Уикипедия

Жайық қалашығы

Жайық қалашығыРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық қала орны.

Жайық қалашығы
image
Мәртебесі

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Қазіргі жері

image Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы

Басқаша атаулары

Шаған

Орналасуы

51°07′04″ с. е. 51°17′53″ ш. б. / 51.11778° с. е. 51.29806° ш. б. / 51.11778; 51.29806 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°07′04″ с. е. 51°17′53″ ш. б. / 51.11778° с. е. 51.29806° ш. б. / 51.11778; 51.29806 (G) (O) (Я) (T)

image
Жайық қалашығы (Қазақстан)
image
Жайық қалашығы

Орналасқан жері

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым, Жайық өзенінің 2-ші жайылма үсті террассасында орналасқан.

Зерттелуі, қала құрылысы дәстүрі

Батыс Қазақстанның қалалық мәдениеті бертінге дейін жеткілікті зерттелген жоқ. Осы кезге дейін Батыс Қазақстан тарихы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, отырықшылықты білмеген тайпалар тарихы ретінде қарастырылды. Алайда 2001-2002 жылдары Жайықтың оң жағалауында, Орал қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жердегі Ысқырық тауының етегіне жүргізілген зерттеулер кезінде көне қаланың орны табылған. Археологтар оны шартты түрде Жайық немесе Шаған қалашығы деп атады. Оның ешқандай жасанды қорғаныс құрылымы - дуал, қабырға, орлары болмаған. Шекара міндетін сайлар мен өзен жағалаулары атқарған.
Қала орнының аумағы шамамен 7-9 га. Қазба жұмыстары кезінде мұнда тұрғын жайлар табылған. Ал Жайық қалашығының орны мен басқа да аймақтардағы үйлердің құрылысының техникалық әдістерін, жобаларын салыстырған кезде Орал өзені алабындағы құрылыс мәдениетіне Хорезм мен Сырдария шұраттарының құрылыс дәстүрлерi көбiрек әсерi тигенiне көз жеттi.
Тұрғын үйлер жобасы XIII-XIV ғасырлардағы Үргеніш, Отырар, Түркістандаға тұрғын үйлерге ұқсас. Тек ішкі жағындағы кейбір заттардың орналасуында, жылу жүйесіндегі ерекшеліктерінде, құрылыс техникасы мен материалдарында айырмашылық байқалды.

Монша құрылысы

Жайық қалашығынан табылған қоғамдық құрылыстың ішіндегі монша құрылысы қызғылықты. Шығыс қалаларында моншаның орны бөлек болғаны белгілі. Олар адам көп баратынр мешіттен кейінгі орын болған. Көпшілік моншасының болуы қаланың жоғары мәртебесін білдірген. Жайық моншасына уақыты мен жобасы жағынан Отырар мен Қаялық моншалары ұқсайды. Алтын Орда қалалары арасында Бұлғар мен Бельджамен (Водянск қалашығының орны) қаласында да осыған ұқсас құрылыстар бар. Қазіргі уақытта Алтын Орда кезеңінің 20-дан астам моншасы белгілі.
XIII-XIV ғасырларда Азияның орасан зор аумағында көпшілік моншалар "типтік жобамен" салынды. Олардың құрылысына халықтың көп ғасырлық тәжірибесі ықпал етті. Моншаның орталық залы төрт немесе сегіз бұрышты жасалды. Оған шығыс және батыс жағынан жуынатын шағын бөлмелер жалғасып жатты. Олар еден асты жылу жүйесімен жылытылды. Жылу жүрген арналар ішкі бөлмелердің барлық сұпылары мен едендерінің астына орнатылған. Құрылыстың іргесі жерге тереңдете орнатылған. Жуынатын жерге су қыш құбырлар жүйесімен берілген. Ол темірқазанда жылытылып, ол жерден температурасы әртүрлі жуынатын бөлмелерге берілген. Ағынды су моншадан біраз қашық жердегі шұңқырға жалғанған құбырлар жүйесі арқылы шығарылған. Ғимарат күмбездермен жабылған.

Табылған заттар

Басқа қала орталықтарындағы сияқты Жайықта дақыш-құмыра кәсіпшілігі, шыны жасау, зергерлік, темір жасайтын, кірпіш күйдіретін қолөнерлер дамыды.
Қазба жұмыстарының негізгі материалы – қыш. Жылтырауықты немесе жылтырауықсыз ыдыстары, тұрмыстық және шаруашылық заттары Еділ бойы қалалары мен Сарайшық қыш ыдысына өте ұқсас. Қала орнынан XIV ғасыр бірінші жартысындағы тиындар табылған.
Қыш материалдары мен басқа да заттарға алдын ала жасалған сараптама бұл жерде XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда кезеңінде өте үлкен қала болған деп санауға мүмкіндік береді. Бұл жергілікті жердің табиғи жағдайымен де дәлелденеді. Қала орнынан шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан Меловые Горки ауылында, Жайық өзенінде Төменгіборлы және Жоғарғыборлы екі қайраң болған, олар өзеннен кешіп өтетін өткел міндетін атқарған. Стратегиялық жағынан соншалықты маңызды жерде, су шекарасында бұл жерден Ұлы Жібек жолының тармағының бірі өткендіктен де, әрине, ірі елді мекеннің болмауы мүмкін емес.

Қалалық қорым сипаты

image
Кіші кесене көрханасы едені.
image
Үлкен кесенедегі сыртқы тақта.
image
Үлкен кесенедегі бедері өсімдік текті сыртқы тақта.

Археологтар ежелгі Жайық қаласының қалдығы жанынан, шығысқа қарай 1,5 шақырым жерден, Ысқырық тауының жазық төбесі мен Жайық жайылма алқабынан қалалық қорым тапты. Онда бір кездерде ақсүйектердің молаларына қойылған кесенелер тұрған. Қазір ескі қорғандарға айналған. Қазақстан археологтары олардың екеуін аршып, зерттеді.
Қазба жұмыстары төртбұрышты күйген кірпіштерден тұрғызылып, жылтыр тақтатастармен қапталған екі бөлмелі кесене қалдығын анықтады. Бірінші бөлмеде оңтүстік және солтүстік қабырғаларды бойлай орнатылған екі сұпы болған. Мұнда қыздырылған орын іздері байқалады, үй жануарларының сүйектері көп табылған. Бірінші бөлме ғұрыптық құлшылық орны болуы керек. Кіреберісі оңтүстік-батысқа қаратылған. Археологтар кесененің іші-сыртын тазартқанда, көптеген төртбұрышты және тікбұрышты күйген кірпіштер мен бет жағында әйнегі бар түрлі көлемдегі тақталар табылған. Кесененің қасбеті нәрлеген кезде интерьеріне әйнекті және алтындатқан жазуы бар тақталар қолданылған. Үстінде күмбезі бар кесене бастапқыда сырт қарағанда тікбұрышты көрінетін (бұл XIII−XIV ғғ. кесенелерге тән). Кіреберіс қуысының ортасындағы есік арқылы зияратханаға (діни салттар жасалатын ғибадатхана) келіп кіруге болады. Одан әрі қарай қабір-көрхана кетеді, еденіне алтыбұрышты күйген кірпіш төселген.
Көрхананың ішінде жалғыз ғана қабір оның ортасында, солтүстік қабырғаның сұпы алдында тұр. Ол түгелдей тоналған. Тонаушылар тіпті мола сағанасына қаланған кірпіштерді де тасып әкеткен. Сондай-ақ жерленген мәйіт сүйектерінің көпшілігі жоқ. Тек бас сүйек, аяқ-қолдың ұзын жіліктері, жамбас сүйектері ғана табылған. Шұңқырдағы үйіндіден күйген кірпіш сынықтары, шіріген ағаш қалдықтар табылған. Сағана еденінің астындағы қабатында темір шақпақ, шегелер, кішкене қола сылдырмақтар, шағын темір пышақ, конус тәрізді темір бұйым табылған, сірә қоңырау болар.
Қазақстан далалары мен Орал аумағының барлығында XIII–XVII ғасырларға жататын шатырланып жабылып, күйген кірпіштен қаланған 20-ға дейін порталды кесенелер бар.
Ақсүйектер жерленген кесенелер сәулеті XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның, көбінесе Хорезм мен Арал маңы мұсылман орталықтарының әсеріне ұшыраған. Жайық қалашығы да, ондағы кесене мен қалалық қорым да осы кезеңнен қалған.

Қалашық туралы жазба деректер мен картографиялық материалдар

image
Жайық қалашығы. Ағылшын саяхатшысы капитан А. Дженкинсон 1562 жылы жасаған Московия және Тартария картасы.

Жайық қалашығын зерттеу барысында археологтарды бәрінен де қаланың дәл осы жерде болғандығы жөнінде тарихи жазба деректер бар ма деген сұрақ қызықтырды. Бұл үшін XIV-XV ғасырлардағы картографиялық материалдары зерттелді. Алтын Орданың ең толық картасы 1367 жылы италияндық көпестер ағайынды Франциско мен Доменико Пицигани жасаған карта болып табылады. Оған, оның ішінде, "Лаэтиден шығысқа қарай" (Еділ мен Орал арасында Каспий жағалауындағы қала) тағы бір қала жазумен белгіленген. Одан солтүстікке қарай екінші қаланың бейнесі атаусыз енгізілген. Мұнаралар суретінің үлкендігі мен онда желбіреген туларға қарағанда, бұл ірі экономикалық әрі әкімшілік орталық болғанға ұқсайды. Жайық өзеніндегі бірінші қаланы Сарайшыққа ұқсату едәуір сенімдірек болар. Сарайшықтан солтүстікке қарай өзеннің оң жағалауындағы екінші атаусыз қаланы Жайық қалашығы деуге әбден болады.
Бұл қала 1562 жылы, яғни ағайынды Пициганилердің картасынан екі жүз жыл өткеннен кейін Антоний Дженкинсон жасаған тағы бір танымал картада белгіленген деп жорамалдауға болады. Бұл картаны зерттеген ресейлік ғалым, академик Б. А. Рыбаков оның негізіне 1497 жылы "бүкіл Мәскеу мемлекетінің алғашқы орыс картасы" деген өте ерте құжат алынғандығын дәлелдеді. Онда Жайық өзенінің оң жағалауында Сарайшықтан жоғары, ұсақ белгімен Шакафни атты қала белгіленген. Жайық қалашығының ашылуы мен соңғы жылдардың археологиялық зерттеулері бұл мәселеге жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Дженкинсон мен ағайынды Пициганилердің карталарын мұқият салыстырған кезде ағылшын капитаны А. Дженкинсонның картасында екі түрлі қала белгіленгені анықталды. Біреуі − өзеннің оң жағалауында, екіншісі сол жағалауында орналасқан.
Ағылшын транскрипциясында бұрмалаушылық болуы әбден мүмкін, бұл картадағы көптеген атауларға тән жағдай. Жергілікті тұрғындар бұл қаланы Шаған (Чаган) деп атаған болуы керек. Бұған Жайық өзенінің бір саласының ежелгі Шаған атауын сақтап қалғандығы дәлел.
Каспийден Жайықтың арғы жағына дейін Жайық (Орал) жағалауымен жүретін "Орал сауда жолы" бұл аймақта қала өмірінің дамуына себепші болды. XII ғасырда османдық автор Эвлия Челеби өзінің өзен бойымен жасаған саяхатын суреттегенде, Жайық "жүздеген қала мен мыңдаған қамалдардың жанынан өтіп, ең соңында Каспийге құйылады" деуі тегін емес. Әрине, қалалық өмір аумағын олар асырып айтқан болар, археологтарға әлде де тауып, зерттеуді қажет ететін ежелгі қалалар мен елді мекендердің үйінділері туралы айтып отырған болу керек, алайда қазірдің өзінде-ақ Қазақстанның батысында Орал қаласына жақын Жайық өзенінде ортағасырларда қалалық мәдениеттің ірі өңірі болғандығы анық болып отыр.

Дереккөздер

  1. АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Жайық қалашығы туралы ақпарат, Жайық қалашығы дегеніміз не? Жайық қалашығы сөзі нені білдіреді?

Zhajyk kalashygy Respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin memlekettik tizimine engen ortagasyrlyk kala orny Zhajyk kalashygyMәrtebesiRespublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishiҚazirgi zheri Қazakstan Batys Қazakstan oblysyBaskasha ataularyShaganOrnalasuy51 07 04 s e 51 17 53 sh b 51 11778 s e 51 29806 sh b 51 11778 51 29806 G O Ya Koordinattar 51 07 04 s e 51 17 53 sh b 51 11778 s e 51 29806 sh b 51 11778 51 29806 G O Ya T Zhajyk kalashygy Қazakstan Zhajyk kalashygyOrnalaskan zheriBatys Қazakstan oblysy Oral kalasynan ontүstik shygyska karaj 12 shakyrym Zhajyk ozeninin 2 shi zhajylma үsti terrassasynda ornalaskan Zerttelui kala kurylysy dәstүriBatys Қazakstannyn kalalyk mәdenieti bertinge dejin zhetkilikti zerttelgen zhok Osy kezge dejin Batys Қazakstan tarihy koshpeli mal sharuashylygymen ajnalyskan otyrykshylykty bilmegen tajpalar tarihy retinde karastyryldy Alajda 2001 2002 zhyldary Zhajyktyn on zhagalauynda Oral kalasynan ontүstikke karaj 8 km zherdegi Yskyryk tauynyn etegine zhүrgizilgen zertteuler kezinde kone kalanyn orny tabylgan Arheologtar ony shartty tүrde Zhajyk nemese Shagan kalashygy dep atady Onyn eshkandaj zhasandy korganys kurylymy dual kabyrga orlary bolmagan Shekara mindetin sajlar men ozen zhagalaulary atkargan Қala ornynyn aumagy shamamen 7 9 ga Қazba zhumystary kezinde munda turgyn zhajlar tabylgan Al Zhajyk kalashygynyn orny men baska da ajmaktardagy үjlerdin kurylysynyn tehnikalyk әdisterin zhobalaryn salystyrgan kezde Oral ozeni alabyndagy kurylys mәdenietine Horezm men Syrdariya shurattarynyn kurylys dәstүrleri kobirek әseri tigenine koz zhetti Turgyn үjler zhobasy XIII XIV gasyrlardagy Үrgenish Otyrar Tүrkistandaga turgyn үjlerge uksas Tek ishki zhagyndagy kejbir zattardyn ornalasuynda zhylu zhүjesindegi erekshelikterinde kurylys tehnikasy men materialdarynda ajyrmashylyk bajkaldy Monsha kurylysy Zhajyk kalashygynan tabylgan kogamdyk kurylystyn ishindegi monsha kurylysy kyzgylykty Shygys kalalarynda monshanyn orny bolek bolgany belgili Olar adam kop baratynr meshitten kejingi oryn bolgan Kopshilik monshasynyn boluy kalanyn zhogary mәrtebesin bildirgen Zhajyk monshasyna uakyty men zhobasy zhagynan Otyrar men Қayalyk monshalary uksajdy Altyn Orda kalalary arasynda Bulgar men Beldzhamen Vodyansk kalashygynyn orny kalasynda da osygan uksas kurylystar bar Қazirgi uakytta Altyn Orda kezeninin 20 dan astam monshasy belgili XIII XIV gasyrlarda Aziyanyn orasan zor aumagynda kopshilik monshalar tiptik zhobamen salyndy Olardyn kurylysyna halyktyn kop gasyrlyk tәzhiribesi ykpal etti Monshanyn ortalyk zaly tort nemese segiz buryshty zhasaldy Ogan shygys zhәne batys zhagynan zhuynatyn shagyn bolmeler zhalgasyp zhatty Olar eden asty zhylu zhүjesimen zhylytyldy Zhylu zhүrgen arnalar ishki bolmelerdin barlyk supylary men edenderinin astyna ornatylgan Қurylystyn irgesi zherge terendete ornatylgan Zhuynatyn zherge su kysh kubyrlar zhүjesimen berilgen Ol temirkazanda zhylytylyp ol zherden temperaturasy әrtүrli zhuynatyn bolmelerge berilgen Agyndy su monshadan biraz kashyk zherdegi shunkyrga zhalgangan kubyrlar zhүjesi arkyly shygarylgan Ғimarat kүmbezdermen zhabylgan Tabylgan zattar Baska kala ortalyktaryndagy siyakty Zhajykta dakysh kumyra kәsipshiligi shyny zhasau zergerlik temir zhasajtyn kirpish kүjdiretin kolonerler damydy Қazba zhumystarynyn negizgi materialy kysh Zhyltyrauykty nemese zhyltyrauyksyz ydystary turmystyk zhәne sharuashylyk zattary Edil bojy kalalary men Sarajshyk kysh ydysyna ote uksas Қala ornynan XIV gasyr birinshi zhartysyndagy tiyndar tabylgan Қysh materialdary men baska da zattarga aldyn ala zhasalgan saraptama bul zherde XIII XIV gasyrlarda Altyn Orda kezeninde ote үlken kala bolgan dep sanauga mүmkindik beredi Bul zhergilikti zherdin tabigi zhagdajymen de dәleldenedi Қala ornynan shygyska karaj 3 km zherde ornalaskan Melovye Gorki auylynda Zhajyk ozeninde Tomengiborly zhәne Zhogargyborly eki kajran bolgan olar ozennen keship otetin otkel mindetin atkargan Strategiyalyk zhagynan sonshalykty manyzdy zherde su shekarasynda bul zherden Ұly Zhibek zholynyn tarmagynyn biri otkendikten de әrine iri eldi mekennin bolmauy mүmkin emes Қalalyk korym sipaty Kishi kesene korhanasy edeni Үlken kesenedegi syrtky takta Үlken kesenedegi bederi osimdik tekti syrtky takta Arheologtar ezhelgi Zhajyk kalasynyn kaldygy zhanynan shygyska karaj 1 5 shakyrym zherden Yskyryk tauynyn zhazyk tobesi men Zhajyk zhajylma alkabynan kalalyk korym tapty Onda bir kezderde aksүjekterdin molalaryna kojylgan keseneler turgan Қazir eski korgandarga ajnalgan Қazakstan arheologtary olardyn ekeuin arshyp zerttedi Қazba zhumystary tortburyshty kүjgen kirpishterden turgyzylyp zhyltyr taktatastarmen kaptalgan eki bolmeli kesene kaldygyn anyktady Birinshi bolmede ontүstik zhәne soltүstik kabyrgalardy bojlaj ornatylgan eki supy bolgan Munda kyzdyrylgan oryn izderi bajkalady үj zhanuarlarynyn sүjekteri kop tabylgan Birinshi bolme guryptyk kulshylyk orny boluy kerek Kireberisi ontүstik batyska karatylgan Arheologtar kesenenin ishi syrtyn tazartkanda koptegen tortburyshty zhәne tikburyshty kүjgen kirpishter men bet zhagynda әjnegi bar tүrli kolemdegi taktalar tabylgan Kesenenin kasbeti nәrlegen kezde intererine әjnekti zhәne altyndatkan zhazuy bar taktalar koldanylgan Үstinde kүmbezi bar kesene bastapkyda syrt karaganda tikburyshty korinetin bul XIII XIV gg kesenelerge tәn Kireberis kuysynyn ortasyndagy esik arkyly ziyarathanaga dini salttar zhasalatyn gibadathana kelip kiruge bolady Odan әri karaj kabir korhana ketedi edenine altyburyshty kүjgen kirpish toselgen Korhananyn ishinde zhalgyz gana kabir onyn ortasynda soltүstik kabyrganyn supy aldynda tur Ol tүgeldej tonalgan Tonaushylar tipti mola saganasyna kalangan kirpishterdi de tasyp әketken Sondaj ak zherlengen mәjit sүjekterinin kopshiligi zhok Tek bas sүjek ayak koldyn uzyn zhilikteri zhambas sүjekteri gana tabylgan Shunkyrdagy үjindiden kүjgen kirpish synyktary shirigen agash kaldyktar tabylgan Sagana edeninin astyndagy kabatynda temir shakpak shegeler kishkene kola syldyrmaktar shagyn temir pyshak konus tәrizdi temir bujym tabylgan sirә konyrau bolar Қazakstan dalalary men Oral aumagynyn barlygynda XIII XVII gasyrlarga zhatatyn shatyrlanyp zhabylyp kүjgen kirpishten kalangan 20 ga dejin portaldy keseneler bar Aksүjekter zherlengen keseneler sәuleti XIII gasyrdyn ekinshi zhartysy men XIV gasyrdagy Orta Aziya men Қazakstannyn kobinese Horezm men Aral many musylman ortalyktarynyn әserine ushyragan Zhajyk kalashygy da ondagy kesene men kalalyk korym da osy kezennen kalgan Қalashyk turaly zhazba derekter men kartografiyalyk materialdarZhajyk kalashygy Agylshyn sayahatshysy kapitan A Dzhenkinson 1562 zhyly zhasagan Moskoviya zhәne Tartariya kartasy Zhajyk kalashygyn zertteu barysynda arheologtardy bәrinen de kalanyn dәl osy zherde bolgandygy zhoninde tarihi zhazba derekter bar ma degen surak kyzyktyrdy Bul үshin XIV XV gasyrlardagy kartografiyalyk materialdary zertteldi Altyn Ordanyn en tolyk kartasy 1367 zhyly italiyandyk kopester agajyndy Francisko men Domeniko Picigani zhasagan karta bolyp tabylady Ogan onyn ishinde Laetiden shygyska karaj Edil men Oral arasynda Kaspij zhagalauyndagy kala tagy bir kala zhazumen belgilengen Odan soltүstikke karaj ekinshi kalanyn bejnesi atausyz engizilgen Munaralar suretinin үlkendigi men onda zhelbiregen tularga karaganda bul iri ekonomikalyk әri әkimshilik ortalyk bolganga uksajdy Zhajyk ozenindegi birinshi kalany Sarajshykka uksatu edәuir senimdirek bolar Sarajshyktan soltүstikke karaj ozennin on zhagalauyndagy ekinshi atausyz kalany Zhajyk kalashygy deuge әbden bolady Bul kala 1562 zhyly yagni agajyndy Piciganilerdin kartasynan eki zhүz zhyl otkennen kejin Antonij Dzhenkinson zhasagan tagy bir tanymal kartada belgilengen dep zhoramaldauga bolady Bul kartany zerttegen resejlik galym akademik B A Rybakov onyn negizine 1497 zhyly bүkil Mәskeu memleketinin algashky orys kartasy degen ote erte kuzhat alyngandygyn dәleldedi Onda Zhajyk ozeninin on zhagalauynda Sarajshyktan zhogary usak belgimen Shakafni atty kala belgilengen Zhajyk kalashygynyn ashyluy men songy zhyldardyn arheologiyalyk zertteuleri bul mәselege zhanasha karauga mүmkindik berdi Dzhenkinson men agajyndy Piciganilerdin kartalaryn mukiyat salystyrgan kezde agylshyn kapitany A Dzhenkinsonnyn kartasynda eki tүrli kala belgilengeni anyktaldy Bireui ozennin on zhagalauynda ekinshisi sol zhagalauynda ornalaskan Agylshyn transkripciyasynda burmalaushylyk boluy әbden mүmkin bul kartadagy koptegen ataularga tәn zhagdaj Zhergilikti turgyndar bul kalany Shagan Chagan dep atagan boluy kerek Bugan Zhajyk ozeninin bir salasynyn ezhelgi Shagan atauyn saktap kalgandygy dәlel Kaspijden Zhajyktyn argy zhagyna dejin Zhajyk Oral zhagalauymen zhүretin Oral sauda zholy bul ajmakta kala omirinin damuyna sebepshi boldy XII gasyrda osmandyk avtor Evliya Chelebi ozinin ozen bojymen zhasagan sayahatyn surettegende Zhajyk zhүzdegen kala men myndagan kamaldardyn zhanynan otip en sonynda Kaspijge kujylady deui tegin emes Әrine kalalyk omir aumagyn olar asyryp ajtkan bolar arheologtarga әlde de tauyp zertteudi kazhet etetin ezhelgi kalalar men eldi mekenderdin үjindileri turaly ajtyp otyrgan bolu kerek alajda kazirdin ozinde ak Қazakstannyn batysynda Oral kalasyna zhakyn Zhajyk ozeninde ortagasyrlarda kalalyk mәdeniettin iri oniri bolgandygy anyk bolyp otyr DerekkozderALTAJDAN KASPIJGE DEJIN ҚAZAҚSTANNYҢ TABIҒI TARIHI ZhӘNE MӘDENI ESKERTKIShTERI MEN KӨRNEKTI ORYNDARYNYҢ ATLASY 3 tomdyk Almaty 2011 3 t 476 b kartalar suretter ISBN 978 601 280 215 3 ISBN 978 601 280 218 4

NiNa.Az

NiNa.Az - Ақпарат пен мазмұнмен тәулік бойы бөлісетін толықтай тегін жүйе.
Қарап көріңіз
Жабық