Алахай Беки
Алахай Беки (шамамен 1191 – 1230 жылдан кейін) — Шыңғыс хан мен оның бәйбішесі Бөртеден туған үшінші қызы. Ол әкесі 1215 жылы Моңғол үстіртіне қайта оралғаннан кейін, Қытайдың жаулап алынған территорияларында регент ретінде билік жүргізген.
| Алахай Беки | |
| Туған күні | 1191 |
|---|---|
| Қайтыс болған күні | 1230 |
| Азаматтығы | Моңғол империясы |
| Әкесі | Шыңғыс хан |
| Анасы | Бөрте |
| Жұбайы | Жиңүй |
| Отбасы | Бөржігін |
Өмірбаяны
1206 жылы Шыңғыс ханның одақтасы болған Оңғұттар оның ұлы Құрылтайына қатысып, өз жерлерінен сыйлықтар алып келген. Олардың адалдығы үшін Алахай Оңғұт көсемі Алақұштың туысына, бәлкім ұлына, ұзатылған. Ол шамамен он алты жасында Гоби шөлінің оңтүстігіне, жартылай көшпелі өмір сүретін Оңғұттардың жеріне барған. Бұл Шыңғыс ханға Гобиден тыс, халқы көп, отырықшы патшалықтар орналасқан аймақтарға тірек нүктесін берді. Алахай Беки моңғолдарға оңтүстікке келген сайын ат пен азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды.
1211 жылы Оңғұттар Алахайға қарсы көтеріліс жасап, оны өлтіруге тырысқан. Ол қашып құтылған, бірақ күйеуі мен басқа да жақтастары өлтірілген. Ол екі өгей ұлын ертіп Моңғол армиясына барған. Шыңғыс хан содан кейін өзінің әскерінің бір бөлігін оған қосып жіберіп, көтеріліс басып-жаншылған. Шыңғыс хан кек ретінде Оңғұт еркектерін жаппай қырып-жоюды жоспарлағанымен, Алахай оны тек күйеуін өлтіргендерді жазалауға көндірген. Осыдан кейін Алахай өзінің өгей ұлы Жиңүйге тұрмысқа шыққан және Оңғұттар оған және Шыңғыс ханға адал болып қала берген.
Ол сонымен қатар, әкесі 1215 жылы Моңғол үстіртіне шегінгеннен кейін жаулап алынған Қытай территорияларында билікті басқаруға қалдырылған. Шыңғыс хан оған «Мемлекетті басқаратын ханшайым» деген атақ берген. Ол әкесінің жорықтарына үнемі әскер жіберіп отырған.
1212 жылы Жиңүй қайтыс болған соң, ол басқа өгей ұлы Бояохэге тұрмысқа шыққан. Олардан Нөгүдей және Чақұ есімді ұлдары туған. Нөгүдей 1230 жылдары шайқаста қаза тапқан. Осыдан кейін ол немерелерінің мүдделерін алға тарту үшін оларға Бөржігін руынан қыз алып беру арқылы одақтар жасаған.
Алахай сауаттылықты насихаттаған және қытайлық елшінің айтуынша, күн сайын кітап оқитын болған. Әсіресе, ол медицина мен діни мәтіндерге қызыққан. Алахайдың Мөңке есімді жиені болған.
Дереккөздер
- McLynn Frank Genghis Khan: The Man Who Conquered the World — Random.
- Weatherford Jack The Secret History of the Mongol Queens: How the Daughters of Genghis Khan Rescued His Empire — Crown Publishing Group, 2010.
- Women in power
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, seks, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер, Алахай Беки туралы ақпарат, Алахай Беки дегеніміз не? Алахай Беки сөзі нені білдіреді?
Alahaj Beki shamamen 1191 1230 zhyldan kejin Shyngys han men onyn bәjbishesi Borteden tugan үshinshi kyzy Ol әkesi 1215 zhyly Mongol үstirtine kajta oralgannan kejin Қytajdyn zhaulap alyngan territoriyalarynda regent retinde bilik zhүrgizgen Alahaj BekiTugan kүni1191 1191 Қajtys bolgan kүni1230 1230 AzamattygyMongol imperiyasyӘkesiShyngys hanAnasyBorteZhubajyZhinүjOtbasyBorzhiginӨmirbayany1206 zhyly Shyngys hannyn odaktasy bolgan Onguttar onyn uly Қuryltajyna katysyp oz zherlerinen syjlyktar alyp kelgen Olardyn adaldygy үshin Alahaj Ongut kosemi Alakushtyn tuysyna bәlkim ulyna uzatylgan Ol shamamen on alty zhasynda Gobi sholinin ontүstigine zhartylaj koshpeli omir sүretin Onguttardyn zherine bargan Bul Shyngys hanga Gobiden tys halky kop otyrykshy patshalyktar ornalaskan ajmaktarga tirek nүktesin berdi Alahaj Beki mongoldarga ontүstikke kelgen sajyn at pen azyk tүlikpen kamtamasyz etip otyrdy 1211 zhyly Onguttar Alahajga karsy koterilis zhasap ony oltiruge tyryskan Ol kashyp kutylgan birak kүjeui men baska da zhaktastary oltirilgen Ol eki ogej ulyn ertip Mongol armiyasyna bargan Shyngys han sodan kejin ozinin әskerinin bir boligin ogan kosyp zhiberip koterilis basyp zhanshylgan Shyngys han kek retinde Ongut erkekterin zhappaj kyryp zhoyudy zhosparlaganymen Alahaj ony tek kүjeuin oltirgenderdi zhazalauga kondirgen Osydan kejin Alahaj ozinin ogej uly Zhinүjge turmyska shykkan zhәne Onguttar ogan zhәne Shyngys hanga adal bolyp kala bergen Ol sonymen katar әkesi 1215 zhyly Mongol үstirtine shegingennen kejin zhaulap alyngan Қytaj territoriyalarynda bilikti baskaruga kaldyrylgan Shyngys han ogan Memleketti baskaratyn hanshajym degen atak bergen Ol әkesinin zhoryktaryna үnemi әsker zhiberip otyrgan 1212 zhyly Zhinүj kajtys bolgan son ol baska ogej uly Boyaohege turmyska shykkan Olardan Nogүdej zhәne Chaku esimdi uldary tugan Nogүdej 1230 zhyldary shajkasta kaza tapkan Osydan kejin ol nemerelerinin mүddelerin alga tartu үshin olarga Borzhigin ruynan kyz alyp beru arkyly odaktar zhasagan Alahaj sauattylykty nasihattagan zhәne kytajlyk elshinin ajtuynsha kүn sajyn kitap okityn bolgan Әsirese ol medicina men dini mәtinderge kyzykkan Alahajdyn Monke esimdi zhieni bolgan DerekkozderMcLynn Frank Genghis Khan The Man Who Conquered the World Random Weatherford Jack The Secret History of the Mongol Queens How the Daughters of Genghis Khan Rescued His Empire Crown Publishing Group 2010 Women in power
