Уикипедия

Жоңғар шапқыншылығы

Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Қазақ-Жоңғар соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.

image
Жоңғар сарбазы

Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы

16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі тің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 1684 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.

Ойрат-қытай соғыстары

1690 – 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді.

Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы

17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.

Үш жүздің бірігуі

1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгенбай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.

Болат ханның үш жүздің басын қосуы

1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылы Болат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, , Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары

image
Төле би

Аңырақай шайқасы

1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.

Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.

Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі , батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.

Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.

Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.

Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.

Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының , КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

image
Абылай хан

Абылай хан

1738 – 1741 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 – 1758 жылы жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 жылы Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. Кейіннен 1771 жылы батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды (қ. Шаңды жорық). Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Жолбарыс, Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды. Көрнекті мемлекет қайраткері, есімі жауынгерлік ұранға айналған, даңқты қолбасшы, дарынды дипломат Абылай хан бастаған еркіндік пен ерлік рухы биік, соғыс даласында тегеуріні мықты Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б. батырлардың өшпес ерлігі тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дәлелдеді.

Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы

1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды.
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды.
Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды.
Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толықтырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

XVIII ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келген Қытай императоры (боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың Қытаймен бейбіт келісім жасасуға колы жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендігі жерде қауіпсіз болды. Жоңғар билеушілері Еділ

image
Ақтабан шұбырынды. М. Қаспақтың картинасы

бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу мақсатын көздеді. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне бәлендей қауіп төндіре алмайтын еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан екі көшпелі мемлекеттің өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға тырысты.Қазақ мемлекетінің де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден әлсіреп, қансырағанын күтті. Өйткені оған осылай болғаны тиімді еді.
1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзірленген, әрі қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашкы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.
Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмеді. Әр қазақ өзімнің туған жерімді, туған-туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін деп ұқты. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды.
Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларын
ың көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді.

Қазақтардың жеңілу себептері

Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді.

Жоңғар агрессиясының салдарлары

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.
Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

Сыртқы сілтеме

  • Қытай Халық Республикасы(қолжетпейтін сілтеме)
  • [1] — Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
  2. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

Тағы қараңыз


уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Жоңғар шапқыншылығы туралы ақпарат, Жоңғар шапқыншылығы дегеніміз не? Жоңғар шапқыншылығы сөзі нені білдіреді?

Zhongar shapkynshylygy zhongar kazak sogystary Қazak Zhongar sogysy dep te atalady Қazak handygy kurylgan kezden bastap 18 gasyrdyn 50 zhyldaryna dejin onyn aumagyna ojrattardyn birde orshelene birde beti kajta zhasagan shapkynshylyktary Қazak halky ojrattardy algashkyda kalmaktar kejin zhongarlar dep atagan k Zhongar handygy 15 gasyrdyn 50 zhyldary ojrattardyn kalmak tajpasynyn bileushisi Үz Temir tajshy ozderimen irgeles zhatkan kazak dalasyna shabuyl ujymdastyrady Deshti Қypshakka basa koktep kirip Ak Ordany ojrandady Syr bojyna zhetip kazak ulystaryn ontүstik shygyska karaj ygystyryp Tүrkistandy Tashkentti basyp aldy 15 gasyrdyn 70 zhyldary ojrattar shabuyldary zhiilej tүsti Қazak hany Taһir Tajyr ojrattardyn zholyna kedergi zhasau maksatynda Zhetisuda iri Zhatan bekinisin saldyrdy 16 gasyrdyn ekinshi zhartysynda Aknazar han tusynda kazak әskeri ojrattarga karsy tojtarys berip үlken zhenisterge kol zhetkizdi Tәuekel han bilik etken tusta da kazak zhasaktary zhau әskerine karsy kүjrete sokky bergen Ojrattar Syrdariya bojyndagy sauda ortalyktaryn basyp algysy keldi Bulaj zhoramaldauga agylshyn kopesi әri sayahatshysy Dzhenkinsonnyn keltirgen mәlimetteri negiz bola alady Ol 1557 zhyly Orta Aziyadan Қytajga otpekshi bolganda ogan kazaktar men ojrattardyn Tashkent kalasy үshin zhүrgizgen sogysy kedergi zhasagan Zhongar sarbazyҚazak handygynyn Ojrattarmen kaktygysy16 gasyrdyn orta sheni men onyn 2 zhartysynda kazak handary ojrat bileushilerine karsy kүreste edәuir basym tүsken Өjtkeni bul kezde ojrat noyandary Mogolstanga karsy kүres zhәne ojrat kogamynyn oz ishindegi alaauyzdyk saldarynan birshama әlsiregen bolatyn Orys patshasy Ivan IV nin Nogaj ulystaryna zhibergen elshisi Danila Gubin Mәskeuge kazaktardyn kүshtiligi zhәne olardyn ojrattardy bagyndyrgany zhajynda habarlagan 1594 zhyldyn basynda Mәskeude bolgan Tәuekel hannyn elshisi Қulmuhammed te osyndaj mәlimet keltiredi Ol Tәuekeldin inisi tin kalmaktarga han bolganyn patsha sarajynda bolgan әngimesinde bayandagan Zhongar handygyna birikken tort ojrat tajpasynyn shabuyldary әsirese Batyr kontajshynyn tusynda orshi tүsti Sonyn ishinde 1635 1643 44 1651 52 zhyldary kazak zherine zhasalgan zhoryktardyn zardaptary auyr boldy 1643 zhyly Batyr kontajshynyn tuy astynda 50000 zhongar әskeri Zhәngir han bastagan kazak zhasagyna karsy iri zhoryk ujymdastyrdy Қazaktarga karsy bul kandy zhorykka halha tajpasynyn bileushisi Altyn hannyn balasy Ombo Erdeni әskeri de at salysty Kejbir derekterge karaganda bul zhorykka Edil kalmaktary da katyskan Zhәngir han bastagan 600 gana kazak әskeri kejbir zertteushiler bul myltykpen karulangan sarbazdar sany al kazak әskerleri budan әldekajda kop bolgan dep eseptejdi korganys ujymdastyryp zhedel komekke kelgen Zhalantos baһadүr sarbazdarymen tize kosyp 10 myndyk zhau әskerinin shabuylyn tezhegen k Orbulak shajkasy 1681 1684 zhyldary kalmak kontajshysy Sevan Rabdan Қazakstannyn ont audandaryna basyp kirdi Қazak hany Tәuke han shajkasta zheniliske ushyrap onyn balasyn ojrattar tutkynga aldy 1684 zhyldary ojrattar kazak zherine tagy da zhoryk zhasady Sajran kalasyn talan tarazhga saldy Қazaktardyn әlsiregen halin pajdalangan Ayuke bastagan Edil kalmaktary da kazaktar men olarga odaktas bolgan tүrikmen karakalpaktardyn birikken әskerine shabuyl zhasady Ojrat kytaj sogystary1690 97 zhyldary ojrat kytaj sogystary Zhongar handygy әskerlerinin bir boliginin ontүstik majdanga ketuine mәzhbүr etip olardyn kazak zherine shabuyldarynyn karkynyn birshama bәsendetti Osyny pajdalanyp Tәuke han 1698 zhyly ojrattarga da Edil kalmaktaryna da kүjrete sokky berdi Zhongarlardyn zhana shabuylynyn bastaluy17 gasyrdyn 80 zhyldarynda Tәuke zhongarlardyn kolynda kalgan balasyn kajtarudy talap etti Balasymen birge erip kelgen 500 ge zhuyk zhongar zhauyngerleri Tәuke hannyn sheshimimen oltirilgennen kejin kazak zhongar katynasy odan әri shielenise tүsti 1708 zhyly zhongarlardyn zhana shabuyly bastaldy Bul shapkynshylyk Қazak handygynyn ontүstik audandaryna ajtarlyktaj nuksan keltirdi 1710 11 zhyldary Zhongar shapkynshylygy kazaktar men olarga odaktas karakalpaktardy Tashkentke karaj ygysuga mәzhbүr etti Үsh zhүzdin birigui1710 zhyly Үsh zhүzdin basyn koskan Қarakum zhiynynda zhauga karsy kүsh biriktirip tojtarys beru zhoninde sheshim kabyldandy Bogenbaj batyr birikken zhasaktyn kolbasshysy bolyp bekitildi 1711 12 zhyldary 50 myn adamdyk Қazak handygynyn әskeri Zhongar handygyna basyp kirdi Bul kysta bolgan zhorykty ojrattar kүtpegen bolatyn 1713 zhyly ojrattardyn 3000 adamy bar әsker kүshinin karsy shabuyly zheniliske ushyrady 1715 23 zhyldary ojrattardyn negizgi әskeri kүshi Cin imperiyasy әskerlerine karsy sogysyp zhatyr edi 1722 zhyly Cin imperatory Kansidin oliminen son Sevan Rabdan endi basty kүshti Қazak handygyna bagyshtady Kenetten zhasalgan shabuyldy kүtpegen kazak koly sogyska dajyn emes bolatyn Әsker kүshin biriktirip үlgermegen kazak handary eldin ortalyk audandaryna sheginuge mәzhbүr boldy 1723 zhyly Sevan Rabdannyn 100 000 adamdyk zhasagyn bastagan onyn balalary Қaldan Seren men Shono kazak auyldaryna basyp kirip ojran saldy Mundaj kandy zhoryktar 1723 27 zhyldary aralygynda tagy da birneshe ret kajtalandy Bul tarihta Aktaban shubyryndy alkakol sulama degen atpen kalgan el basyna kүn tugan auyr kezen edi Tek 1726 zhyly Қazak handygynyn handary men sultandary bileri men batyrlary Kүltobede bas kosyp ojrattarga karsy kүresti kajtadan ujymdastyruga mүmkindik aldy Қazak halkynyn үsh zhүzinin әskeri kүshin toptastyruda Tole bi Қazybek bi Әjteke biler үlken rol atkardy Bulanty Bileuti ozenderi aralygyndagy zhazykta bolgan zhongar baskynshylaryna karsy sogysta kazak zhasaktary zhau әskerine kүjrete sokky berdi k Bulanty Bileuti shajkasy 65 000 kazak koly shamamen 40 myndyk ojrat әskerlerin talkandap iri zheniske kol zhetkizdi Қazak zhasaktary kuramynda kyrgyzdar karakalpaktar da erlikpen shajkasty Syr bojyna zhetken ojrattar karakalpak auyldaryn da shapkynshylykka ushyratyp osynyn saldarynan karakalpaktar tomengi zhәne zhogargy bolyp ekige bolindi Bolat hannyn үsh zhүzdin basyn kosuy1726 zhyly Zhongar shapkynshylygy kazaktar men ogan korshiles zhatkan Orta Aziya halyktarynyn sharualaryna auyr zardaptaryn tigizdi 1726 zhyly Bolat han үsh zhүzdin handary Zholbarys Әbilkajyr bileri men batyrlarynyn sultandarynyn basyn kosyp Ordabasyda otken zhiynda Әbilkajyr han bas kolbasshylykka tagajyndalyp zhauga karsy zhana strateg shabuyl ujymdastyru kelisildi k Ordabasy Әskeri kүshin biriktirgen үsh zhүz zhasaktary Tole biAnyrakaj shajkasy1728 zhyldan bastap zhongar baskynshylaryna karsy azattyk kүreste tүbirli betburys zhasagan Itishpes kolinin manyndagy auyr shajkaska dayarlana bastady k Anyrakaj shajkasy Anyrakaj shajkasy 1729 zh kej derekterde 1730 zh birikken kazak kolynyn zhongar baskynshylygyna karsy zhүz zhyldyk azattyk sogysynda betburys zhasagan en iri zhenisi Sayasi zhәne әskeri birlikke kol zhetkizgen үsh zhүz zhasaktary 1728 zh bastap Balkash pen Shu bojyna karaj zhylzhyp uryska әzirlene bastady Bul kezde zhongarlar kazak zherin tutastaj ielenu nietinde edi Қazaktardyn әreketin sezgen olar da Shu men Balkashtyn ontүstiginde үlken shep kurdy Үsh zhүz zhasaktary sheshushi shajkas aldynda Hantauynda ynda kejin bul zher Әbilkajyr tauy ataldy zhinaldy Shajkas soltүstigi Balkash ontүstigi batysy Shu shygysy Kүrtige dejingi aralyktagy zherlerde otkendigin osy onirlerde zhii kezdesetin kazak kalmak korymdary dәleldejdi atalatyn da osy onir Bul shajkasta 40 45 kүn kazaktar iri zheniske zhetken Үsh zhүz zhasaktarynyn kimylyn үjlestiru mindetin bas kolbasshy Әbilkajyr han zhүzege asyrdy Koptegen kazak batyrlary sogys onerin zhetik biletindigin korsetti Ұly zhүz kolyn Zholbarys han men Tole bi Orta zhүz kolyn kanzhygaly Bogenbaj shakshak Zhәnibek Қabanbaj Kishi zhүzdi tama Eset shekti Tajlak t b batyrlar baskaryp үlken erlik korsetti Қazak sadakshylarynyn zheke zhasagyn oshakty Sauryk batyr baskardy Shajkaska bolashak kolbasshy shapyrashty Nauryzbaj da katyskan Bul shajkasta koptegen batyrlar zhekpe zhekke shykty Bul sogysta koptegen atakty batyrlar kaza tapty Sokkydan esin zhiya almaj kalgan kalmaktar susyz sortan zherde sholge ushyrap odan әri sogysa almaj Ayagoz Sharga karaj zhonkile kashty Қazaktar bul sogysty әri karaj damyta almady Ogan shajkastyn sonynda Bolat han zharalanyp kajtys bolgannan kejin bastalgan tak үshin talas kedergi keltirdi Kopshilik Bolat hannyn balasy zhas Әbilmәmbetti koldady Bugan narazy bolgan Әbilkajyr majdan dalasyn tastap Kishi zhүzdin kolyn Yrgyz arkyly batyska alyp ketti Orta zhүz koly Sәmeke han sonynan soltүstikke bet aldy Birak Anyrakaj shajkasyndagy zhenis kazak halkynyn ruhyn koterip bolashakka degen senimin bekitti Halkymyz үshin Anyrakaj shajkasynyn manyzy orystardyn Borodino dalasyndagy Europanyn birikken kolynyn KSRO halyktarynyn Ұly Otan sogysyndagy Stalingrad tүbindegi zhenisterimen birdej Abylaj hanAbylaj han1738 1741 zhyldary kolbasshy Sary Manzhanyn 30 myndyk әskerinin shabuyly ojrattardyn kazak zherine zhasagan songy iri shapkynshylyktarynyn biri 1745 zhyly Қaldan Seren kajtys bolgannan kejingi Zhongariyadagy bilik үshin ozara tartys olardyn sayasi zhagdajyn әlsiretip zhiberdi Osyny pajdalangan Abylaj han baskargan kazak әskerleri zhongarlarga sheshushi sokkylar berip Zhetisu men Shygys Қazakstandy kajtaryp aldy 1755 1758 zhyly zhongarlar Cin әskerlerinin shabuylynan kejin tas talkan etilip derbes el retinde omir sүruin toktatty Zhongar handygy zhojylgannan kejin 1757 58 zhyly Қazak handygy ozinin zhana korshisi Cin imperiyasy әskerlerimen sogys zhagdajynda bolyp kejinnen bitimge keldi Қytajlar Zhongariyany tolyk zhaulap aldy al kazaktar ozderinin ezhelgi ata mekeni Zhetisu Tarbagataj Altaj onirlerin ielenip shygystagy shekarasyn bekitti Kejinnen 1771 zhyly batysta bolinip kalgan kalmaktar da Edil Zhajyk arasyndagy konystaryn tastap kazak zheri arkyly Zhongariyaga audy k Shandy zhoryk Zhongar shapkynshylygyna karsy kүreste Sәmeke Zholbarys Bolat Әbilmәmbet Әbilkajyr syndy handar kazak halkynyn ruhyn koterip bolashakka degen senimin oyatkan әskeri biliktiligimen tanylgan tarihi tulgalar retinde el zhadynda kaldy Kornekti memleket kajratkeri esimi zhauyngerlik uranga ajnalgan dankty kolbasshy daryndy diplomat Abylaj han bastagan erkindik pen erlik ruhy biik sogys dalasynda tegeurini mykty Қabanbaj Bogembaj Bayan Nauryzbaj Sauryk Bolek Malajsary Shokantaj Zhaugash Sәmen Өtegen Rajymbek Қarasaj t b batyrlardyn oshpes erligi tәuelsizdikti ansagan kazak halkynyn tutastygyn birligin saktap kala alatyndygyn dәleldedi Zhongar memleketinin әskeri kүsh kuatynyn nygayuy1635 zhyly Batyr kontajshy bastagan Zhongar handygy kuryldy Ol Қazakstannyn ontүstik shygys zhagynda edi 1640 zhyly zhongarlar Dalalyk zhargy degen atpen әskeri zhәne azamattyk zandar zhinagyn shygardy Zhongarlardyn birligi nygajdy әskeri kүsh kuaty arta tүsti Sogys zhagdajy kezinde zhongarlardyn әrbir rulyk bolimshesi ote kyska merzimnin ishinde zhauyngerlik birlik tobyna ajnalyp shyga keldi Zhongar handygy zhauyngerlerinin zhalpy sany 100 mynga dejin zhetetin kuatty atty әsker shygara alatyn edi Olardyn 60 myn zhauyngeri bar turakty әskeri boldy Zhongariya ozimen korshi memleketterdin zherin tartyp aludy koksegen barynsha әskerilendirilgen memleketke ajnaldy Zhongarlyktardyn ruhani birligin kamtamasyz etude Tibet lamalary eleuli rol atkardy Zhongarlarda әskeri is kimyldar zhasaudyn erekshe taktikasy kalyptaskan bolatyn Olar ashyk ken dalada sogysuga mashyktangan edi Ok dәrini selitra men kүkirtten ozderi koldan zhasap alatyn Olardyn kolynan kylysh sauyt dulyga zhәne baska karu zharak tүrlerin zhasau da keletin XVII gasyrdyn ayak zhagyna karaj zhongarlarda bilteli myltyk pajda boldy Zhongarlar tipti zenbirek zhasaudy da үjrenip aldy Zenbirek kuyudy olarga tutkyn bolyp kolga tүsken shved үjretti Zhongarlarda shekaralas zhatkan memleketterdin aumagynda zhүrip kүpiya akparattar zhinaumen ajnalysatyn zhansyzdardyn tynshylardyn ken zhүjesi kuryldy Zhongariya tugyndary da kazaktar siyakty koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli halyk edi Negizinen mal sharuashylygymen ajnalysatyn Halkynyn sany 1 millionga zhuyktajtyn Zhongarlar az gana uakyttyn ishinde Altajda turatyn koptegen usak Ұlystardy bagyndyryp algan edi Olar alym salyk tolep turdy әsker kataryn tolyktyryp otyrdy Zhongariyanyn ozimen korshi memleketterge kүshti kauip tondirgeni sonshalyk XVIII gasyrdyn birinshi zhartysynda tipti Қytajdyn syrtky sayasi kyzmeti negizinen osy memleketke karsy kүres zhүrgizip ony әlsiretuge bagyttaldy Zhongarlardyn Қazakstan aumagynda baskynshylyk sogys zhүrgizuinin sebepteriҚazak handygynyn aumagy Zhongariya bileushilerin burynnan katty kyzyktyratyn Onyn sebebi birinshiden Zhetisu men Syrdariya onirin basyp alatyn bolsak onda Zhongariyany Resej memleketimen Sibirmen Orta Aziya handyktarymen bajlanystyratyn asa manyzdy sauda zholdarynyn torabyn oz bakylauymyzda ustajmyz odan әri Auganstanga Iran men Zakavkazege zhol ashylatyn bolady dep үmittendi Ekinshiden Қazakstandy zhaulap alsak oz handygymyzdyn soltүstiktegi shekarasyn әldekajda nygajtamyz bagyngan halyktan kosymsha alym salyk alyp turamyz dep ojlady Үshinshiden baskynshylardy kazaktyn ken bajtak dalasyndagy shurajly mal zhajylymy men Қazakstannyn ontүstigi men ontүstik shygysyndagy sauda koloner ortalyktary kyzyktyrdy Tortinshiden Қazakstan aumagyn zhaulap alu zhongarlardyn Edil men Zhajyk aralygynda koship konyp zhүrgen kandas tajpalary kuba kalmaktarymen kedergisiz tikelej bajlanys ornatyp karym katynas zhasauyna zhagdaj tugyzatyn edi Akyr sonynda besinshiden Zhongar memleketinin kazaktardy kul etip ustaudyn mol mүmkindigine ie bolamyz dep dәmelendi Zhongarlardyn Қazak handygyna karsy baskynshylyk sogysty kүshejte tүsuinin mine osyndaj sebepteri boldy Aktaban shubyryndy Alkakol sulama XVIII gasyrdyn 20 zhyldarynyn bas kezinde zhongarlardyn Қazakstan aumagyna kezekti iri zhoryk zhasauyna kolajly zhagdaj kalyptasty 1722 zhyly zhongarlarmen uzak uakyt bojy sogys zhүrgizip kelgen Қytaj imperatory bogdyhany Kansi kajtys boldy Sojtip kalmaktardyn Қytajmen bejbit kelisim zhasasuga koly zhetti Zhongar handygynyn shygys shekarasy endigi zherde kauipsiz boldy Zhongar bileushileri Edil Aktaban shubyryndy M Қaspaktyn kartinasy bojyndagy kalmaktardyn hany Ayukege elshi zhiberip kazaktarga karsy birlesken sogys kimyldaryn zhүrgizu maksatyn kozdedi Ertis bojynda zhakynda gana boj kotergen әskeri bekinis zhelisin nygajtumen әure bolyp zhatkan Resej Zhongar memleketine bәlendej kauip tondire almajtyn edi Onyn үstine Resej korshi zhatkan eki koshpeli memlekettin ozara karym katynasyna bajlanysty bejtarap sayasat ustauga tyrysty Қazak memleketinin de Zhongar handygynyn da ozara shajkasta әbden әlsirep kansyraganyn kүtti Өjtkeni ogan osylaj bolgany tiimdi edi 1723 zhyldyn kokteminde aldagy bolatyn zhojkyn sogyska myktap әzirlengen әri kazak handyktarynyn altybakan alauyz bolyp ydyrap bara zhatkanyn pajdalana kojgan Cevan Rabtan oz әskerinin kalyn kolyn Қazakstanga karaj attandyrdy Zhau zheti bagytta shabuylga shykty Zhongar shapkynshylygynyn algashky sokkysyna ushyragan Zhetisu men Ertis bojynyn kazaktary boldy Zhongarlar auyldardy ortedi Maldy ajdap әketti bejbit halykty kara shybyndaj kyryp saldy Өjtkeni zhongarlardyn shabuyly kүtpegen zherden birden totenshe bastalgan bolatyn Sondyktan da amaly kalmagan Қazaktar malyna da үj zhajlaryna da dүnie mүlikterine de karaj almaj bas saugalap kashuga mәzhbүr boldy Zhau әskerlerinin san zhagynan tym basym bolganyna karamaj kazak zhauyngerleri keskilesken urys salyp katty karsylyk korsetti Zhau kolyna eshkimnin de berilgisi kelmedi Әr kazak ozimnin tugan zherimdi tugan tuystarym men zhakyndarymdy zhauyz dushpannan korgauga mindettimin dep ukty Қazak zhauyngerleri shegine tүsip korganys sogystaryn zhүrgizdi Olar әjelderdi balalardy karttardy zhaudyn okshelep kuuynan kutkaru үshin kyrgyn sogys saldy Tashkent kalasynyn turgyndary kazak әskeri zhasaktarynyn basshylygymen kalany zhaudan bir aj bojy derlik korgady Zhongarlar Tashkentten kejin Sajram Tүrkistan siyakty baska da kalalardy basyp aldy Zhaudyn zhojkyn sogys kimyldaryn zhүrgizui nәtizhesinde Қazakstannyn sholdi zhәne tauly ajmaktarynan ozge bүkil aumagy is zhүzinde zhongarlardyn kolyna karady Salystyrmaly tүrde alganda Қazakstannyn batysyndagy alys ajmaktar gana aman kaldy Bul kezen 1723 1727 zhyldar kazak tarihynda Aktaban shubyryndy Alkakol sulama degen atpen atalady Onyn kazak halkyna tigizgen zardaby kajgy kasireti ashtygy men kajyrshylyk halge dushar etui ote mote auyr boldy Myn myndagan adam kyryldy nemese tutkyn retinde ajdalyp ketti Zhүzdegen myndagan auyl katty kүjzeliske ushyrady mal mүlik talan tarazhga tүsti bir kezde gүldenip turgan kalalar zhau kolynda kalyp ayausyz kiratyldy Қazaktar kyrgynnan aman kalu үshin eldin batys ajmaktaryna karaj zhylzhyp Zhajyk bojyna dejin zhetti Қazaktardyn zhappaj konys audaruy Resej imperiyasyn zhәne onyn kol astyndagylardy bashkurttar men kalmaktardy edәuir mazasyzdandyrdy Patsha үkimeti ozine bodan bolgan halyktardy korgau үshin birkatar keshendi sharalar kabyldady shekara kүzeti kүshejtildi Oral ajmagynda zhanadan әskeri bekinister salu sharalary kolga alyndy Қazaktardyn edәuir boligi Orta Aziya memleketinin aumagyna karaj ojysty Mәselen Syrdariya ozeninen otip ketken Orta zhүz rularyn yn kopshiligi Samarkand kalasynyn toniregine al Kishi zhүz kazaktarynyn edәuir boligi Hiua men Buhar handyktaryna koship ketti Қazaktar basynan keshirgen sol bir orasan auyr kajgy kasirettin simvoly Elim aj atty zarly zhyr boldy Onyn mәtini men әuenin akyn әri zhauynger Қozhabergen zhyrau shygargan dep te ajtylady Қarataudyn basynan kosh keledi Koshken sajyn bir tajlak bos keledi El zhurtynan ajrylgan zhaman eken Eki kozden moltildep zhas keledi Myna zaman kaj zaman bagy zaman Bayagydaj bolar ma tagy zaman Қaryndas pen kara orman kalgannan son Kozdin zhasyn kol kylyp agyzamyn Zhongar shabuylynyn ort zhalyny ozbekterdi de kyrgyzdardy da karakalpaktardy da sharpyganymen en auyr sokky kazaktarga berildi Қazaktardyn zhenilu sebepteriҚazaktardyn zhenilip Aktaban shubyryndy Alkakol sulamaga dushar boluynyn birneshe sebebi bar Birinshiden kazak zhүzderi ydyrap Қazak handygynyn basshylygynda auyzbirlik kalmady Ekinshiden zhongarlar bul shabuylga ote tyngylykty әri mukiyat әzirlengen edi Onyn үstine shabuyldyn bastalatyn uakyty Қazak auyldarynyn bir birinen alys kystaudan kokteuge koship shygar abyr sabyr kez bolatyn Үshinshiden 1723 zhyly kazaktar katty zhutka ushyragan dy Zhorykka minetin zhoni tүzu at zhetispedi Tortinshiden ajmakta kalyptaskan osyndaj geo sayasi zhagdajdy kalmaktar durys әri mukiyat eskere bildi Қytajmen bejbit kelisim zhasasty Tayauda gana ayaktalgan orys shved sogysynan kejin әli es zhiyp үlgere almagan Resejdin kүrdeli zhagdajy da eske alyndy Besinshiden shabuyldyn kүtpegen zherden tүtkiyldan zhasalu faktory da kazaktarga kolajsyz әser etti Akyr sonynda altynshydan zhongarlar zhaksy karulangan bolatyn әri sogys kimyldaryn kalaj zhүrgizudin mol tәzhiribesine de kanyk edi Zhongar agressiyasynyn saldarlary Aktaban shubyryndy Alkakol sulamanyn kazak kogamyna tigizgen zardaby orasan zor boldy Dalalyktardyn koshi kon bagdarlamalarynyn byt shyty shykty Қazaktar shurajly mal zhajylymdarynan ajyryldy Zhetisudagy zhәne Қazakstannyn ontүstik ajmaktaryndagy bir kezde gүldenip turatyn zhasyl zhaziralar endi karausyz kanyrap bos zhatty Korshiles memlekettermen sauda sattyk bajlanysy da uakytsha үzilip kaldy Birak en auyr azapty kajgy kasiret tugan tuystar men zhakyn zhandardyn kazasy boldy Shәkәrim Қudajberdiulynyn keltirgen derekteri bojynsha kazaktardyn үshten eki boligi kyrgynga үshyragan Endi bir boligi kuldykka satylyp ketken Halyk asharshylykka dushar boldy Өlmej aman kalu үshin kajynnyn solin ishken Қajyn saugan degen soz sodan kalgan Tiri kalgandar baskynshylarga shekten tys auyr alym salyk tolep turgan Қazak handygynyn halky eldin әr tүrli alys ajmaktaryna tipti shekaralas zhatkan shet memleketterge de tarap bosyp ketti Қazaktardyn batyska karaj zhappaj agyluy karakalpaktarmen tүrikmendermen ozbektermen bashkurttarmen zhәne kalmaktarmen zherge talaskan dau damajlarga alyp bardy Қazaktardyn Oral Қazaktarymen de Batys Sibirden orystarmen de ozara karym katynastaryn shielenistirip zhiberdi Mine munyn bәri әbden әlsirep kozhyragan Қazak handygyn Resej imperiyasynyn onaj olzha retinde otarlap aluymen ayaktaldy Syrtky siltemeҚytaj Halyk Respublikasy kolzhetpejtin silteme 1 Қazak halkynyn zhongar baskynshylygyna karsy azattyk kүresi DerekkozderҚazak enciklopediyasy 4 tom Қazakstan tarihy XVIII gasyr 1914 zhyl Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Қabyldinov Z E Қajypbaeva A T Almaty Atamura 2008 352 bet suretti kartaly ISBN 9965 34 816 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Tagy karanyzBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық