917; 69.75722 (G) (O) (Я)

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын үй алабының аумағындағы ескі зираттың шетінде, биік жерде орналасқан.

Қарашаш ана кесенесінің киелі дәстүрі Қожа Ахмет Ясауидің анасы болып, ол қайтыс болғаннан кейін осы жерге тұрғызылған деген аңызға айналған әңгімелерге сүйенеді. Жазба деректер бойынша, ең бастысы "Мадинат-әл-Байда мен Испиджаб әулиелерi хақындағы трактаты" (XVII ғасыр соңы-XVIII ғасыр басы) мен XIХ-ХХ ғасырлар басындағы фольклорға негізделеді. Сол уақытта ескерткіштің қазіргі атауы пайда болған – аңыз-әңгімелер бойынша кесене күмбезінің ұшар басына Қожа Ахмет Ясауи анасының бір бұрым қара шашы байланған, осылайша оның лақап есімі мен кесененің аты – "Қарашаш ана" пайда болады. Оның шын есімі Айша бибі (Айша қатын). XVII ғасыр аяғындағы аңыз-әңгімелер бойынша ол – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаның ең танымал шәкірттерінің бірі болған Мұса шейхтың қызы. XVII ғасыр аяғындағы аңыз-әңгімелерде оны XIII ғасыр соңында Ташкенттің "әулиесі" болған Омар Багистани шейхтың қызы, қарындасы немесе немере қарындасы болған дейді (Девин ДиУис). Деректер мен аңыздарда Айша бибі қарахандықтар кезеңінің білімді және тақуа әйелдердің бірі ретінде суреттеледі. Қарашаш ана кесенесіне кіріп шығу Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат ету салтының бастауы болды.

Ескерткіш туралы деректер

Ескерткіш туралы деректер 1925 жылы жарық көрген М.Е. Массонның "Старый Сайрам" тарихи-археологиялық очеркінде кездесуі ғылыми зерттеу жұмысына бастама болады. 40 жыл бойы ұмыт қалғаннан кейін, Шымкент облыстық музейінің құрылыс ісі және сәулет өнері жөніндегі облыстық бөлімінің (Т. Поднебесная) тапсырмасы бойынша кесененің толық өлшемі алынып, сызбасы бар қысқаша тарихи анықтамасы мен сипаттамасы жасалады. 1983 жылы ескерткішті қалпына келтіру жұмыстарына байланысты алынған өлшемдері қайта пысықталды. Осы уақытта кесене Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығына енгізіледі (Н.Н. Мухамедиева). 1980 жылдардың екінші жартысы – 2000 жылдардың басында Қарашаш ана кесенесі бірқатар жариялымдарда өзінің композициялық ерекшеліктері мен екі порталды кесене генезисіне байланысты қарастырылады (Б.А. Байтанаев, Ю.А. Елгин). 2000 жылдар басында Сайрам тарихы бойынша жазба деректерді зерттеумен байланысты Қарашаш ана кесенесінің агиографиясы мәселесі де қарастырылады (Ж.М. Тулибаева, Девин ДиУис).
Қарашаш ана қайтыс болғаннан кейін немесе кейінірек жерленген жеріне мемориалдық құрылыс – кесене немесе мешіт салынған деп жорамалданады. Дегенмен, бізге жетіп отырғаны бірінші, тіпті екінші ғимарат емес. М.Е. Массон ғимараттың тұрғызылуын өз көзімен көрген адамдардан жинаған ақпараттарға байланысты қазіргі кесене 1851-1852 жылдары салынған деп мәлімдейді. Бұл кезеңде Оңтүстік Қазақстан қоқандықтардың қол астына бағынып, Сайрам Қоқан хандығының құрамына ташкенттік биліктегі уәлаяттардың бірі ретінде кіреді, осы кезде діни ғимараттардың құрылысы жанданады. Оңтүстік Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін 1860 жылдардан бастап кесене бірнеше рет қалпына келтірілгенін оның қабырға қаландысының ерекшеліктері – төменгі қатарларының бірнеше кірпіші ғаныш ерітіндісімен, ал жоғары қарай балшықты пайдалану арқылы тұрғызылғандығын байқауға болады. Кеңестік уақытта күмбез өзінің пішінін өзгертіп бірнеше рет жаңартылды. 1996 жылы ескерткіштің келбеті өзгертіліп, ақ жалпақ металмен жабылады.

Кесене сипаты

Кесене – порталды-күмбезді бір бөлмелі құрылыс, оның кейінгі ортағасырлық келбеті культтік сәулет өнерінің архитектуралық пішінінің барлық қағидасын жинаған – төртбұрышты жоспардағы қабірханасы, шығып тұрған порталы, цилиндрлі барабан үстінде сфероконусты күмбезі бар.

Ғимарат (жалпы көлемі – 6,8х8,6 м, биіктігі – 7,25 м) іргесі тастан, үсті күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Көлемдік-кеңістіктік композициясынан қабірхананың төртбұрышты жоспардағы негізгі призмалық көлемі кесененің оңтүстік және батыс фасадына сәйкес құралған порталдың (пештак) негізгі көлеміне тірелген, сегіз қырлы бөлігіне орнатылған цилиндрлі барабан үстіндегі сфероконусты күмбезі анық байқалады. Құрылымдық үлгісі тым қарапайым: төртбұрышты жоспардағы бөлменің дөңгелек күмбез негізіне өтуі қарапайым төрттік бұрыш қиғаштығы тәсілімен жүзеге асқан (жабылған кеңістіктің кіші аралығы оған мүмкіндік береді).

Ескерткіштің басты композициясының ерекшелігі – бір бөлмелі порталды-күмбезді кесененің өзгеше типінде болуы және бұрыш жасап тұрғызылған екі бірдей (ені бойынша сәл ерекшеленетін) порталының бар екендігі. Батыс бөлігіне есік жасалса, ал оңтүстік пештактың осы жеріне, кесенеге кіру өлшемі бойынша тең келетін панжара торлы терезе төмен орнатылған. Аталған ерекшелік кесененің киелі мазмұнымен байланысты: мұнда қарахандық дәуір мен исламға дейінгі культқа тереңдеп кеткен әулие моласына зиярат етудің сопылық салт жоралғысы көрініс тапқан. Құрылыстың барлығына көлем беріп тұрған порталдары оның идеялық көркінің басымдығы болып табылады. Пішіні бойынша төртбұрышқа жақын пештактарына, әдетте сүйір келген арка жасалынған. Оларда ою-өрнектер жоқ. Олардың әшекейлері порталдардың қапталындағы пилондардың беткі жағындағы терең емес сүйірлі және тікбұрышты нишалар болып табылады.
Қабырғалардың интерьері мен күмбезі сыланған. Есіктің үстіндегі жарық түсетін тесік тормен (панжар) бекітілген. Еденіндегі құмның үстіне кірпіш төселген.

Дереккөздер

  1. Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Қарашаш Ана кесенесі туралы ақпарат, Қарашаш Ана кесенесі дегеніміз не? Қарашаш Ана кесенесі сөзі нені білдіреді?

Қarashash ana kesenesi Respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin memlekettik tizimine engen XII XIX gasyrlardagy sәulet oneri eskertkishi 1982 zhyldan bastap memleket korgauyna alyngan Қarashash Ana kesenesiZhalpy mәlimetStatusyRespublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishiTүridiniSәulet stilikala kurylysy zhәne sәuletOrnalaskan kalaShymkentҒimarattyn manyzdylygyMemleket korgauyndaZhondelgen uakyty1983 zhylyBiiktigiBiiktigi7 25 mTobesikүmbezdiKartada ornalasuyҚarashash Ana kesenesi Қazakstan Қarashash Ana kesenesi Koordinattar 42 17 57 s e 69 45 26 sh b 42 29917 s e 69 75722 sh b 42 29917 69 75722 G O Ya Ornalaskan zheriShymkent kalasy Sajram turgyn үj alabynyn aumagyndagy eski zirattyn shetinde biik zherde ornalaskan Anyzdar men zhazbalarҚarashash ana kesenesinin kieli dәstүri Қozha Ahmet Yasauidin anasy bolyp ol kajtys bolgannan kejin osy zherge turgyzylgan degen anyzga ajnalgan әngimelerge sүjenedi Zhazba derekter bojynsha en bastysy Madinat әl Bajda men Ispidzhab әulieleri hakyndagy traktaty XVII gasyr sony XVIII gasyr basy men XIH HH gasyrlar basyndagy folklorga negizdeledi Sol uakytta eskertkishtin kazirgi atauy pajda bolgan anyz әngimeler bojynsha kesene kүmbezinin ushar basyna Қozha Ahmet Yasaui anasynyn bir burym kara shashy bajlangan osylajsha onyn lakap esimi men kesenenin aty Қarashash ana pajda bolady Onyn shyn esimi Ajsha bibi Ajsha katyn XVII gasyr ayagyndagy anyz әngimeler bojynsha ol Қozha Ahmet Yasauidin әkesi Ibraһim atanyn en tanymal shәkirtterinin biri bolgan Musa shejhtyn kyzy XVII gasyr ayagyndagy anyz әngimelerde ony XIII gasyr sonynda Tashkenttin әuliesi bolgan Omar Bagistani shejhtyn kyzy karyndasy nemese nemere karyndasy bolgan dejdi Devin DiUis Derekter men anyzdarda Ajsha bibi karahandyktar kezeninin bilimdi zhәne takua әjelderdin biri retinde suretteledi Қarashash ana kesenesine kirip shygu Tүrkistan kalasyndagy Қozha Ahmet Yassaui kesenesine ziyarat etu saltynyn bastauy boldy Eskertkish turaly derekterEskertkish turaly derekter 1925 zhyly zharyk korgen M E Massonnyn Staryj Sajram tarihi arheologiyalyk ocherkinde kezdesui gylymi zertteu zhumysyna bastama bolady 40 zhyl bojy umyt kalgannan kejin Shymkent oblystyk muzejinin kurylys isi zhәne sәulet oneri zhonindegi oblystyk boliminin T Podnebesnaya tapsyrmasy bojynsha kesenenin tolyk olshemi alynyp syzbasy bar kyskasha tarihi anyktamasy men sipattamasy zhasalady 1983 zhyly eskertkishti kalpyna keltiru zhumystaryna bajlanysty alyngan olshemderi kajta pysyktaldy Osy uakytta kesene Қazakstannyn tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin zhiyntygyna engiziledi N N Muhamedieva 1980 zhyldardyn ekinshi zhartysy 2000 zhyldardyn basynda Қarashash ana kesenesi birkatar zhariyalymdarda ozinin kompoziciyalyk erekshelikteri men eki portaldy kesene genezisine bajlanysty karastyrylady B A Bajtanaev Yu A Elgin 2000 zhyldar basynda Sajram tarihy bojynsha zhazba derekterdi zertteumen bajlanysty Қarashash ana kesenesinin agiografiyasy mәselesi de karastyrylady Zh M Tulibaeva Devin DiUis Қarashash ana kajtys bolgannan kejin nemese kejinirek zherlengen zherine memorialdyk kurylys kesene nemese meshit salyngan dep zhoramaldanady Degenmen bizge zhetip otyrgany birinshi tipti ekinshi gimarat emes M E Masson gimarattyn turgyzyluyn oz kozimen korgen adamdardan zhinagan akparattarga bajlanysty kazirgi kesene 1851 1852 zhyldary salyngan dep mәlimdejdi Bul kezende Ontүstik Қazakstan kokandyktardyn kol astyna bagynyp Sajram Қokan handygynyn kuramyna tashkenttik biliktegi uәlayattardyn biri retinde kiredi osy kezde dini gimarattardyn kurylysy zhandanady Ontүstik Қazakstan Resejge kosylgannan kejin 1860 zhyldardan bastap kesene birneshe ret kalpyna keltirilgenin onyn kabyrga kalandysynyn erekshelikteri tomengi katarlarynyn birneshe kirpishi ganysh eritindisimen al zhogary karaj balshykty pajdalanu arkyly turgyzylgandygyn bajkauga bolady Kenestik uakytta kүmbez ozinin pishinin ozgertip birneshe ret zhanartyldy 1996 zhyly eskertkishtin kelbeti ozgertilip ak zhalpak metalmen zhabylady Kesene sipatyKesene portaldy kүmbezdi bir bolmeli kurylys onyn kejingi ortagasyrlyk kelbeti kulttik sәulet onerinin arhitekturalyk pishininin barlyk kagidasyn zhinagan tortburyshty zhospardagy kabirhanasy shygyp turgan portaly cilindrli baraban үstinde sferokonusty kүmbezi bar Ғimarat zhalpy kolemi 6 8h8 6 m biiktigi 7 25 m irgesi tastan үsti kүjdirilgen kirpishten turgyzylgan Kolemdik kenistiktik kompoziciyasynan kabirhananyn tortburyshty zhospardagy negizgi prizmalyk kolemi kesenenin ontүstik zhәne batys fasadyna sәjkes kuralgan portaldyn peshtak negizgi kolemine tirelgen segiz kyrly boligine ornatylgan cilindrli baraban үstindegi sferokonusty kүmbezi anyk bajkalady Қurylymdyk үlgisi tym karapajym tortburyshty zhospardagy bolmenin dongelek kүmbez negizine otui karapajym torttik burysh kigashtygy tәsilimen zhүzege askan zhabylgan kenistiktin kishi aralygy ogan mүmkindik beredi Eskertkishtin basty kompoziciyasynyn ereksheligi bir bolmeli portaldy kүmbezdi kesenenin ozgeshe tipinde boluy zhәne burysh zhasap turgyzylgan eki birdej eni bojynsha sәl erekshelenetin portalynyn bar ekendigi Batys boligine esik zhasalsa al ontүstik peshtaktyn osy zherine kesenege kiru olshemi bojynsha ten keletin panzhara torly tereze tomen ornatylgan Atalgan erekshelik kesenenin kieli mazmunymen bajlanysty munda karahandyk dәuir men islamga dejingi kultka terendep ketken әulie molasyna ziyarat etudin sopylyk salt zhoralgysy korinis tapkan Қurylystyn barlygyna kolem berip turgan portaldary onyn ideyalyk korkinin basymdygy bolyp tabylady Pishini bojynsha tortburyshka zhakyn peshtaktaryna әdette sүjir kelgen arka zhasalyngan Olarda oyu ornekter zhok Olardyn әshekejleri portaldardyn kaptalyndagy pilondardyn betki zhagyndagy teren emes sүjirli zhәne tikburyshty nishalar bolyp tabylady Қabyrgalardyn intereri men kүmbezi sylangan Esiktin үstindegi zharyk tүsetin tesik tormen panzhar bekitilgen Edenindegi kumnyn үstine kirpish toselgen DerekkozderҚazakstannyn kieli oryndarynyn geografiyasy Tabigat arheologiya etnografiya zhәne dini sәulet oneri nysandarynyn tizilimi Zhalpy redakciyasyn baskargan ҚR ҰҒA akademigi Bajtanaev B Ә Almaty Ә H Margulan atyndagy Arheologiya instituty 2017 1 shygarylym 904 b ISBN 978 601 7312 78 7

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық