Бұланты шайқасы
Бұланты шайқасы – XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы, тарихи ландшафт.

Орналасқан жері
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
Ұлытау ауданында өткен шайқастардың, соның ішінде Бұланты шайқасының өткен жерлері 1998 жылы алғаш рет кешенді түрде зерттелген. "Бұланты шайқасы" атты бірінші экспедиция 1998 жылы Жезқазған қаласының Мемлекеттік архивінің, Жезқазған қаласының әкімдігі, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, "Қазақмыс Корпорациясының" өндірістік музейі мен жергілікті өлкетанушылардың қатысуымен өткен. 2007 жылы кең ауқымды далалық зерттеу барысында, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының мәдени мұра мәселелері бойынша геоморфологиялық сипаттамалар арқылы Қарасере мекенінде (Қарасуыр) "Бұланты шайқасы" болған жер анықталады. Ұлытау аймағы бойынша қазақтардың жоңғарлармен шайқасқан жерлерін зерттеу 2015 жылға дейін жалғасты.
Қазақ хандығының жоңғарларға қарсы күресі

Бұланты шайқасының орны мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқасымен тікелей байланысты. Бұланты шайқасының орны XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ жасағының жоңғарлармен қақтығыстарының өткен жері. Қазақ жүздерінің бірігіп басқыншыларға тойтарыс берген бұл оқиға қазақ тарихындағы айтулы шайқас болды.
Өкінішке орай, бұл шайқастың жазбаша деректері табылған жоқ, бірақ ауыздан ауызға жеткен фольклор, сондай-ақ археологиялық және топонимикалық деректерге сүйене отырып ғалымдар бұл жердің қазақ халқының тарихында маңызы орасан зор болған шайқастың орналасқан жерін анықтады.
Күрделі тарихи кезең
Жалпы, XVII ғасыр соңы - XVIII ғасыр басындағы Қазақ хандығы жоңғарларға қарсы күресі күрделі тарихи кезең болып табылады. Аталған кезең тоғысында жоңғарлар Жетісу аумағына, сондай-ақ Шу мен Талас өзендерінің алқабына басып кіреді. Осы кезеңде жоңғарлар шамамен он мыңға жуық қазақтарды тұтқынға алады.
1702-1703 жылдары жекелеген жоңғарлардың қақтығыстарына жауап ретінде қазақ жасақтары Жоңғарияға және қалмақтарға қарсы шабуыл жасайды.
Тәуке ханның жоңғар қонтайшысымен дипломатиялық қарым-қатынасына қарамастан 1708 жылы қазақтарға жоңғарлардың жекелеген шабуылына тойтарыс беруіне тура келеді. Соғыс бірнеше жылға созылады.
1723-1725 жылдары аумақты кеңейту және қалпына келтіру мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығының аумағына бірқатар шабуылдар жасайды. 1723 жылы жоңғарлар бірінші болып Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтарына соққы берді. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл кезең "Ақтабан шұбырынды" деп аталады. Бұл халықтың қайғы-қасіреті жоқтау "Елім-ай" әнімен танылған.
XVIII ғасырдың 20-жылдары қазақтар арасындағы ала ауыздықты пайдаланып, жоңғарлар қазақ жерінің көп бөлігін жаулап алады. Ұлытау таулары мен Балқаш көлі қазақтар мен жоңғарлардың батыс шекарасы болып, жоңғарлар қазақ хандығын Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларының қолөнер орталықтары мен базарларынан шеттетеді.
Ордабасы жиыны
Жоңғар шапқыншылығынан қазақ халқы үлкен зардап шекті. Көптеген жайылым жерлерден айырылған қазақ халқы мен әр түрлі рулар, қауымдар жаңа жерлерге көшіп қонуға мәжбүр болады. Осы жағдайлардың барлығы бірқатар аймақтардың бірігіп, жауға қарсылық көрсетуіне әкеліп соғады. Ол үшін қоғамдық ынтымақтастықпен қоса, танымал қазақ батырлары мен атақты билері үлкен рөл атқарды. Қазақтардың жасағын Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Наурызбай, Шақшақ Жәнібек және т.б. батырлар басқарады. 1726-1727 жылдары сұлтандар мен билер жауға қарсы барлық қазақ руларын біріктіреді.
1726 жылы күзде Үш жүз қазақтары бірігіп, Ордабасы жерінде жиын өткізеді. Жиынға Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс сияқты сұлтандар, атақты қолбасшылар мен батырлар қатысады. Бұл жиында айтылған негізгі мәселе – жоңғарларға тойтарыс беру. Қауіп төніп тұрған мезгілде қазақ халқының арасындағы ішінара тартыс тоқтап, үш жүздің басы қосылып жауға қарсы тұру болды. Ордабасыда Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланады.
Қазақтардың жеңісі
1727 жылы Қарасуыр маңындағы Бұланты өзенінің жағасында үлкен шайқас болады. Қазақ жауынгерлері жоңғарларға айтарлықтай тойтарыс береді. Әбілқайыр бастаған 30000 қолмен қазақ халқы жоңғарларға жойқын соққы береді. Шайқас болған жерді "Қалмақ қырылған" деп атап кетеді. Осылайша Бұланты шайқасының тарихи маңызы қазақтардың басын біріктіріп және аумақтық тұтастығын сақтап қалу болды. Ұлытау тауының етегінде үш жүздің өкілдері жиналып, енді қазақ халқын бөлінбеуге "бір жеңнен қол, бір жағадан бас" шығарып, біртұтас халық ретінде бірігуіне шақырады. Ұлытау тауларының етегінде қазақтардың жеңіс тойы тойланады.
Шайқастың тарихи маңызы
Қазақтардың жеңіске жетуі – олардың рухтарының көтерілуіне негіз болады, өздерінің күштеріне сеніп, жеңіске жетуге деген сенімдері артады. Осы жеңістен кейін қазақ жасақтары қарсы шабуылға көшеді.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Бұланты өзені үйтас шатқалында "Бұланты шайқасына" арнап монумент орнатылады. Бұланты шайқасы өткен аумақ Ұлттық тарихи-мәдени және "Ұлытау" табиғи қорық-музейінің құрамына кіреді.
Бұл қазақ қоғамындағы өзін-өзі ұйымдастырудың жоғарғы деңгейінің дәлелі; қайсарлығының, жеңісі мен тәуелсіздігінің символы. Орталық Азиядағы түркі халықтарының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде қазақ халқы үлкен рөл атқарғандығының бейнесі болып табылады.
Әдебиеттер
- Артықбаев Ж.О. Бұланты шайқасы. – Қарағанды: Полиграфия, 1998. – 63 б.
- Булантинская битва: История исследований. Научно-информационный альбом / под ред. Б.С. Кожахметова, Э.Р. Усмановой, Л.Н. Плетниковой, Л.А. Сембиновой. – Улытау: Национальный историко-культурный и природный заповедник-музей «Улытау», 2015. – 210 с.
- Байтукенов Т. Докопались до джунгар // Время. Общественно-политическая газета. URL: http:// www.time.kz/news/archive/2011/10/13/dokopalis-dodzhungar Борьба казахского народа против джунгарской агрессии //
- Калмакырылган / Казахстан. Национальная энциклопедия. – Алматы: Гл. ред. «Қазақ энциклопедиясы», 2005. – Т. 3. – 558 с. – С. 109.
- Шуптар В.В. Avalon Travel Guides Улытау: Туристский путеводитель. – Караганда: Историко-географическое общество «Авалон», 2016. – 100 с.
Дереккөздер
- Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Бұланты шайқасы туралы ақпарат, Бұланты шайқасы дегеніміз не? Бұланты шайқасы сөзі нені білдіреді?
Bulanty shajkasy XVIII gasyrdyn birinshi zhartysynda Ұlytau onirindegi Bulanty zhәne Bileuti ozenderi aralygynda kazak zhasaktarynyn zhongar baskynshylarymen bolgan shajkasy tarihi landshaft Bulanty shajkasyna arnalgan monument Ornalaskan zheriҰlytau oblysy Ұlytau audany Bajkonyr auylynan ontүstik batyska karaj 20 km zherde ornalaskan ZertteluiҰlytau audanynda otken shajkastardyn sonyn ishinde Bulanty shajkasynyn otken zherleri 1998 zhyly algash ret keshendi tүrde zerttelgen Bulanty shajkasy atty birinshi ekspediciya 1998 zhyly Zhezkazgan kalasynyn Memlekettik arhivinin Zhezkazgan kalasynyn әkimdigi Ө A Bajkonyrov atyndagy Zhezkazgan universitetinin akademik E A Boketov atyndagy Қaragandy memlekettik universitetinin Қazakmys Korporaciyasynyn ondiristik muzeji men zhergilikti olketanushylardyn katysuymen otken 2007 zhyly ken aukymdy dalalyk zertteu barysynda Қazak gylymi zertteu institutynyn mәdeni mura mәseleleri bojynsha geomorfologiyalyk sipattamalar arkyly Қarasere mekeninde Қarasuyr Bulanty shajkasy bolgan zher anyktalady Ұlytau ajmagy bojynsha kazaktardyn zhongarlarmen shajkaskan zherlerin zertteu 2015 zhylga dejin zhalgasty Қazak handygynyn zhongarlarga karsy kүresiShajkas kartasy Bulanty shajkasynyn orny mynzhyldyk tarihy bar kazak halkynyn zhongar shapkynshylygyna karsy shajkasymen tikelej bajlanysty Bulanty shajkasynyn orny XVIII gasyrdyn birinshi zhartysynda kazak zhasagynyn zhongarlarmen kaktygystarynyn otken zheri Қazak zhүzderinin birigip baskynshylarga tojtarys bergen bul okiga kazak tarihyndagy ajtuly shajkas boldy Өkinishke oraj bul shajkastyn zhazbasha derekteri tabylgan zhok birak auyzdan auyzga zhetken folklor sondaj ak arheologiyalyk zhәne toponimikalyk derekterge sүjene otyryp galymdar bul zherdin kazak halkynyn tarihynda manyzy orasan zor bolgan shajkastyn ornalaskan zherin anyktady Kүrdeli tarihi kezen Zhalpy XVII gasyr sony XVIII gasyr basyndagy Қazak handygy zhongarlarga karsy kүresi kүrdeli tarihi kezen bolyp tabylady Atalgan kezen togysynda zhongarlar Zhetisu aumagyna sondaj ak Shu men Talas ozenderinin alkabyna basyp kiredi Osy kezende zhongarlar shamamen on mynga zhuyk kazaktardy tutkynga alady 1702 1703 zhyldary zhekelegen zhongarlardyn kaktygystaryna zhauap retinde kazak zhasaktary Zhongariyaga zhәne kalmaktarga karsy shabuyl zhasajdy Tәuke hannyn zhongar kontajshysymen diplomatiyalyk karym katynasyna karamastan 1708 zhyly kazaktarga zhongarlardyn zhekelegen shabuylyna tojtarys beruine tura keledi Sogys birneshe zhylga sozylady 1723 1725 zhyldary aumakty kenejtu zhәne kalpyna keltiru maksatynda zhongarlar Қazak handygynyn aumagyna birkatar shabuyldar zhasajdy 1723 zhyly zhongarlar birinshi bolyp Zhetisu men Ertis onirinin kazaktaryna sokky berdi Қazak auyz әdebietinde bul kezen Aktaban shubyryndy dep atalady Bul halyktyn kajgy kasireti zhoktau Elim aj әnimen tanylgan XVIII gasyrdyn 20 zhyldary kazaktar arasyndagy ala auyzdykty pajdalanyp zhongarlar kazak zherinin kop boligin zhaulap alady Ұlytau taulary men Balkash koli kazaktar men zhongarlardyn batys shekarasy bolyp zhongarlar kazak handygyn Tashkent Tүrkistan Sajram kalalarynyn koloner ortalyktary men bazarlarynan shettetedi Ordabasy zhiyny Zhongar shapkynshylygynan kazak halky үlken zardap shekti Koptegen zhajylym zherlerden ajyrylgan kazak halky men әr tүrli rular kauymdar zhana zherlerge koship konuga mәzhbүr bolady Osy zhagdajlardyn barlygy birkatar ajmaktardyn birigip zhauga karsylyk korsetuine әkelip sogady Ol үshin kogamdyk yntymaktastykpen kosa tanymal kazak batyrlary men atakty bileri үlken rol atkardy Қazaktardyn zhasagyn Қabanbaj Bogenbaj Malajsary Nauryzbaj Shakshak Zhәnibek zhәne t b batyrlar baskarady 1726 1727 zhyldary sultandar men biler zhauga karsy barlyk kazak rularyn biriktiredi 1726 zhyly kүzde Үsh zhүz kazaktary birigip Ordabasy zherinde zhiyn otkizedi Zhiynga Әbilkajyr Әbilmәmbet Sәmeke Kүshik Zholbarys siyakty sultandar atakty kolbasshylar men batyrlar katysady Bul zhiynda ajtylgan negizgi mәsele zhongarlarga tojtarys beru Қauip tonip turgan mezgilde kazak halkynyn arasyndagy ishinara tartys toktap үsh zhүzdin basy kosylyp zhauga karsy turu boldy Ordabasyda Әbilkajyr kazak zhasagynyn kolbasshysy bolyp sajlanady Қazaktardyn zhenisi 1727 zhyly Қarasuyr manyndagy Bulanty ozeninin zhagasynda үlken shajkas bolady Қazak zhauyngerleri zhongarlarga ajtarlyktaj tojtarys beredi Әbilkajyr bastagan 30000 kolmen kazak halky zhongarlarga zhojkyn sokky beredi Shajkas bolgan zherdi Қalmak kyrylgan dep atap ketedi Osylajsha Bulanty shajkasynyn tarihi manyzy kazaktardyn basyn biriktirip zhәne aumaktyk tutastygyn saktap kalu boldy Ұlytau tauynyn eteginde үsh zhүzdin okilderi zhinalyp endi kazak halkyn bolinbeuge bir zhennen kol bir zhagadan bas shygaryp birtutas halyk retinde biriguine shakyrady Ұlytau taularynyn eteginde kazaktardyn zhenis tojy tojlanady Shajkastyn tarihi manyzyҚazaktardyn zheniske zhetui olardyn ruhtarynyn koteriluine negiz bolady ozderinin kүshterine senip zheniske zhetuge degen senimderi artady Osy zhenisten kejin kazak zhasaktary karsy shabuylga koshedi 2015 zhyly Қazak handygynyn 550 zhyldygyna oraj Bulanty ozeni үjtas shatkalynda Bulanty shajkasyna arnap monument ornatylady Bulanty shajkasy otken aumak Ұlttyk tarihi mәdeni zhәne Ұlytau tabigi koryk muzejinin kuramyna kiredi Bul kazak kogamyndagy ozin ozi ujymdastyrudyn zhogargy dengejinin dәleli kajsarlygynyn zhenisi men tәuelsizdiginin simvoly Ortalyk Aziyadagy tүrki halyktarynyn zhongar shapkynshylygyna karsy kүresinde kazak halky үlken rol atkargandygynyn bejnesi bolyp tabylady ӘdebietterArtykbaev Zh O Bulanty shajkasy Қaragandy Poligrafiya 1998 63 b Bulantinskaya bitva Istoriya issledovanij Nauchno informacionnyj albom pod red B S Kozhahmetova E R Usmanovoj L N Pletnikovoj L A Sembinovoj Ulytau Nacionalnyj istoriko kulturnyj i prirodnyj zapovednik muzej Ulytau 2015 210 s Bajtukenov T Dokopalis do dzhungar Vremya Obshestvenno politicheskaya gazeta URL http www time kz news archive 2011 10 13 dokopalis dodzhungar Borba kazahskogo naroda protiv dzhungarskoj agressii Kalmakyrylgan Kazahstan Nacionalnaya enciklopediya Almaty Gl red Қazak enciklopediyasy 2005 T 3 558 s S 109 Shuptar V V Avalon Travel Guides Ulytau Turistskij putevoditel Karaganda Istoriko geograficheskoe obshestvo Avalon 2016 100 s DerekkozderҚazakstannyn kieli oryndarynyn geografiyasy Tabigat arheologiya etnografiya zhәne dini sәulet oneri nysandarynyn tizilimi Zhalpy redakciyasyn baskargan ҚR ҰҒA akademigi Bajtanaev B Ә Almaty Ә H Margulan atyndagy Arheologiya instituty 2017 1 shygarylym 904 b ISBN 978 601 7312 78 7
