Тоғылық Молда
Тоғылық молда, Байымбет Әбдірахманұлы (қыр. Тоголок Молдо, Байымбет Абдрахман уулу; 10.6.1860, Қырғыз Республикасы, Нарын облысы, , ауылы – 4.1.1942, сонда) – қырғыз ақыны, фольклортанушы. Диқаншы отбасында дүниеге келіп, атасы ақынның қолында тәрбиеленген. Жеті жасынан діни мектепте ескіше хат танып, 14 жасынан өлең шығара бастаған. Ер жете келе халық емшілігімен айналысқан, мұғалімдік қызмет атқарған. Жас кезінен-ақ махаббат тақырыбындағы өлеңдері мен әндері ел арасына тарады. 1890 ж. Тоқтағұл ақынды Кетпентөбедегі ауылына іздеп барып, оның үйінде үш ай бойы ақындық өнердің қыр-сырына қаныққан. Тоқтағұл, , , , , , т.б. қырғыздың халық ақындарымен, олардың шығарммен жақын таныс болған. Тоғолоқ молдо поэзиясының басым бөлігін о дүниелік болған адамның жарқын іс-әрекеттерін, ерлік істерін баяндайтын кошок (жоқтау) жанры құрайды. – қырғыз поэзиясындағы жоқтау үлгісіндегі көне жанрдың бірі. “Диқан әйелінің жоқтауы”, “Қалмерген әйелінің жоқтауы” атты жоқтауларында Тоғолоқ молдо қырғыз әйелінің ауыр тағдырын суреттеген. “Шалға берілген қыздың зары”, “Сатылған қыздың арызы”, т.б. өлеңдерінде әйел теңдігі тақырыбы көтерілген. Ақынның қырғыз халқының өміріне арналған “Қыз ойнындағы жыр”, “Жігіттің қызға айтқаны”, “Жігіттің келінге айтқаны” атты шығармалары ел арасына кең тараған. Ол “Үрпіқан”, “Алатау”, “Құстардың әңгімесі” (1908) поэмаларына әлеум. қайшылық мәселелерін арқау етеді. Тоғолоқ молдо халық ертегілері негізінде бірнеше дастан жазып, дәстүрлі сюжеттер мен жаңа өмір шындығын қабыстыра жырлаған. “Өзгеріс” (1918), “Еркіндік” (1919 – 23), “Насихат” (1925) поэмалары, “Сырым” (1939 – 40), “Бақыттымын” (1940), “Біз дайынбыз” (1941), “Біз жеңеміз” толғаулары жарық көрген. Тоғолоқ молдо шығармаларының бір саласы – мысал өлеңдер (тамсилдер). “Қасқыр мен түлкі”, “Бөденені түлкінің алдағаны”, “Қарға мен түлкі” туындыларынан фольклорлық сипат айқын байқалса, “Есек пен бұлбұл” жазба әдебиеттің әсерін тануға болады. Ол қырғыз халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен қатар, оларды өңдеп, қайта жырлаған. “Қыз Жібек”, “Баян сұлу”, “Бозжігіт” секілді ғашықтық жырларды орындаған. Тоғолоқ молдо есімі манасшы ретінде де кеңінен танымал. Тоғолоқ молдо поэзиясынан қазақ, татар әдебиетінің ықпалы айқын байқалады.

Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Тоғылық Молда туралы ақпарат, Тоғылық Молда дегеніміз не? Тоғылық Молда сөзі нені білдіреді?
Togylyk molda Bajymbet Әbdirahmanuly kyr Togolok Moldo Bajymbet Abdrahman uulu 10 6 1860 Қyrgyz Respublikasy Naryn oblysy auyly 4 1 1942 sonda kyrgyz akyny folklortanushy Dikanshy otbasynda dүniege kelip atasy akynnyn kolynda tәrbielengen Zheti zhasynan dini mektepte eskishe hat tanyp 14 zhasynan olen shygara bastagan Er zhete kele halyk emshiligimen ajnalyskan mugalimdik kyzmet atkargan Zhas kezinen ak mahabbat takyrybyndagy olenderi men әnderi el arasyna tarady 1890 zh Toktagul akyndy Ketpentobedegi auylyna izdep baryp onyn үjinde үsh aj bojy akyndyk onerdin kyr syryna kanykkan Toktagul t b kyrgyzdyn halyk akyndarymen olardyn shygarmmen zhakyn tanys bolgan Togolok moldo poeziyasynyn basym boligin o dүnielik bolgan adamnyn zharkyn is әreketterin erlik isterin bayandajtyn koshok zhoktau zhanry kurajdy kyrgyz poeziyasyndagy zhoktau үlgisindegi kone zhanrdyn biri Dikan әjelinin zhoktauy Қalmergen әjelinin zhoktauy atty zhoktaularynda Togolok moldo kyrgyz әjelinin auyr tagdyryn surettegen Shalga berilgen kyzdyn zary Satylgan kyzdyn aryzy t b olenderinde әjel tendigi takyryby koterilgen Akynnyn kyrgyz halkynyn omirine arnalgan Қyz ojnyndagy zhyr Zhigittin kyzga ajtkany Zhigittin kelinge ajtkany atty shygarmalary el arasyna ken taragan Ol Үrpikan Alatau Қustardyn әngimesi 1908 poemalaryna әleum kajshylyk mәselelerin arkau etedi Togolok moldo halyk ertegileri negizinde birneshe dastan zhazyp dәstүrli syuzhetter men zhana omir shyndygyn kabystyra zhyrlagan Өzgeris 1918 Erkindik 1919 23 Nasihat 1925 poemalary Syrym 1939 40 Bakyttymyn 1940 Biz dajynbyz 1941 Biz zhenemiz tolgaulary zharyk korgen Togolok moldo shygarmalarynyn bir salasy mysal olender tamsilder Қaskyr men tүlki Bodeneni tүlkinin aldagany Қarga men tүlki tuyndylarynan folklorlyk sipat ajkyn bajkalsa Esek pen bulbul zhazba әdebiettin әserin tanuga bolady Ol kyrgyz halkynyn auyz әdebieti үlgilerin zhinaumen katar olardy ondep kajta zhyrlagan Қyz Zhibek Bayan sulu Bozzhigit sekildi gashyktyk zhyrlardy oryndagan Togolok moldo esimi manasshy retinde de keninen tanymal Togolok moldo poeziyasynan kazak tatar әdebietinin ykpaly ajkyn bajkalady DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy 18 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet

