Уикипедия

Қали Жүніс моншасы

Қали Жүніс моншасыЖамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қала құрылыс және сәулет түріне жататын тарихи нысан.

image
Қали Жүніс моншасы

Орналасқан жері

Тараз қаласы, Байзақ батыр және Қазыбек би көшелерінің қиылысы.

Орнатылған кезеңі

XIXғасырдың соңы, XX ғасырдың басы.

Тарихи дерек, құрылыс сипаты

Монша Әулие-Ата қаласының тұрғыны – алғашқы меценат Қали Жүніс Маюсуповтың қаражаттарына салынған деп саналады. Әңгімелерге сүйенсек, Қали Жүніс Маюсупов өзінің инабаттылығымен, дархандығымен және кішіпейілділігімен аты шыққан ежелгі Тараздың меценат-көпестерінің бірі болған. Ол бұхар шеберлерінің қолмен жасайтын таңғажайып заттары туралы естіп, дәл сондай моншаны өз қаласында да салмақ болды. Монша құрылысы кезінде шығыс орта ғасырлық моншаларының сәулет композицияларының және жылыту жүйелерінің қағидалары пайдаланылған. Моншаның ішкі көрінісі фреска жазбасымен безендірілген. Жазба нақышы – геометриялық.
Қаланың көне тарихи орталығында тұрғын үйлердің қоршауында орналасқан монша бір қабатты, төбесінде үлкен әрі көлемді күмбездері бар. Беталды кіре беріс жағы Байзақ батыр көшесіне бағытталған. Күйген кірпіштен ортаазиялық ескі дәстүрлі әдіс қолданылып, тік қабырғалары жабық келіп, төбесіне күмбездер орналастырылған. 1986 жылы қалпына келтірілген монша бұрын ғылыми әдебиетте жазылып көрсетілмей келген. Моншаның бетәлпет жағы кірпіштермен өрнектеліп, қуыс аралықтары жылтыр етіп сыланған.

Монша құрылысы – кіре беріс бөлмеден, вестибюльден, демалатын бөлмеден, жуынатын орыннан, массаж жасалатын бүйірдегі бөлмелерден, жылыту бөлмесінен, ыстық және суық су сақталатын ыдысы бар орындармен байланысатын қуыстардан; ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуардан, қабырғаға жапсырыла орналасқан су ысыту қазанынан, ауласында құдығы бар тех. сектордан; жуынатын үш бөлмесі, олардан сыртқа шығып кететін арнайы есігі бар шағын пайдалану секторынан тұратын етіп жоспарланған. Моншаның құрылымы төбені жабудың аспалы – күмбездік әдіс жүйесі арқылы шешілген. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-қарсы орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы жүзеге асырылады. Үй көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын каналдардың қалталары арқылы жылытылады.
Құрылыстың жалпы ауданы 450 шаршы метр. Қабырғаларының биіктігі – 3 м, қалыңдығы – 0,8 м. Кейбір бөлмелердің күмбезіне дейінгі биіктігі шамамен 5-6 м-ді құрайды.
Ғимарат алғаш рет 1986 жылы реставрацияланған. 2001 жылы Тараздың мерейтойына қарсы Жамбылдық "Казреставрация" мамандары ғимаратты қайта қалпына келтіріп, ол қайтадан бұрынғы келбетті күйіне келді. Құрылыстың күмбездері толығымен қалпына келтірілді. Бүгінгі күні бұл бірегей кешен мұражай нысанына және туристтер үшін өте қызықты орынға айналды.

Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9-том
  2. Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Қали Жүніс моншасы туралы ақпарат, Қали Жүніс моншасы дегеніміз не? Қали Жүніс моншасы сөзі нені білдіреді?

Қali Zhүnis monshasy Zhambyl oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin kala kurylys zhәne sәulet tүrine zhatatyn tarihi nysan Қali Zhүnis monshasyOrnalaskan zheriTaraz kalasy Bajzak batyr zhәne Қazybek bi koshelerinin kiylysy Ornatylgan kezeniXIXgasyrdyn sony XX gasyrdyn basy Tarihi derek kurylys sipatyMonsha Әulie Ata kalasynyn turgyny algashky mecenat Қali Zhүnis Mayusupovtyn karazhattaryna salyngan dep sanalady Әngimelerge sүjensek Қali Zhүnis Mayusupov ozinin inabattylygymen darhandygymen zhәne kishipejildiligimen aty shykkan ezhelgi Tarazdyn mecenat kopesterinin biri bolgan Ol buhar sheberlerinin kolmen zhasajtyn tangazhajyp zattary turaly estip dәl sondaj monshany oz kalasynda da salmak boldy Monsha kurylysy kezinde shygys orta gasyrlyk monshalarynyn sәulet kompoziciyalarynyn zhәne zhylytu zhүjelerinin kagidalary pajdalanylgan Monshanyn ishki korinisi freska zhazbasymen bezendirilgen Zhazba nakyshy geometriyalyk Қalanyn kone tarihi ortalygynda turgyn үjlerdin korshauynda ornalaskan monsha bir kabatty tobesinde үlken әri kolemdi kүmbezderi bar Betaldy kire beris zhagy Bajzak batyr koshesine bagyttalgan Kүjgen kirpishten ortaaziyalyk eski dәstүrli әdis koldanylyp tik kabyrgalary zhabyk kelip tobesine kүmbezder ornalastyrylgan 1986 zhyly kalpyna keltirilgen monsha buryn gylymi әdebiette zhazylyp korsetilmej kelgen Monshanyn betәlpet zhagy kirpishtermen ornektelip kuys aralyktary zhyltyr etip sylangan Monsha kurylysy kire beris bolmeden vestibyulden demalatyn bolmeden zhuynatyn orynnan massazh zhasalatyn bүjirdegi bolmelerden zhylytu bolmesinen ystyk zhәne suyk su saktalatyn ydysy bar oryndarmen bajlanysatyn kuystardan ystyk zhәne suyk su saktalatyn үlken rezervuardan kabyrgaga zhapsyryla ornalaskan su ysytu kazanynan aulasynda kudygy bar teh sektordan zhuynatyn үsh bolmesi olardan syrtka shygyp ketetin arnajy esigi bar shagyn pajdalanu sektorynan turatyn etip zhosparlangan Monshanyn kurylymy tobeni zhabudyn aspaly kүmbezdik әdis zhүjesi arkyly sheshilgen Zharyk beru men zheldetkish kүmbezde karama karsy ornalaskan tesikter men үj kabyrgalarynyn arasyndagy kishkene kuystar arkyly zhүzege asyrylady Үj kone dәstүr bojynsha edennin astynan kyzdyratyn kanaldardyn kaltalary arkyly zhylytylady Қurylystyn zhalpy audany 450 sharshy metr Қabyrgalarynyn biiktigi 3 m kalyndygy 0 8 m Kejbir bolmelerdin kүmbezine dejingi biiktigi shamamen 5 6 m di kurajdy Ғimarat algash ret 1986 zhyly restavraciyalangan 2001 zhyly Tarazdyn merejtojyna karsy Zhambyldyk Kazrestavraciya mamandary gimaratty kajta kalpyna keltirip ol kajtadan buryngy kelbetti kүjine keldi Қurylystyn kүmbezderi tolygymen kalpyna keltirildi Bүgingi kүni bul biregej keshen murazhaj nysanyna zhәne turistter үshin ote kyzykty orynga ajnaldy DerekkozderҚazak Enciklopediyasy 9 tom Қazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық