Ақтан Керейұлы
Ақтан Керейұлы (1850 , қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы — 1912, сонда, Шибұлақ мекені) — ақын. Байұлы тайпасы Адай руының бөлімінен шыққан.
Атасы Абдолла ел аузында аңыз болып қалған айтулы атбегі. Ақтан Абыл, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жырлаулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, , Қоспақ, Жаскілең, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен бір жүріп, өнер таратады.
Шығармалары — өмір мәні туралы филос., ақыл-нақылдық терме, толғаулар (“ Аяғына қан түссе”, “Біріншіден не жаман” т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар (“Той бастар”, “Бата”). Ақтан адамгершілік пен адалдықты (“Біразырақ сөйлейін”, “Замана жайында”,“Тыңдасаңыз сөзімді”, “Қайыспас бұлан нар едім”) өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды (“Ерлік жыры”) жырлаған. “Қырымның қырық батыры” аталатын ерлік дастандардың бірқатары Атырау, Қарақалпақ аймағына Ақтан арқылы тараған. Қашаған, Нұрпейіс сынды ақындар бұл жырларды Ақтаннан үйренген. Ақтан жырлары ойнақы, ойлы да отты бейнелі сөздерге бай. Қазақстан, Орта Азия өңірлеріндегі жыршы, термешілер ақын жырларын “Ақтан сазы” дейтін өзіндік әуенмен орындайды.
Оның өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), Ақберен”(1972), “Өсиет-нама” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985 — 1989), “Жыр-Дария” (1995), “Абыл, Нұрым, Ақтаным” (1997) жинақтарында жарық көрген.
Дереккөздер
- Ақтан Керейұлы. Тексерілді, 10 ақпан 2021.
- Ақтан Керейұлы
- «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Ақтан Керейұлы туралы ақпарат, Ақтан Керейұлы дегеніміз не? Ақтан Керейұлы сөзі нені білдіреді?
Baska magynalar үshin Aktan degen betti karanyz Aktan Kerejuly 1850 kazirgi Aktobe oblysy Bajganin audany 1912 sonda Shibulak mekeni akyn Bajuly tajpasy Adaj ruynyn boliminen shykkan Atasy Abdolla el auzynda anyz bolyp kalgan ajtuly atbegi Aktan Abyl Nurym Marabaj dәstүrimen olendi kolma kol shygargan Ol Orynbor Zhajyk Ojyl Қiyl Zhem Sagyz Mangystau alkabyndagy elderdi aralap akyn zhyrlaularmen kezdesip zhiyn tojlarda toj bastap zhyr tolgajdy Nurym Қospak Zhaskilen Nurpejis siyakty akyn zhyraularmen bir zhүrip oner taratady Shygarmalary omir mәni turaly filos akyl nakyldyk terme tolgaular Ayagyna kan tүsse Birinshiden ne zhaman t b turmys salt takyrybyndagy zhyrlar Toj bastar Bata Aktan adamgershilik pen adaldykty Birazyrak sojlejin Zamana zhajynda Tyndasanyz sozimdi Қajyspas bulan nar edim oz shygarmalaryna arkau etip el mүddesi үshin kүresken batyrlardy Erlik zhyry zhyrlagan Қyrymnyn kyryk batyry atalatyn erlik dastandardyn birkatary Atyrau Қarakalpak ajmagyna Aktan arkyly taragan Қashagan Nurpejis syndy akyndar bul zhyrlardy Aktannan үjrengen Aktan zhyrlary ojnaky ojly da otty bejneli sozderge baj Қazakstan Orta Aziya onirlerindegi zhyrshy termeshiler akyn zhyrlaryn Aktan sazy dejtin ozindik әuenmen oryndajdy Onyn olen tolgaulary Ertedegi әdebiet nuskalary 1967 Akberen 1972 Өsiet nama 1982 Bes gasyr zhyrlajdy 1985 1989 Zhyr Dariya 1995 Abyl Nurym Aktanym 1997 zhinaktarynda zharyk korgen DerekkozderAktan Kerejuly Tekserildi 10 akpan 2021 Aktan Kerejuly Қazakstan ulttyk enciklopediyasy 10 tomdyk Almaty 1998 2007 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 096 6 Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz

